О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-презентационный центр" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Информационно-презентационный центр" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 626
- Қабылданған күні
- 16.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI65504_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000626
- ЭКБ идентификаторы
- 65504
- Редакция идентификаторы
- AI65504_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:14
0 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз үлеспен қатысатын «Дара қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні:
1) «Transport Тower» әкімшілік-технологиялық кешені» ғимаратын пайдалану;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көлік қызметін көрсету болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) серіктестік жарғысын бекітуді;
2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) серіктестіктің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бір ай мерзімде жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иелікке және пайдалануға беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 16 мамырдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Астана қаласы» деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-149-жолмен толықтырылсын:
«21-149. «Дара қызмет» ЖШС».
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-26-жолмен толықтырылсын:
«160-26. «Дара қызмет» ЖШС.