Құжат мәтініне өту

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-презентационный центр" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Қаулы · № 626 · қабылданған 16.05.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65504/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-презентационный центр" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 626 ·16.05.2012
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-презентационный центр" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 626 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-презентационный центр" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
626
Қабылданған күні
16.05.2012
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI65504_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000626
ЭКБ идентификаторы
65504
Редакция идентификаторы
AI65504_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:14

0 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз үлеспен қатысатын «Дара қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні:

1 1) «Transport Тower» әкімшілік-технологиялық кешені» ғимаратын пайдалану;

2 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көлік қызметін көрсету болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) серіктестік жарғысын бекітуді;

2 2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3 3) серіктестіктің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бір ай мерзімде жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иелікке және пайдалануға беруді;

4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4 4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 16 мамырдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Астана қаласы» деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-149-жолмен толықтырылсын:
«21-149. «Дара қызмет» ЖШС».

3 3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-26-жолмен толықтырылсын:
«160-26. «Дара қызмет» ЖШС.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қолданыстағы