Құжат мәтініне өту

О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Қаулы · № 103 · қабылданған 03.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65383/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ 103 ·03.04.2012
12.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ 103 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
103
Қабылданған күні
03.04.2012
Көрсетілген редакция
12.08.2013 AI65383_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NP000142
ЭКБ идентификаторы
65383
Редакция идентификаторы
AI65383_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:38

0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әр балаға тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2 2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.

3 3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылы бойына төленеді деп белгіленсін.

4 4. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің орынбасары С.Ә. Закаринге жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

КЕЛІСІЛДІ:
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
______________________ Ә. Сансызбаев

Қолданыстағы