Құжат мәтініне өту

О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Қаулы · № 493 · қабылданған 16.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65490/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ 493 ·16.04.2012
23.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ 493 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
493
Қабылданған күні
16.04.2012
Көрсетілген редакция
23.07.2013 65490_189609.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NB000209
ЭКБ идентификаторы
65490
Редакция идентификаторы
65490_189609
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:28

0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін ай сайын әр балаға 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2 2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.

3 3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылы бойы ай сайын төленіп тұратыны белгіленсін.

4 4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 14 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

Қолданыстағы