Об утверждении перечня болезней животных, при которых производятся обязательное обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, представляющих опасность для здоровья животных и человека
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня болезней животных, при которых производятся обязательное обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, представляющих опасность для здоровья животных и человека
- Атауы (қаз.)
- Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18-03/127
- Қабылданған күні
- 28.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.03.2016 AI65118_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007590
- ЭКБ идентификаторы
- 65118
- Редакция идентификаторы
- AI65118_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:42
0
Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн бекіту туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 30 бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 18-03/127 бұйрығына
қосымша
Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi
1 1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ ұшалары залалсыздандырылатын (зарарсыздандырылатын) аурулар:
1
1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – цистицеркоз (аумағы 40 шаршы сантиметр ет кесіндісінде 3-тен артық емес цистицеркпен зақымданған), бруцеллез (ұсақ мал; ветеринариялық-санитариялық бағалау қорытындылары бойынша – ірі қара мал, шошқа, түйе, жылқы)*, туберкулез (ветеринариялық-санитариялық бағалау қорытындылары бойынша)*, Ауески ауруы (ветеринариялық-санитариялық бағалау қорытындылары бойынша)*, везикулярлі стоматит, лейкоз (ветеринариялық-санитариялық бағалау қорытындылары бойынша)*, лептоспироз, листериоз, пастереллез, паратуберкулез, кампилобактериоз, фузариотоксикоз, ку қызбасы;
Ескертпе: * ветеринариялық-санитариялық бағалау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.