Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

«О государственном заказе на финансирование природоохранных мероприятий»

Өзге акт · № 497 · қабылданған 25.05.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6516/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
«О государственном заказе на финансирование природоохранных мероприятий» Күшін жойған 25.05.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

«О государственном заказе на финансирование природоохранных мероприятий»

Күшін жойған Өзге акт № 497 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О государственном заказе на финансирование природоохранных мероприятий»
Атауы (қаз.)
«Табиғат қорғау шараларын қаржыландыруға мемлекеттік тапсырыс беру туралы»
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
497
Қабылданған күні
25.05.2000
Көрсетілген редакция
25.05.2000 6516_214748.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V000001200_
ЭКБ идентификаторы
6516
Редакция идентификаторы
6516_214748
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:27
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Табиғат қорғау шараларын қаржыландыруға мемлекеттік тапсырыс беру туралы»

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен.
Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында:

1. Табиғат қорғау шараларына мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру және оны қаржыландыру ережесін бекітсін (№1 Қосымша);

2. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына (Сейдахметов Қ.С.):

-табиғат қорғау шараларына арналған облыс қалалары мен аудандарының өтініштерін жинап, оны тексеріп, соңынан облыстық бағдарламаға енгізуді қамтамасыз етсін;
-бюджеттік қаражаттың шығындарына, сатып алынатын жұмыс (кызмет көрсету түрлерінің көлемі мен сапасына бақылау қойсын.

3. Қала және аудан әкімдеріне:

-облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына табиғат қорғау шараларын қаржыландыру жөніндегі өтініштерді сәйкес есептесулерімен бірге тиісті уақытта жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.) белгіленген ережелерге сәйкес, қоршаған ортаны қорғауға байланысты шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 2000 жылғы «26» 05 облыс әкімінің

шешіміне №1 Қосымша
Табиғат қорғау шараларына мемлекеттік тапсырысты үлестіру және қаржыландыру ЕРЕЖЕСІ

I. Жалпы ереже.

Нақты ереже - Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы сәуірдің 1-індегі №280-ші «Мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау туралы ереже» қаулысы негізінде және 1999 жылғы қарашаның 24-індегі облыс Мәслихатының сессиясында бекітілген Бағдарламаларға сәйкес әзірленді.

II. Бағдарламаның мазмұны.

2.1 «Ақмола облысы аумағындағы мемлекеттік тапсырыс аясында заңды тұлғаларға көмек көрсету» бағдарламасының мақсаты - облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының бюджетіне сәйкес табиғат қорғау шараларын қаржыландыру болып табылады.
2.2 Қаржыландыру тек экологиялық жағдайларды жақсарту шараларына жасалады.
2.3 Шыгындардың негізгі түрі, табиғат қорғау шараларына байланысты қызметтер мен жұмыстарға төлеу болып есептеледі.
2.4 Қызмет ұсынушылармен есептесу - қоршаған ортаны қорғау басқармасы инспекторларының қолы қойылып және қалалар мен аудандар әкімдері растап әкелген орындалған жұмыстардың жинақ тық актілеріне сәйкес, тиісті қаржы жылында көрсетілген бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауда қарастырылып бөлінген ақшаға орындалтан жұмыстың көлемі бойынша жасалады.
2.5 «Бағдарлама» ішінде қаржыландыруға жататын жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) негізгі түрлері, мыналар:
-жергілікті және аймақтык маңызы бар табиғат қорғау объектілерін сапу және қайта жаңартуды қаржыландыруға үлес қосу;
-ресурс сақтайтын және экологиялық таза технология енгізуге көмектесу;
-қоршаған ортаның қасиеттерін арттыруға бағытталған әдістемелік құжаттардың нормативтерін әзірлеуге қатысу;
-ерекше сақтаудағы аймақтарды құру және жайластыру;
-экологиялық тәрбие мен білім беруді дамыту, экология тақырыптамаларына газет шығару;
-облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау басқармасының және басқа да облыстағы коршаған ортаны қорғау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күшейту (табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министірлігінің келісімі бойынша);
-әкімшілік пен қор дирекциясын және оның материалдық-техникалық базасын ұстау;
-табиғи апат зардаптарын жою, содан сақтандыру және табиғат ая сына келетін залалдың орнын толтыру;
-қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және қазіргі табиғат қорғау заңдарына кайшы келмейтін тағы да баска мақсаттар.

III. Мемлекеттік тапсырысты үлестіру

«Бағдарлама» - 1998 жылғы көкектің 1-інйегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 280-ші «Мемлекеттік қор туралы ереже» қаулысы негізінде қызмет жасайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мердігерлік жұмыстар мен қызметтердің, барлық түрлеріне тапсырыс бере алатын облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры арқылы үлестіріледі.

IV. Мемлекеттік тапсырыстың орындалуының баға критериі.

Табиғат қорғау шараларына мемлекеттік тапсырыстың орындалуының баға критериі - бұл, қоршаған ортаның қасиетін арттыру және халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.