О порядке и сроках публикации финансовой отчетности банковскими и страховыми холдингами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке и сроках публикации финансовой отчетности банковскими и страховыми холдингами
- Атауы (қаз.)
- Банктік және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 138
- Қабылданған күні
- 26.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2026 65509_821362.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007648
- ЭКБ идентификаторы
- 65509
- Редакция идентификаторы
- 65509_821362
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:46
0 Банктік және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері туралы
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктік және сақтандыру холдингтері жыл сайын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) жылдық қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейін бір айдың ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында:
1) еншілес ұйымдары жоқтары - аудиторлық ұйым растаған, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылмаған жылдық бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны және аудиторлық есепті;
2) еншілес ұйымдары барлары - аудиторлық ұйым растаған, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін шоғырландырылған жылдық бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны және аудиторлық есепті жарияласын.