Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан
- Атауы (қаз.)
- Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 02.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 07.03.2013 65291_150891.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12TF000129
- ЭКБ идентификаторы
- 65291
- Редакция идентификаторы
- 65291_150891
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:19
0 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 335-IV "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Біржолғы әлеуметтік көмек келесі азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
2 2) "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
3 3) екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
4 4) Ауған соғысының ұрыс-қимылдарына қатысушы әскери қызметшілерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
5
5) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;