Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к виду деятельности по разработке и реализации (в том числе иной передаче) средств криптографической защиты информации

Қаулы · № 440 · қабылданған 10.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65135/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к виду деятельности по разработке и реализации (в том числе иной передаче) средств криптографической защиты информации Күшін жойған Қаулы ·№ 440 ·10.04.2012
06.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к виду деятельности по разработке и реализации (в том числе иной передаче) средств криптографической защиты информации

Күшін жойған Қаулы ·№ 440 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к виду деятельности по разработке и реализации (в том числе иной передаче) средств криптографической защиты информации
Атауы (қаз.)
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
440
Қабылданған күні
10.04.2012
Көрсетілген редакция
06.03.2013 AI65135_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000440
ЭКБ идентификаторы
65135
Редакция идентификаторы
AI65135_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:34

0 Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Қоса беріліп отырған ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1160 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 535-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 10 сәуірдегі
№ 440 қаулысымен
бекітілген
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (бұдан әрі – АКҚҚ) әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызмет қызметтің мынадай кіші түрлерін:

1 1) АКҚҚ-ны әзірлеуді;

2 2) АКҚҚ-ны өткізуді (оның ішінде өзге де беру) қамтиды.

2 2. Осы біліктілік талаптарының әрекеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғауға байланысты қызметке қолданылмайды.

3 3. АККҚ-ны әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) жоғары техникалық білімі бар маманның;

2 2) мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін жеке меншігінде немесе өзге заңды негіздегі арнайы бөлінген үй-жайдың болуын қамтиды.

Бұл ретте үй-жай күзет және өрт сигналдары жүйелерімен оларды тәулік бойы күзет пультіне қоса отырып жабдықталуы тиіс.

4 4. АКҚҚ-ны әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай қосымша біліктілік талаптары белгіленеді:

1 1) АКҚҚ-ны және олардың құжаттамаларын сақтау үшін арнайы бөлінген үй-жайда кемінде бір мөрленетін темір шкафтың болуы;

2 2) біліктілік сынақтың нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын мәлімделген тұлғалардың білім деңгейін бағалауды.

АКҚҚ саласындағы біліктілік сынақтарын тапсыру үшін сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді.

Қолданыстағы