О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
Күшін жойған
Қаулы
·№ 360
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 360
- Қабылданған күні
- 23.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2012 65529_33550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NQ003874
- ЭКБ идентификаторы
- 65529
- Редакция идентификаторы
- 65529_33550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:07
0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін сегіз есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр балаға тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталсын.
3 3. Тиісті оқу жылы ішінде әлеуметтік көмек төлемі белгіленсін.
4 4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
6 6. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 103 қаулысы жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-97 тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырдағы "Сарыкөл" газетінде жарияланған).
7 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
__________________ С. Молдабеков