Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга

Қаулы · № 536 · қабылданған 27.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65161/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга Күшін жойған Қаулы ·№ 536 ·27.04.2012
10.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга

Күшін жойған Қаулы ·№ 536 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга
Атауы (қаз.)
Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
536
Қабылданған күні
27.04.2012
Көрсетілген редакция
10.02.2015 AI65161_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000536
ЭКБ идентификаторы
65161
Редакция идентификаторы
AI65161_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:21

0 Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. "Білім беру мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 213 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 19-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 27 сәуірдегі
№ 536 қаулысымен
бекітілген
Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:

1

1) білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

2 2) ұлттық жинақ – әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша іріктелген негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын ақпараттық статистикалық жария құжат;

3 3) ұлттық баяндама – мемлекеттік статистика мен әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша іріктелген индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын талдамалық жария құжат;

4 4) білім беру сапасы – білім беру жүйесін сипаттайтын және нақты қол жеткізуге болатын білім беру нәтижелерінің, білім беру жүйесінің жұмыс істеу шарттарының нормативтік талаптарға, әлеуметтік және тұлғалық межелерге сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы;

5 5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган).

3

3. Білім беру мониторингі білім беру саясатын әзірлеу мен іске асыруды ақпараттық қолдау, білім беруді басқару органдарын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы туралы өзекті, толық, дұрыс және үнемі жаңартылып отыратын ақпаратпен қамтамасыз ету, білім берудің дамуын талдау және болжау үшін қажетті ақпараттық база қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

2 2. Білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібі

4

4. Білім беру мониторингі ұлттық қауіпсіздік органдарының ведомстволық білім беру жүйесінен басқа білім беру жүйесінің сапасын сырттай және іштей бағалау үшін, оның ішінде халықаралық индикаторлармен (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ЮНЕСКО) салыстыру үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштері кешені негізінде жүзеге асырылады. Бағалау осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген индикаторларға сәйкес жүргізіледі.

5 5. Білім беру мониторингін жүргізу:

1 1) мемлекеттік статистика материалдарының және уәкілетті органның шешімімен бекітілген және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен келісілген әкімшілік деректер нысандары;

2 2) мыналардың:

білім беру ұйымдарын аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау;
педагог және басшы кадрлардың біліктілігін арттыру және аттестаттау;
білім беру ұйымдарын саралау;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушыларға біліктілік беру;
талдамалық және әлеуметтік зерттеулер барысында алынған құжаттар мен материалдардың негізінде ұдайы бақылау мен деректер жинақтауды ұйымдастыруды көздейді.

6 6. Мониторингтің төрт деңгейлі сатылы құрылымы бар:

бірінші деңгей:

1

1) уәкілетті орган білім беру мониторингінің барлық рәсімдерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуін салалық үйлестіруді жүзеге асырады, барынша негізделген және жағдай талаптарына барабар басқарушылық шешімдер үшін білім беру мониторингінің негізгі бағыттары мен қорытындыларын жалпы талдауды айқындайды, оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу тәртібін бекітеді;

2 2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректерін ұсынады;

3 3) ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректер бойынша қажетті мәліметтерді ұсынады, өздерінің құзыретіне кіретін шешімдер қабылдау үшін зерттеулерге, білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға қатысады;

екінші деңгейді облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ жоғары оқу орындары, республикалық орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жүргізеді. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары өз өңірінде мониторинг жүргізу туралы шешім қабылдайды;
үшінші деңгейді аудандық (қалалық) білім бөлімдері жүзеге асырады;
төртінші деңгей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік) және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының деңгейінде өткізіледі.

7 7. Индикаторлар бойынша мәліметтер мен есептілікті уәкілетті органға жыл сайын:

1 1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі – есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтарында, наурызында, сәуірінде, мамырында;

2 2) облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, жоғары оқу орындары және республикалық білім беру ұйымдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандар мен мерзімдерге сәйкес ұсынады.

8 8. Уәкілетті орган білім беру мониторингінің қорытындыларын шығаруды жыл сайын:

1 1) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ұлттық жинақ түрінде;

2 2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндама түрінде жүзеге асырады.

9 9. Деңгейлердің мониторингілік жүйелерінің жұмыс істеуінің келісімді болуы үшін компьютерлік желі түрінде бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады, ақпаратты жинақтаудың, берудің және сақтаудың автоматтандырылған рәсімі енгізіледі.

10 10. Бiлiм беру мониторингінің субъектілері бiлiм беру мониторингінің деректерiн қалыптастырып, қағаз жеткізгіште және электрондық форматта ұсынады.

11 11. Білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға жұмыс берушілер, ата-аналар қауымдастығының өкілдері тартылады.

0 Білім беру мониторингі индикаторларының тізбесі

Білім беру мониторингін
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша
Білім беру мониторингі индикаторларының тізбесі


Ин­ди­ка­тор­лар
Мер­зі­мі
Та­қы­рып­тық бл­ок­тар
1
2
3
4
5
1.
1
24-65 жас­та­ғы ха­лық­тың бі­лім дең­гейі, %
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың қаң­та­ры
Бі­лім бе­ру кон­тек­сі
2
Ал­ған бі­лі­мі­нің дең­гейі бой­ын­ша жұ­мыс іс­те­у­ші­лер үле­сі (бар­лық ең­бек­ке жа­рам­ды тұр­ғын­дар­ға шақ­қан­да), %
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың на­уры­зы
3
Эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ді ха­лық­тың бі­лім дең­гейі, %
4
Соң­ғы 5 жыл­да­ғы ха­лық­тың туу ди­на­ми­ка­сы, адам
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың сәу­і­рі
2.
5
Қа­зақ­стан­да­ғы 6-24 жас­та­ғы тұр­ғын­дар­ды бі­лім­мен қам­ту­дың жиын­тық үле­сі, %
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың ма­мы­ры
Бі­лім­нің ауқым­ды­лы­ғы мен қол­же­тім­ді­лі­гі, қа­ты­су және іл­ге­рі­леу
6
Рес­пуб­ли­ка­да­ғы ба­ста­уыш бі­лім­мен қам­ты­л­ған оқу­шы­лар са­ны (БЖХС 1), адам
Есеп­ті жыл­дың қыр­күй­ек-жел­тоқ­са­ны
7
Рес­пуб­ли­ка­да­ғы ор­та бі­лім­мен қам­ты­л­ған оқу­шы­лар са­ны (БЖХС 2/3), адам
8
Рес­пуб­ли­ка­да­ғы оқу­шы­лар са­ны­ның сер­пі­ні (соң­ғы 5 жыл­да): ба­ста­уыш бі­лім (БЖХС 1), адам
9
Рес­пуб­ли­ка­да­ғы оқу­шы­лар са­ны­ның сер­пі­ні (соң­ғы 5 жыл­да): негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім (БЖХС 2/3), адам
10
Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­би­е­мен және оқы­ту­мен қам­ту (1 жастан 6 жас­қа дей­ін, 3 жастан 6 жас­қа дей­ін), %
11
Мек­те­пал­ды да­яр­лық­пен қам­ту (5-6 жас), %
12
Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы ба­ла­лар­дың са­ны және жас ерекше­лік құ­ра­мы, адам
13
Ба­ла­бақ­ша­лар­дың жал­пы са­ны­нан же­ке­мен­шік ба­ла­бақ­ша­лар­дың үле­сі, %
14
Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да­ғы топ­тар­дың ор­та­ша то­лық­тығы, адам
15
Сы­нып­тар­дың ор­та­ша то­лық­тығы: ба­ста­уыш бі­лім (БЖХС 1), адам
16
Сы­нып­тар­дың ор­та­ша то­лық­тығы: негіз­гі ор­та бі­лім (БЖХС 2), адам
17
10-11(12) сы­нып­тар­дың ор­та­ша то­лық­тығы: жал­пы ор­та бі­лім (БЖХС 3), адам
18
Ба­ста­уыш мек­теп­ті бі­тір­ген күн­діз­гі жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп оқу­шы­ла­ры, адам
19
Негіз­гі ор­та бі­лім ту­ра­лы ку­ә­лік ал­ған күн­діз­гі жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп оқу­шы­ла­ры, адам
20
Жал­пы ор­та бі­лім ту­ра­лы ат­те­стат ал­ған күн­діз­гі жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп оқу­шы­ла­ры, адам
21
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның жал­пы са­ны­нан қо­сым­ша бі­лім­мен қам­ты­л­ған жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның үле­сі, %
22
Қо­сым­ша бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша мек­теп­тер ба­за­сын­да жұ­мыс іс­тей­тін үй­ір­ме­лер са­ны, бір­лік
23
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның жал­пы са­ны­нан спорт­тық сек­ци­я­лар­мен қам­ты­л­ған жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның үле­сі, %
24
Мек­теп ба­за­сын­да­ғы спорт­тық сек­ци­я­лар­дың са­ны, %
25
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­де­гі да­му мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі оқу­шы­лар­дың жал­пы са­ны­нан ин­клю­зив­ті бі­лім­мен қам­ты­л­ған жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­де­гі оқу­шы­лар­дың үле­сі, %
26
Ин­клю­зив­ті бі­лім бе­ру­ге жағ­дай жа­са­ған мек­теп­тер са­ны, бір­лік
27
Мек­теп­тер­дің жал­пы са­ны­нан ава­ри­я­лық жағ­дай­да­ғы мек­теп­тер­дің үле­сі, %
28
Оқу­шы ор­ны­ның тап­шы­лы­ғы, орын
29
Үш ауы­сым­да са­бақ жүр­гі­зе­тін мек­теп­тер үле­сі, %
30
ТжКБ жүй­е­сін­де ен­гі­зі­л­ген оқу­шы орын­да­ры­ның са­ны, орын
31
Оқу­шы­лар­дың жал­пы са­ны­нан оқулық­пен қам­та­ма­сыз еті­л­ген оқу­шы­лар­дың үле­сі, %
32
10 және одан көп күн дәлел­ді се­беп­сіз мек­теп­ке бар­май жүр­ген­ді­гі анық­тал­ған ба­ла­лар­дың са­ны, адам
33
Та­сы­мал­да­у­ға мұқ­таж ба­ла­лар­дың жал­пы са­ны­нан мек­те­бі жоқ ел­ді ме­кен­дер­де­гі жай­лы та­сы­мал­да­у­мен қам­ты­л­ған ба­ла­лар­дың үле­сі, %
34
Мек­теп­тер­де­гі оқу­шы­лар­дың жал­пы са­ны­нан ыстық та­мақ­пен қам­ты­л­ған ба­ла­лар­дың үле­сі, %
35
Аз қам­ты­л­ған от­ба­сы­лар­дан шық­қан оқу­шы­лар­дың жал­пы са­ны­нан те­гін ыстық та­мақ­пен қам­ты­л­ған аз қам­ты­л­ған от­ба­сы­лар­дан шық­қан ба­ла­лар­дың үле­сі, %
36
Кең жо­лақ­ты Ин­тер­нет­ке қо­сы­л­ған мек­теп­тер са­ны, бір­лік
37
Ком­пью­тер­лік тех­ни­ка­ның оқу­шы­лар са­ны­на ара­қа­ты­на­сы, бір­лік
38
Оқу­шы­лар­дың жал­пы са­ны­нан 12 жыл­дық оқы­ту бой­ын­ша бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­мен қам­ты­л­ған оқу­шы­лар үле­сі, %
39
ТжКБ ұй­ым­да­рын­да бі­лім алушы­лар­дың са­ны (БЖХС 3), адам
40
Тип­тік жас­та­ғы ха­лық­тың жал­пы са­ны­нан 14-24 жас­та­ғы жастар­ды ТжКБ-мен қам­ту үле­сі, %
41
ТжКБ ұй­ым­да­ры­на бі­лім алушы­лар­ды қа­был­дау, адам
42
ТжКБ ұй­ым­да­рын бі­лік­ті ма­ман­дар­дың бі­ті­руі, адам
43
Мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс бой­ын­ша оқы­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің жал­пы са­ны­нан ТжКБ оқу орын­да­рын­да мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс бой­ын­ша оқу­ды бі­тір­ген­нен кей­ін­гі ал­ғаш­қы жы­лы жұ­мыспен қам­ты­л­ған және жұ­мысқа ор­на­лас­қан бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі, %
44
ТжКБ бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің жал­пы са­ны­нан жұ­мысқа ор­на­лас­қан бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі, %
45
ТжКБ ұй­ым­да­рын­да бі­лім алушы­лар­дың жы­ны­сы, жас ерекше­лі­гі және оқу ны­са­ны бой­ын­ша құ­ры­лы­мы, адам
46
Бі­лім дең­гей­ле­рі бой­ын­ша Қа­зақ­стан­да­ғы бі­лім алушы­лар са­ны, адам
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың қаң­та­ры
47
Рес­пуб­ли­ка­да­ғы бі­лім алушы­лар са­ны­ның сер­пі­ні (соң­ғы 5 жыл­да): тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім (БЖХС 3, 5/6), адам
48
Қа­зақ­стан­да­ғы сту­дент­тер­дің жал­пы са­нын­да­ғы ше­тел­дік сту­дент­тер­дің үлес сал­ма­ғы: жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім (БЖХС 5/6), %
49
ЖОО бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің жал­пы са­ны­нан ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мысқа ор­на­лас­қан ЖОО бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің үле­сі, %
50
ЖОО бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің жал­пы са­ны­нан жо­ға­ры оқу орын­да­ры бө­лі­ні­сін­де­гі жұ­мысқа ор­на­лас­қан бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі, %
51
Мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс бой­ын­ша оқы­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің жал­пы са­ны­нан мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс бой­ын­ша бі­лім ал­ған, ЖОО-ны бі­тір­ген­нен кей­ін ал­ғаш­қы жы­лы ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мысқа ор­на­лас­қан жо­ға­ры оқу орын­да­рын бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі, %
52
Жо­ға­ры оқу орын­да­ры сту­дент­те­рі­нің құ­ра­мын­да­ғы әй­ел­дер­дің са­ны, адам
53
Жо­ға­ры оқу орын­да­ры сту­дент­те­рі­нің жы­ны­сы, жас ерекше­лі­гі және оқу ны­са­ны бой­ын­ша құ­ры­лы­мы, адам
54
Оқы­ту ны­сан­да­ры бой­ын­ша жо­ға­ры оқу орын­да­ры сту­дент­те­рі­нің са­ны, қа­был­да­нуы және ма­ман­дар­дың бі­ті­руі, адам
55
Ма­ги­странт­тар­дың құ­ра­мын­да­ғы әй­ел­дер­дің са­ны, адам
56
Ма­ги­странт­тар­дың жы­ны­сы және жас ерекше­лік топ­та­ры бой­ын­ша құ­ры­лы­мы, адам
57
Ма­ги­странт­тар­дың са­ны, қа­был­дау және ма­ги­стра­ту­ра­ны бі­ті­ру, адам
58
Ма­ги­стра­ту­ра­ны бі­ті­ру­ші­лер­дің жал­пы са­ны­нан ма­ги­стра­ту­ра­ны ма­ги­стр­лік жұ­мысты қор­ғау­мен аяқ­та­ған­дар­дың үлес сал­ма­ғы, %
59
РhD док­то­рант­та­ры­ның құ­ра­мын­да­ғы әй­ел­дер са­ны, адам
60
РhD док­то­рант­та­ры­ның жы­ны­сы және жас ерекше­лік топ­та­ры бой­ын­ша құ­ры­лы­мы, адам
61
РhD док­то­ран­ту­ра­ны жал­пы бі­ті­ру­ші­лер­ден РhD док­то­ран­ту­ра­ны дис­сер­та­ция қор­ғау­мен аяқ­та­ған­дар­дың үлес сал­ма­ғы, %
62
Іс­ке асы­ры­лып жа­тқан жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі кә­сіп­тік бі­лім бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның са­ны, бір­лік
63
Бір оқы­ту­шы­ға шақ­қан­да­ғы сту­дент­тер са­ны, адам
64
Бір оқы­ту­шы­ға шақ­қан­да­ғы ма­ги­странт­тар мен док­то­рант­тар са­ны, адам
65
Штат­тық оқы­ту­шы­лар са­ны­нан ғы­лы­ми дә­ре­же­сі мен ата­ғы бар оқы­ту­шы­лар үле­сі, оның ішін­де мем­ле­кет­тік жал­пы­ға мін­дет­ті стан­дарт­тың негіз­гі және бей­ін­дік пән­де­рі бой­ын­ша, %
3.
66
Іш­кі жал­пы өнім­ге пай­ы­з­бен ал­ған­да рес­пуб­ли­ка­да­ғы бі­лім­ге жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар, %
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың ақ­па­ны
Бі­лім­ге ин­ве­сти­ци­я­лан-ған қар­жы ре­сур­ста­ры
67
Рес­пуб­ли­ка­да­ғы бі­лім­ге жұм­са­ла­тын мем­ле­кет­тік шы­ғы­стар, млрд. тең­ге
68
Бі­лім дең­гей­ле­рі бой­ын­ша бір бі­лім алушы­ға шақ­қан­да­ғы рес­пуб­ли­ка­да­ғы бі­лім­ге жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар, мың тең­ге
69
Бі­лім дең­гей­ле­рі бой­ын­ша бі­лім­ге жұм­са­ла­тын мем­ле­кет­тік шы­ғы­стар, млрд. тең­ге
70
Бі­лім бе­ру жүй­е­сі­нің ақы­лы қыз­мет­те­рі­нің кө­ле­мі, мың тең­ге
71
Бі­лім бе­ру қыз­мет­те­ріне ақы тө­ле­у­ге жұм­са­ла­тын үй ша­ру­а­шы­лық­та­ры­ның шы­ғы­ста­ры, тең­ге
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың сәу­і­рі
72
Бі­лім бе­ру­ге жұм­са­ла­тын үй ша­ру­а­шы­лық­та­ры­ның шы­ғы­ста­ры, тең­ге
73
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша бі­лім қыз­мет­кер­ле­рі­нің ор­та­ша ай­лық но­ми­нал­ды есеп­тел­ген жа­ла­қы­сы, тең­ге
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың ма­мы­ры
4.
74
Оқу же­ті­стікте­рін сырт­тай ба­ға­ла­удың нәти­же­ле­рі
Жа­ра­ты­лы­ста­ну-ма­те­ма­ти­ка цик­лі­нің пән­де­рі бой­ын­ша те­стік тап­сыр­ма­лар­дың жал­пы са­ны­нан 50%-дан жо­ға­ры нәти­же көр­сет­кен ба­ста­уыш мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның үле­сі, %
Есеп­ті жыл­дың шіл­де­сі
Бі­лім бе­ру са­па­сын ба­ға­лау және ба­қы­лау
75
Те­сті­ле­ну­ші­лер­дің жал­пы са­ны­нан бар­лық пән­дер бой­ын­ша те­стік тап­сыр­ма­лар­дың 75% шек­тік дең­гей­і­нен өте ал­ма­ған негіз­гі ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім алушы­лар­дың үле­сі, %
76
Те­сті­ле­ну­ші­лер­дің жал­пы са­ны­нан бар­лық пән­дер бой­ын­ша те­стік тап­сыр­ма­лар­дың 75% шек­тік дең­гей­і­нен өте ал­ма­ған сту­дент­тер­дің үле­сі, %
77
Те­сті­ле­ну­ші­лер­дің жал­пы са­ны­нан қа­зақ ті­лі бой­ын­ша те­стік тап­сыр­ма­лар­дың 75% шек­тік дең­гей­і­нен өте ал­ма­ған бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім алушы­лар­дың үле­сі, %
78
Қа­ты­су­шы­лар­дың жал­пы са­ны­нан кә­сіп­тік да­яр­лық пен бі­лік­ті­лік бе­ру дең­гей­ін ба­ға­ла­удан бі­рін­ші рет­тен өт­кен ТжКБ бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің үле­сі, %
Есеп­ті жыл­дың жел­тоқ­са­ны
79
Қа­ты­су­шы­лар­дың жал­пы са­ны­нан жұ­мыс бе­ру­ші­лер қо­ғам­да­стығ­ын­да бі­лік­ті­лік­ті тәу­ел­сіз ба­ға­ла­удан бі­рін­ші рет­тен өт­кен ЖОО бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің үле­сі, %
80
PISA, TIMSS, PIRLS ха­лы­қа­ра­лық са­лы­стыр­ма­лы зерт­те­уле­рін­де­гі қа­зақ­стан­дық жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның нәти­же­ле­рі
81
Ұлт­тық бі­рың­ғай те­сті­леу (ҰБТ) нәти­же­ле­рі
Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша ҰБТ пән­де­рі бой­ын­ша ор­та­ша балл, балл
82
ҰБТ-ға қа­ты­су­шы­лар­дың жал­пы са­ны­нан ҰБТ нәти­же­ле­рі бой­ын­ша шек­тік дең­гей­ден өт­пе­ген бі­ті­ру­ші­лер үле­сі, %
83
Үміт­кер­лер­дің жал­пы са­ны­нан ҰБТ нәти­же­ле­рі бой­ын­ша "Ал­тын бел­гі" жал­пы ор­та бі­лім ту­ра­лы ат­те­ста­тын рас­та­ған бі­ті­ру­ші­лер үле­сі, %
84
Ке­шен­ді те­сті­леу (КТ) нәти­же­ле­рі
Те­сті­ле­ну­ші­лер­дің жал­пы са­ны­нан КТ бой­ын­ша шек­тік дең­гей­ден тө­мен балл ал­ған та­лап­кер­лер үле­сі, %
85
Рес­пуб­ли­ка­лық және ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі ин­тел­лек­ту­ал­дық жа­ры­стар­ға қа­ты­су қо­ры­тын­ды­ла­ры
Ха­лы­қа­ра­лық олим­пи­а­да­лар­да және ғы­лы­ми жа­ры­стар­да жүл­де­лі орын­дар­ға ие болған жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы оқу­шы­лар­дың са­ны, адам
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың қаң­та­ры
86
Қа­ты­су­шы­лар­дың жал­пы са­ны­нан ха­лы­қа­ра­лық, рес­пуб­ли­ка­лық пән­дік олим­пи­а­да­лар­да жүл­де­лі орын­дар­ға ие болған жүл­де­гер­лер­дің үле­сі, %
87
Кадр­лар­ды да­яр­лау са­па­сы мен бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лі­гін арт­ты­ру
Өңір­лер бой­ын­ша ба­ста­уыш бі­лім са­па­сы (әле­умет­та­ну­шы­лық зерт­те­улер), өңір­дің рей­тинг­те­гі ор­ны
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың қаң­та­ры
88
Ма­те­ма­ти­ка мен жа­ра­ты­лы­ста­ну ғы­лым­да­ры бой­ын­ша бі­лім са­па­сы (таң­да­ма­лы ба­қы­лау қи­ма­сын­да­ғы зерт­те­улер), өңір­дің рей­тинг­те­гі ор­ны
89
Өңір­лер бой­ын­ша жал­пы ор­та бі­лім са­па­сы (әле­умет­та­ну­шы­лық зерт­те­улер), өңір­дің рей­тинг­те­гі ор­ны
90
Өңір­лер бой­ын­ша ТжКБ са­па­сы (әле­умет­та­ну­шы­лық зерт­те­улер), өңір­дің рей­тинг­те­гі ор­ны
91
Жо­ға­ры бі­лім са­па­сы (әле­умет­та­ну­шы­лық зерт­те­улер), рей­тинг­те­гі ор­ны
92
Ме­недж­мент/бас­қа­ру мек­теп­те­рі­нің са­па­сы (әле­умет­та­ну­шы­лық зерт­те­улер)
93
Бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы ақ­па­рат­қа ха­лық­тың қол­же­тім­ді­лі­гі (сайт­тар бой­ын­ша зерт­теу), рей­тинг­те­гі ор­ны
94
Мем­ле­кет­тік мек­теп­тер­дің жал­пы са­ны­нан элек­трон­дық оқы­ту жүй­е­сін (e-learning) ен­гіз­ген мек­теп­тер­дің үле­сі, %
95
ТжКБ ұй­ым­да­ры­ның (мем­ле­кет­тік) жал­пы са­ны­нан элек­трон­дық оқы­ту жүй­е­сін ен­гіз­ген ұй­ым­дар­дың үле­сі, %
96
ТжКБ-нің мем­ле­кет­тік оқу орын­да­ры­ның жал­пы са­ны­нан қа­зір­гі за­ман­ғы оқу жаб­дық­та­ры­мен жа­рақ­тан­ды­ры­л­ған ТжКБ-нің мем­ле­кет­тік оқу орын­да­ры­ның үле­сі, %
97
ЖОО сту­дент­те­рі­нің жал­пы са­ны­нан жұ­мыс бе­ру­ші­лер мен ше­тел­дік ин­ве­стор­лар­дың қа­ра­жа­ты есе­бі­нен тех­ни­ка­лық ма­ман­дық­тар­да оқи­тын сту­дент­тер­дің үле­сі, %
98
Жұ­мыс бе­ру­ші­лер­мен кей­ін­нен жұ­мысқа ор­на­ла­су­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін өн­ді­рі­стік прак­ти­ка ба­за­ла­ры­мен қам­та­ма­сыз ету үшін шарт жа­сас­қан ЖОО-лар­дың үле­сі, %
99
Ин­ду­стри­я­лық-ин­но­ва­ци­я­лық да­му шең­бе­рін­де кадр­лар да­яр­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ЖОО-лар­дың жал­пы са­ны­нан қа­зір­гі за­ман­ғы зерт­ха­на­лық жаб­дық­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ры­л­ған ЖОО-лар­дың үле­сі, %
100
Бас­па­на­ға мұқ­таж сту­дент­тер­дің жал­пы са­ны­нан жа­тақ­ха­на­лар­да үй- жай­лар­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген сту­дент­тер­дің үле­сі, %
101
Ел­дің же­тек­ші ЖОО-ла­ры­на тар­ты­л­ған ше­тел­дік ға­лым­дар­дың, оқы­ту­шы­лар мен кон­суль­тант­тар­дың са­ны, адам
102
Соң­ғы 5 жыл ішін­де им­пакт-фак­тор­лы ғы­лы­ми жур­нал­дар­да жа­ри­я­ла­ным­да­ры бар ЖОО-ның про­фес­сор-оқы­ту­шы­лық құ­ра­мы мен ғы­лы­ми қыз­мет­кер­ле­рі­нің үле­сі, %
103
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның жал­пы са­ны­нан қам­қор­шы­лық ке­ңе­стер құр­ған ұй­ым­дар­дың үле­сі, %
104
ЖОО-лар­дың жал­пы са­ны­нан отан­дық ғы­лы­ми зерт­те­улер­дің нәти­же­ле­рін өн­ді­ріс­ке ен­гі­зу­дің негі­зін­де бі­лім мен ғы­лым­ды кі­рік­ті­ру ар­қы­лы ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ЖОО-лар­дың үле­сі, %
105
Үл­ге­рім­ді ағым­да­ғы ба­қы­лау және бі­лім алушы­лар­ды қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау нәти­же­ле­рі
Бі­лім бе­ру дең­гей­ле­рі бой­ын­ша об­лы­стар бө­лі­ні­сін­де ағым­да­ғы үл­ге­рім қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша "өте жақ­сы", "жақ­сы", "қа­на­ғат­та­нар­лық", "қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз" ба­ға ал­ған оқу­шы­лар са­ны, адам
Есеп­ті жыл­дың қыр­күй­ек-жел­тоқ­са­ны
106
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің жал­пы са­ны­нан жал­пы ор­та бі­лім ту­ра­лы үз­дік ат­те­стат ал­ған жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің үле­сі, %
107
ТжКБ ұй­ым­да­ры бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің жал­пы са­ны­нан үз­дік ди­плом ал­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі, %
108
ЖОО бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің жал­пы са­ны­нан үз­дік ди­плом ал­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі, %
109
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын ат­те­стат­тау, ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау нәти­же­ле­рі
Соң­ғы 5 жыл­да мем­ле­кет­тік ат­те­стат­та­удан өт­кен бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның са­ны, бір­лік
Есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың қаң­та­ры
110
Ат­те­стат­тал­ған­дар­дың жал­пы са­ны­нан мем­ле­кет­тік ат­те­стат­та­удан өт­пе­ген бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның үле­сі, %
111
ЖОО-да­ғы мем­ле­кет­тік ат­те­стат­та­удан өт­пе­ген ма­ман­дық­тар са­ны, бір­лік
112
Кол­ле­дж­дер­дің жал­пы са­ны­нан ұлт­тық ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ак­кре­дит­теу рә­сі­мі­нен өт­кен кол­ле­дж­дер­дің үле­сі, %
113
Та­ны­мал ше­тел­дік агент­тіктер­де ха­лы­қа­ра­лық ак­кре­дит­те­уден өт­кен ЖОО-лар­дың са­ны, бір­лік
114
Ак­кре­дит­тел­ген оқу орын­да­ры­ның са­ны, бір­лік
115
Ак­кре­дит­тел­ген бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның са­ны, бір­лік
116
ЖОО-лар­дың жал­пы са­ны­нан ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар бой­ын­ша тәу­ел­сіз ұлт­тық ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ак­кре­дит­те­уден өт­кен ЖОО-лар үле­сі, %
117
ЖОО-лар­дың жал­пы са­ны­нан ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар бой­ын­ша тәу­ел­сіз ұлт­тық ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­те­уден өт­кен ЖОО-лар үле­сі, %
118
Пе­да­гог және бас­шы кадр­лар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру және олар­ды ат­те­стат­тау нәти­же­ле­рі
Жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы мұ­ға­лім­дер­дің жал­пы са­ны­нан бі­лім дең­гейі, бі­лік­ті­лі­гі, ста­жы, жа­сы, жы­ны­сы, са­на­ты бой­ын­ша мұ­ға­лім­дер­дің үле­сі, %
Есеп­ті жыл­дың қыр­күй­ек-жел­тоқ­са­ны
119
Мұ­ға­лім­дер­дің жал­пы са­ны­нан соң­ғы 5 жыл­да бі­лік­ті­лі­гін арт­тыр­ған мұ­ға­лім­дер­дің үле­сі, %
120
Пе­да­гог­тер­дің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­дың жа­ңа жүй­е­сі бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гін арт­тыр­ған пе­да­гог­тер­дің үле­сі ("На­зар­ба­ев Зи­ят­кер­лік мек­теп­те­рі" ДБҰ-ның пе­да­го­ги­ка­лық ше­бер­лік ор­та­лық­та­ры, "Өр­леу" ұлт­тық бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру ор­та­лы­ғы)
121
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры бас­шы­ла­ры­ның жал­пы са­ны­нан ме­недж­мент са­ла­сын­да бі­лік­ті­лі­гін арт­тыр­ған және қай­та да­яр­ла­удан өт­кен бас­шы­лар­дың үле­сі, %
122
Ша­ғын жи­нақ­ты мек­теп­тер­де­гі мұ­ға­лім­дер­дің са­па­лық құ­ра­мы, адам
123
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­дің (қа­ла­лық, ауыл­дық жер­лер­де­гі), ТжКБ ұй­ым­да­ры­ның пе­да­гог қыз­мет­кер­ле­рі­нің, ТжКБ ұй­ым­да­ры­ның өн­ді­рі­стік оқы­ту ше­бер­ле­рі­нің са­па­лық құ­ра­мы, адам
124
Об­лы­стар, аудан­дар бой­ын­ша ма­ман­дық­тар бө­лі­ні­сін­де­гі рес­пуб­ли­ка­ның мем­ле­кет­тік күн­діз­гі жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­те­рін­де­гі пе­да­гог кадр­лар­ға де­ген қа­жет­ті­лік ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, адам
125
Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры мен жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­дің (қа­ла­лық және ауыл­дық ме­кен­дер) пе­да­гог қыз­мет­кер­ле­рі­нің бі­лім бе­ру дең­гейі, адам
126
1-4 сы­нып­тар­да­ғы мұ­ға­лім­дер­дің жал­пы са­ны­нан ор­та және жо­ға­ры кә­сіп­тік бі­лі­мі бар олар­дың үле­сі, %
127
Жа­ра­ты­лы­ста­ну-ма­те­ма­ти­ка цик­лі мұ­ға­лім­де­рі­нің жал­пы са­ны­нан ор­та және жо­ға­ры кә­сіп­тік бі­лі­мі бар олар­дың үле­сі, %
128
ЖОО-лар­дың штат­тық про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лық құ­ра­мы­ның жал­пы са­ны­нан ғы­лы­ми дә­ре­же­сі мен ғы­лы­ми ата­ғы (ғы­лым кан­ди­да­ты, ғы­лым док­то­ры, PhD док­тор­ла­ры) бар штат­тық про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лық құ­рам­ның үле­сі, %
129
ЖОО-лар­дың штат­тық оқы­ту­шы­лық құ­ра­мы­ның жал­пы са­ны­нан ака­де­ми­я­лық дә­ре­же­сі бар (ма­гистр, PhD док­то­ры) штат­тық оқы­ту­шы­лық құ­рам­ның үле­сі, %
130
Бі­лім бе­ру жүй­е­сін­де­гі пе­да­гог және бас­шы, ғы­лы­ми-пе­да­гог кадр­лар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­руы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, адам
131
ТжКБ ұй­ым­да­ры­ның ин­же­нер-пе­да­гог кадр­ла­ры­ның жа­сы, ста­жы, бі­лі­мі және са­на­ты бой­ын­ша сан­дық және са­па­лық құ­ра­мы, адам
132
ТжКБ ұй­ым­да­рын­да­ғы пе­да­гог кадр­лар­ға де­ген қа­жет­ті­лік ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, адам
133
Жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лық құ­ра­мы­ның жас ерекше­лік құ­ра­мы, адам
134
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да оқы­ту­шы­лар­ды жы­ны­сы мен жа­сы­на қа­рай бө­лу, адам
135
Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру жүй­е­сі ма­ман­да­ры­ның жал­пы са­ны­нан ака­де­ми­я­лық және ғы­лы­ми дә­ре­же­ле­рі бар ма­ман­дар­дың үле­сі, %
136
Тә­жі­ри­бе­лік-экс­пе­ри­мент­тік жұ­мысты жү­зе­ге асы­ра­тын пе­да­гог­тер са­ны, адам
137
Ин­но­ва­ци­я­лық ғы­лы­ми-пе­да­го­ги­ка­лық жо­ба­лар­ды ен­гіз­ген (ен­гі­зі­л­ген неме­се жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­де прак­ти­ка­да сы­нақ­тан өт­кен) мек­теп­тер са­ны, бір­лік
138
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын са­ра­лау нәти­же­ле­рі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ЖОО-ла­ры­ның рей­тин­гі­сі
ЖОО-лар­дың жал­пы са­ны­нан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ЖОО-ла­ры­ның ұлт­тық рей­тин­гі­сіне қа­тыс­қан жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның үле­сі, %
Есеп­ті жыл­дың шіл­де­сі
139
Әлем­дік үз­дік уни­вер­си­тет­тер­дің рей­тин­гі­сін­де бел­гі­лен­ген қа­зақ­стан­дық ЖОО-лар­дың са­ны, бір­лік
140
Қа­зақ­стан­дық ға­лым­дар жа­ри­я­ла­ным­да­ры­ның жал­пы са­ны­нан әлем­нің же­тек­ші рей­тинг­тік ғы­лы­ми жур­нал­да­рын­да­ғы жа­ри­я­ла­ным­дар­дың үле­сі, %
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БЖХС – білім беру жіктеуіштерінің халықаралық стандарты
ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім
ЖОО – жоғары оқу орны

Қолданыстағы