Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области жилищных отношений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области жилищных отношений
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 04.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2015 AI65458_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007638
- ЭКБ идентификаторы
- 65458
- Редакция идентификаторы
- AI65458_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:38
0 Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй шаруашылығы департаментінің директоры (В.К.Маслов):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;
4 4) осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П.Тихонюкке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық істері
агенттігі төрағасының
2012 жылғы 4 сәуірдегі
№ 124 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық
даму және сауда министрінің
2012 жылғы 4 сәуірдегі
№ 102 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеру субъектісі __________________________________________________
Тексерілетін объект _________________________________________________
Объектінің орналасқан жері _________________________________________
Тексеру басталған күн _______________________________________________
Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
Тексеру тексеруді тағайындау туралы 20_ "____" ___________ № ________
актінің негізінде жүзеге асырылады.
№
р/с
Бақылау кезеңінде қойылатын талаптар
Иә/Жоқ/Талап етілмейді
Түсініктеме
1
2
3
4
1
Сервистік қызмет субъектісін анықтау туралы хаттаманың болуы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)
2
Кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы растайтын құжаттардың болуы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)
3
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасының болуы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)
4
Тұрғын үй инспекциялармен кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасына келісімнің болуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)
-
5
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жұмыс түрлерін жүзеге асыратын сервистік қызмет субъектісімен шарттардың болуы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)
6
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері заңнамада белгіленген тәртіпте қабылдаған шешіміне сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)