Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области жилищных отношений

Бұйрық · № 125 · қабылданған 04.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65459/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области жилищных отношений Күшін жойған Бұйрық ·№ 125 ·04.04.2012
23.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области жилищных отношений

Күшін жойған Бұйрық ·№ 125 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства в области жилищных отношений
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
125
Қабылданған күні
04.04.2012
Көрсетілген редакция
23.06.2015 AI65459_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007639
ЭКБ идентификаторы
65459
Редакция идентификаторы
AI65459_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:38

0 Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй шаруашылығы департаментінің директоры (В.К.Маслов):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П.Тихонюкке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 4 сәуірдегі
№ 125 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық
даму және сауда министрінің
2012 жылғы 4 сәуірдегі
№ 101 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері

1

1. Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Өлшемдер тәуекелдің сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығын белгілейді, олардың негізінде тұрғын үй қатынастары саласындағы субъектілер тәуекел дәрежелері бойынша жатқызылады.

3 3. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің техникалық жай-күйін төмендету, олардың элементтерінің мерзімінен бұрын тозу, тұрғын үй қорын пайдалану және күтіп-ұстау талаптары мен нормаларының бұзылуына алып келетін авариялардың пайда болу, кондоминиум объектісінің (тұрғын үйдің) конструкцияларының төзімділігі мен ондағы инженерлік жүйелер жұмысының қауіпсіздігін төмендету ықтималдығы;

2 2) бақылау субъектісі (субъект) - кондоминиум объектісін басқару органы;

3 3) тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдердің дәрежесін бағалау өлшемдері - тұрғын үй қатынастары саласындағы бақылау субъектінің тікелей қызметіне байланысты, оларды әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.

4 4. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы және кейіннен бөлу жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Бастапқы бөлген кезде бақылау субъектілері тәуекелдердің үш дәрежесіне бөлінеді:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесіне 10 және одан көп кондоминиум объектілерін пайдаланатын және қызмет көрсететін бақылау субъектілері жатады;

2 2) орташа тәуекел дәрежесіне 5-10 кондоминиум объектілерін пайдаланатын және қызмет көрсететін бақылау субъектілері жатады;

3 3) төмен тәуекел дәрежесіне 1-5 кондоминиум объектілерін пайдаланатын және қызмет көрсететін бақылау субъектілері жатады.

6 6. Кейіннен бөлген кезде бұзушылықтың түріне байланысты бақылау субъектілеріне мынадай баллдар беріледі:

үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері шешім қабылдаған кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізбеу - 10 балл;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасының болмауы - 10 балл;
кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстардың келісілген сметасының болмауы - 10 балл;
сервистік қызмет субъектісін анықтау туралы хаттаманың болмауы - 10 балл;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жұмыс түрлерін жүзеге асыратын сервистік қызмет субъектісімен шарттардың болмауы - 10 балл;
кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы растайтын құжаттардың болмауы - 5 балл.

7 7. Кейіннен бөлудің қорытындылары бойынша бақылаудың осы субъектілеріне мынадай тәртіппен тиісті тәуекелдер дәрежесіне жатқызу үшін баллдардың шекті сомасы белгіленді:

1 1) тәуекелдің жоғары дәрежесі - 20 баллдан бастап және одан да жоғары алған кезде;

2 2) тәуекелдің орташа дәрежесі - 10 баллдан бастап және 20 баллға дейін алған кезде;

3 3) тәуекелдің төмен дәрежесі - 10 баллға дейін алған кезде.

8 8. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган тәуекел дәрежесінің бір тобының ішінде субъектілерді іріктеуді мынандай өлшемдерді ескере отырып, жүзеге асырады:

1 1) ең көп кондоминиум объектілерінің болуы;

2 2) өткен кезең ішінде анықталған бұзушылық ауырлығының дәрежесі;

3 3) ең көп тексерілмеген кезең (тексеру жүргізілмеген кезеңді анықтаған кезде жоспардан тыс тақырыптық тексеру есепке алынбайды).

Қолданыстағы