Об утверждении Правил изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов
- Атауы (қаз.)
- Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 585
- Қабылданған күні
- 07.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2015 AI65366_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000585
- ЭКБ идентификаторы
- 65366
- Редакция идентификаторы
- AI65366_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:18
0 Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ 585 қаулысымен
бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу тәртібін анықтайды.
2 2. Есептік кезеңге арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары (бұдан әрі – ұлттық жоспар) негізінде берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемі мынадай жағдайларда қайта қаралады:
1 1) есепті кезең ішінде қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер;
2 2) есепті кезең ішінде парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін енгізу.
3 3. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат қондырғы операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайда парниктік газдар шығарындыларына бұдан бұрын берілген квоталар өзгертілмей қайта ресімделеді.
2 2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі
4 4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін мынадай құжаттарды:
1 1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті;
2 2) квотаның өзгеруін негіздейтін есептерді тапсырады.
5 5. Квотаның ұлғаюына байланысты парниктік газдар шығарындыларына квоталарды қайта қарау белгіленген базалық деңгейден ұлттық жоспардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңде жүргізілген өзгертулер бойынша қаралады.
6 6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.09.2013 № 1000 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
7 7. Уәкілетті орган бұдан бұрын парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар көлемін қайта қарауға өтінішті өтініш беруші жүгінген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қарайды. Берілген квотаны өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда бұдан бұрын берілген сертификат қайта ресімделеді.
8 8. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлеміне қатысты қайта қарау туралы ақпарат ай сайын уәкілетті органның веб-сайтында жарияланады.
8-1 8-1. Уәкілетті органға ұсынылған материалдардың толық еместігі және дәйексіздігі квотаны өзгертуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
3 3. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібі
9
9. Қондырғының операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайларда уәкілетті орган өтініш беруші жүгінген күннен бастап бір ай мерзімде жаңа оператордың атауын және мекенжайын көрсете отырып, мынадай құжаттар негізінде сертификатты қайта ресімдейді:
1 1) қондырғы операторы ауысқан (иеліктен айыру) жағдайда сатып алу–сату шарты немесе қондырғыны қабылдау-тапсыру актісі;
2 2) қызметті алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Сертификатта белгіленген міндеттемелер міндетті түрде жаңа операторға өтеді.
10
10. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) тиісті жазбаларды енгізу және мемлекеттік тізілім операторының қондырғы операторына мемлекеттік тізілімге енгізілген өзгертулер туралы жазбаша растауды беру арқылы жүргізіледі.