О выплате единовременной денежной компенсации на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности Жамбылского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О выплате единовременной денежной компенсации на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности Жамбылского района
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-55
- Қабылданған күні
- 13.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2019 65269_436137.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DG000139
- ЭКБ идентификаторы
- 65269
- Редакция идентификаторы
- 65269_436137
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:30
0 Жамбыл ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53-бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жамбыл ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы ақшалай өтемақы төленсін.
2
2. Жамбыл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 29 наурыздағы "Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 19 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-7-96 нөмірімен енгізілген, 2010 жылғы 24 сәуірде N 16 (5497) "Атамекен" газетінде жарияланған) N 36-160 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, әлеуметтік сала, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әскербек Көкеұлы Абаевқа жүктелсін.
4 4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Жамбыл аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы
13 сәуір 2012 жыл