Об утверждении перечня болезней животных, при которых производятся обязательное обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, представляющих опасность для здоровья животных и человека
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня болезней животных, при которых производятся обязательное обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, представляющих опасность для здоровья животных и человека
- Атауы (қаз.)
- Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18-03/127
- Қабылданған күні
- 28.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.03.2016 AI65118_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007590
- ЭКБ идентификаторы
- 65118
- Редакция идентификаторы
- AI65118_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:42
0
Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн бекіту туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 30 бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 18-03/127 бұйрығына
қосымша
Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi
1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ ұшалары залалсыздандырылатын (зарарсыздандырылатын) аурулар:
1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – цистицеркоз (аумағы 40 шаршы сантиметр ет кесіндісінде 3-тен артық емес цистицеркпен зақымданған), бруцеллез (ұсақ мал; ветеринариялық-санитариялық бағалау қорытындылары бойынша – ірі қара мал, шошқа, түйе, жылқы)*, туберкулез (ветеринариялық-санитариялық бағалау қорытындылары бойынша)*, Ауески ауруы (ветеринариялық-санитариялық бағалау қорытындылары бойынша)*, везикулярлі стоматит, лейкоз (ветеринариялық-санитариялық бағалау қорытындылары бойынша)*, лептоспироз, листериоз, пастереллез, паратуберкулез, кампилобактериоз, фузариотоксикоз, ку қызбасы;
Ескертпе: * ветеринариялық-санитариялық бағалау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.