Құжат мәтініне өту

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи

Өзге акт · № 3/5-V · қабылданған 12.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65206/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 3/5-V ·12.04.2012
24.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3/5-V · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов, необходимых для получения социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/5-V
Қабылданған күні
12.04.2012
Көрсетілген редакция
24.12.2013 AI65206_6.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VA000184
ЭКБ идентификаторы
65206
Редакция идентификаторы
AI65206_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:31

0 Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8, 9-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:

1 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар;

2 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);

3 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;

4 4) әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтар: онкологиялық және туберкулездің түрлі түрлері;

5 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

6 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

7 7) оралмандар;

8 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

9 9) көп балалы отбасылар;

10 10) толық емес отбасылар.

2 2. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:

1 1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 14.03.2013 № 15/5-V шешімімен;

4 4) азаматтарды тіркеу кітабы;

5 5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

6 6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;

7 7) тиісті уәкілетті орган беретін төтенше жағдайдың болғанын растайтын акті немесе өзге құжат;

8 8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығынды растайтын құжаттар (шот-калькуляция, шот-фактура, түбіртек), немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы