О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
- Атауы (қаз.)
- Бейбіт Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/20
- Қабылданған күні
- 13.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2016 65481_Some(106542).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12MD000134
- ЭКБ идентификаторы
- 65481
- Редакция идентификаторы
- 65481_Some(106542)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:30
0 Бейбіт Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Қарақия ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу орындарын белгілеу жолымен бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).
3 3. Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізіледі және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық мәслихаттың заңдылық,
депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік
мәселелер жөніндегі тұрақты
комиссияның төрағасы
Е.Таджибаев
13 сәуір 2012 жыл
4 Қарақия аудандық мәслихатының
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 2/20 шешіміне қосымша
Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу орындары