О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
Күшін жойған
Қаулы
·№ 180
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 16.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2013 AI65485_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NR000166
- ЭКБ идентификаторы
- 65485
- Редакция идентификаторы
- AI65485_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:28
0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тоқсан сайын әрбір балаға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып тағайындалсын.
3 3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылы ішінде төленеді деп белгіленсін.
4 4. Әлеуметтік көмекті төлеу әлеуметтік көмек алушының банк шотына ақшалай қаражатты екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялары түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен іске асырылады.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
_________________ Л. Өтешева
"Таран ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
ММ бастығы
_________________ В. Ересько