Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек в населенных пунктах Аккольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек в населенных пунктах Аккольского района
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және қыдырту ережелелін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С 2-5
- Қабылданған күні
- 19.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2012 65156_189742.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BC000179
- ЭКБ идентификаторы
- 65156
- Редакция идентификаторы
- 65156_189742
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:48
0 Ақкөл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және қыдырту ережелелін бекіту туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы” Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 3 бабы 2 тармағына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 1/8-246 хатының негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақкөл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және қыдырту ережелері бекітілсін.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі А.С.Үйсімбаев
«Ақкөл ауданының
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы С. Қанатов
«Қазақстан Республикасының
ішкі істер
Министрлігі Ақмола облысының
Ішкі істер
Департаменті Ақкөл ауданының
ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.С. Назаров
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі мемлекеттік
санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің
Ақмола облысы бойынша
департаментінің
Ақкөл ауланы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы М.Г. Семеренко
3 Ақкөл аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ С 2 – 5 шешімімен
бекітілген
Ақкөл ауданының елді мекендерінде иттер мен
мысықтарды ұстау және қыдырту Ережелері
1 1 тарау. Жалпы ереже
1 1. Ақкөл ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және қыдырту Ережелері (әрі қарай - Ережелер) Ақкөл ауданы аумағында иттер мен мысықтардың ұстауын және қыдыртуын регламенттеу мақсатымен әзірленген.
2 2. Ережелер, меншік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға бірдей таратылады. Ерекшелікті тек қызметтік иттері бар құқық қорғау органдары мен тәлімбақтар құрайды.
3 3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленген.
2 2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау жағдайлары
4 4. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелерiне санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерiн сақтау керек.
5 5. Көпқабатты үйлердiң қоғамдық орындарында (баспалдақ торларында, жер қабаттарында, дәлiздерде) сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттердi ұстауға тыйым салынады.
6 6. Жеке үй иелерiне иттердi ұстау олардың қашып кетпеуiн және үйдiң шекарасында ұстауды қадағалау. Үй ауласына кiреберiсiнде, дарбазада иттер бар екендiгi туралы белгi болуы тиiс.
7
7. Қоғамдық орындарда иесiз жүрген иттер мен мысықтар (көшелерде, үй аулаларында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда), кәсiпорындар мен мекемелерде иесi байлап кеткен жануарлардан басқасы, қаңғыбас деп есептеледi және қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтерiмен мiндеттi аулауға жатады.
Бақылаусыз қалған иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
8 8. Иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, ветеринарлық паспорттар мен нөмірлер беру жолымен сәйкестіндiру шараларынан өтеді.
3 3 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртiбi
9 9. Иттер мен мысықтардың иелерi заңды мәртебесiне және меншiк нысанына қарамастан:
1 1) иттер мен мысықтардың ұстауын осы Ережелердiң талаптарына сәйкес қамтамасыз етедi;
2 2) қоршағандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, санитарлық ережелерiн сақтау үшiн қажеттi шараларды қолдайды;
3 3) иттер мен мысықтарды қыдыртқанда пайда болған жалпыға ортақ қолданылатын және басқа да ластанған қоғамдық орындарды тазартады;
4 4) жануарды егу, қарау және ұстауға байланысты шығындарын осыларды жүзеге асырған органдардың барлық шығындарын өтейдi;
5
5) жануарлармен тiстелген сонымен қатар жануарлардың қапыда жұт болған барлық жағдайлар жөнiнде селолық округтiң ветеринарлық инспекторын немесе ветеринарлық қадағалау бөлiмiн және денсаулық сақтау органдарын хабарландырады; ауруға күмән болған жағдайда, ветеринарлық қызметiнiң мамандары келгенше, жануарды жеке ұстау, немесе жануарды қоғамдық көлiктi қолданбай мал дәрiгерiне жеткiзуi тиiс;
6 6) құлаған жануарлардың өлекселерi мал қорымдарында өртеуге, немесе өлексе жағатын пештерде өртеуге мiндеттi;
7 7) ветеринарлық қызметкерлерге жануарларды диагностикалық зерттеу және вакцинация мен дегельминтизацияны өткiзу үшiн олардың талабы бойынша бередi.
10 10. Жануарлардың құтыру ауруға шалдыққан күдiктi фактiсi анықталған жағдайда, осы инфекцияға қарсы бұрын идентификация және иммунизация процедураларын өтпегенде-оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынады және жойылады.
4 4 тарау. Иттер мен мысықтарды қыдырту тәртiбi
11 11. Жануарларды қыдырта жүрiп, олардың иелерi мына ережелердi ұстану керек:
1 1) иттердi аулада, балалар алаңдарында, мектеп аулаларында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде қыдыртуға болмайды. Қыдыратын орынға жеткенше иттер мен мысықтардың қалдырған (табиғи шығарылымдарын) ластауларын тазартуға;
2 2) иттердi арнайы бекiтiлген, қоршалған жерлерде қыдырту керек, егер осындай жерлер болмаса, иттердiң қыдыртуын құла далада жүзеге асырылады;
3
3) адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көлiктерде және қоғамдық орындарда иттердi қысқа жiппен және мұрынға киетiн құралмен шығару керек. Адам аз жерлерде иттердi ұзын жiппен және мұрынға киетiн құралмен қыдыртуға рұқсат етiледi. Қоршалған жерлерде және алыс жерлерде, адамдар жоқ кезде иттердi бос және мұрынға киетiн құралды шешпей жiберу рұқсат етiледi;