Об утверждении Правил перемещения осужденных к лишению свободы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил перемещения осужденных к лишению свободы
- Атауы (қаз.)
- Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 185
- Қабылданған күні
- 30.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2015 AI65147_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007604
- ЭКБ идентификаторы
- 65147
- Редакция идентификаторы
- AI65147_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:40
0 Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 71-бабының 6-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасы бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б. Бердалин):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алдағы уақытта ресми жариялауды;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасы
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 185 бұйрығымен
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексіне (бұдан әрі - ҚАК) сәйкес әзірленді және бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелеріне (бұдан әрі - ТМ) орналастыру тәртібін айқындайды.
2 2. Сотталғандарды бір ТМ-нен басқаға орнын ауыстыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖК) нұсқауы бойынша:
1 1) сот актілері;
2 2) сотталғанды денсаулық жағдайына байланысты орнын ауыстыру туралы ТМ-нің сұрауы;
3 3) сотталғанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ТМ қорытындысы;
4 4) ТМ-ді қайта құру туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Сотталғанды денсаулық жағдайына байланысты орнын ауыстыру туралы ТМ сұрауына ауру тарихынан үзінді қоса беріледі.
4
4. Қылмыспен күресте және құқықтық тәртіпті сақтауда, ТМ-де сотталғанның өміріне қауіп төнген жағдайда, сондай-ақ сотталғандарды ұстау режимінің тәртібін қасақана бұзған жағдайда көмек көрсететін адамдарды оқшаулау үшін сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ТМ-нің қорытындысы қабылданады.