Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования и ведения базы данных товаров, работ, услуг и их поставщиков

Қаулы · № 636 · қабылданған 17.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65536/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования и ведения базы данных товаров, работ, услуг и их поставщиков Күшін жойған Қаулы ·№ 636 ·17.05.2012
18.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования и ведения базы данных товаров, работ, услуг и их поставщиков

Күшін жойған Қаулы ·№ 636 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования и ведения базы данных товаров, работ, услуг и их поставщиков
Атауы (қаз.)
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
636
Қабылданған күні
17.05.2012
Көрсетілген редакция
18.02.2016 AI65536_4.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000636
ЭКБ идентификаторы
65536
Редакция идентификаторы
AI65536_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:14

0 Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 мамырдағы
№ 636 қаулысымен
бекітілген
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер (берушілер) – отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілер;

2 2) қағаздағы құжаттың электрондық көшірмесі - тиісті түпнұсқа қағаздағы құжаттың ақпаратын (деректемелердің мәліметтерін) электрондық-цифрлық нысанда толық баяндайтын және осы құжатты растауға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.

1 1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібі

3 3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын (бұдан әрі – дерекқор) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институт (бұдан әрі – институт) қалыптастырады және жүргізеді.

4 4. Дерекқордағы мәліметтер www.ks.gov.kz мекенжайы бойынша Интернет-ресурста орналастырылады және барлық мүдделі тұлғаларға өтеусіз негізде танысу үшін қолжетімді. «Қазақстандық қамту» интернет-порталының (бұдан әрі – портал) ақпараттық жүйесі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

5 5. Дерекқор мыналарды қамтиды:

1 1) отандық өндірушілер өндіретін тауарлар, отандық берушілер көрсететін жұмыстар және қызметтер;

2 2) отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілердің тізбесі;

3 3) Қазақстанда шығарылған «CT-KZ» нысанындағы сертификаттар берілген тауарлар;

4 4) отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануға арналған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.

6 6. Дерекқор тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің институтқа ұсынған мәліметтері негізінде қалыптастырылады.

7 7. Дерекқор жүргізу мыналарды қамтиды:

1 1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер және олардың берушілері туралы мәліметтерді дерекқорға енгізу;

2 2) отандық берушілер ұсынған деректерге сәйкес дерекқорға енгізілген мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту), сондай-ақ, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді дерекқордан алып тастау;

3 3) дерекқорды порталға орналастыру.

8 8. Дерекқорға енгізу үшін отандық беруші институтқа мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды нұсқада мынадай құжаттарды ерікті негізде ұсынады:

1 1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша берушілер сауалнамасы;

2 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда тауарлар туралы ақпарат және/немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат;

3 3) тауарлар үшін:

сәйкестік сертификаты – өнімнің техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде белгіленген сәйкестігін куәландыратын құжат;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеге сәйкес өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған тауарларға ресімделетін, куәландырылатын және берілетін «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат;

4 4) тауарларды берушілер үшін:

заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді тіркеу/қайта тіркеу фактісін куәландыратын құжат;
салық төлеушінің куәлігі (СТН) (2013 жылдың 1 қаңтарына дейін);
егер осындай тауарлар өндірісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі болып табылады деген шартпен, берушінің дерекқорға енгізуге үміттенетін тауар өндірісіне лицензия;

5 5) жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің берушілері үшін:

заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді тіркеу/қайта тіркеу фактісін куәландыратын құжат;
салық төлеушінің куәлігі (СТН) (2013 жылдың 1 қаңтарына дейін);
егер осындай жұмыс өндірісі немесе осындай қызмет/қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі болып табылады деген шартпен, берушінің дерекқорға енгізуге үміттенетін жұмыстар өндірісіне/қызмет көрсетуге лицензия;
ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдалану туралы ақпараты.
Осы тармақтың 5-тармақшасының алтыншы абзацында көзделген құжаттарды қоспағанда, осы тармақтың 3)-5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қағаздағы құжаттардың электрондық көшірмелерінде ұсынылады.

9 9. Институт:

1 1) берушіден қажетті құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді, оның ішінде өзге мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жүзеге асырады;

2 2) тексеру нәтижелері бойынша екі жұмыс күні ішінде:

құжаттар пакетінің, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, дерекқорға тиісті мәліметтер енгізеді және берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекенжайға берілген нөмірді көрсете отырып, дерекқорға тиісті мәліметтердің енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді;
құжаттар пакеті толық немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда немесе тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардың берушілер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекенжайға дерекқорға енгізу туралы дәлелді бас тарту жібереді.

10 10. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген мәліметтерді өзектілендіру/жаңарту берушінің ұсынған құжаттары және/немесе тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардың берушілері туралы алынған ақпараты негізінде жүргізіледі.

11 11. Дерекқорға енгізуге негіз болып табылған құжаттардың қолдану мерзімі аяқталған соң он жұмыс күнінен кешіктірмей беруші институтқа олардың қолданылуының жаңа мерзімін көздейтін өзектілендірілген/жаңартылған құжаттарды жібереді.

12

12. Отандық беруші жылына кемінде бір рет және дерекқорға енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей институтқа өзектілендірілген/жаңартылған құжаттарды және беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен және нысанда енгізу (қосу) үшін негіз болып табылатын мәліметтерді жібереді.

13 13. Осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген өзгертілген мәліметтерді беруші институтқа осындай өзгерістер түскен он жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Өзгертілген мәліметтерді өндіруші институтқа осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен және нысанда жібереді.

14 14. Институт Дерекқордан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді он жұмыс күнінен кешіктірмей мына жағдайларда алып тастауды жүзеге асырады:

1 1) берушінің қызметін тоқтатылғаны/уақытша тоқтатыла тұрғаны туралы ақпарат алынғаннан кейін;

2 2) берушінің өзінің бастамасы бойынша;

3 3) дерекқорға енгізуге (қосуға) негіз болып табылған өзектілендірілген/жаңартылған құжаттар және мәліметтер, олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде ұсынылмаған жағдайда;

4 4) дерекқорға енгізуге (қосуға) негіз болып табылған құжаттар мен мәліметтер дерекқорға енгізілген (қосылған) күннен бастап бір жыл өткен соң өзектілендірілмеген жағдайда;

5 5) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізуге (қосуға) негіз болып табылған жалған мәліметтер ұсыну фактілері анықталған жағдайда.

15 15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жағдайларда институт берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекенжайға оны дерекқордан алып тастағаны туралы хабарлама жібереді.

1 Берушінің сауалнамасын толтыру нысандары (заңды тұлғалар)

Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Берушінің сауалнамасын толтыру нысандары (заңды тұлғалар)
1.
Заң­ды тұл­ға­ның* мем­ле­кет­тік тіл­де­гі ата­уы
2.
Заң­ды тұл­ға­ның* орыс ті­лін­де­гі ата­уы
3.
Мем­ле­кет­тік тіл­де­гі* ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-құқық­тық ны­сан
4.
Орыс ті­лін­де­гі* ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-құқық­тық ны­сан
5.
Бі­рін­ші бас­шы­ның мем­ле­кет­тік тіл­де­гі* Т.А.Ә.
6.
Бі­рін­ші бас­шы­ның орыс ті­лін­де­гі* Т.А.Ә.
7.
Ла­у­а­зы­мы мем­ле­кет­тік тіл­де*
8.
Ла­у­а­зы­мы орыс ті­лін­де*
Заң­ды ме­кен­жайы
9.
Об­лыс мем­ле­кет­тік тіл­де*
10.
Об­лыс орыс ті­лін­де*
11.
Қа­ла мем­ле­кет­тік тіл­де*
12.
Қа­ла орыс ті­лін­де*
13.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы* мем­ле­кет­тік тіл­де
14.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы* орыс ті­лін­де*
15.
Ин­декс*
16.
Кө­ше, үй, кең­се мем­ле­кет­тік тіл­де*
17.
Кө­ше, үй, кең­се орыс ті­лін­де*
18.
Мем­ле­кет­тік тір­кеу/қай­та тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік №
19.
Тір­кеу/қай­та тір­кеу кү­ні*
20.
БСН (2013 жыл­дың 1 қаң­та­ры­нан ба­стап)*
21.
СТН (2013 жыл­дың 1 қаң­та­ры­на дей­ін)*
22.
ҚҚС бой­ын­ша тір­кеу есе­біне қой­ы­л­ға­ны ту­ра­лы ку­ә­лік се­ри­я­сы**
23.
ҚҚС бой­ын­ша тір­кеу есе­біне қой­ы­л­ға­ны ту­ра­лы ку­ә­лік нө­мі­рі**
24.
КҰЖЖ мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші бой­ын­ша код*
Нақ­ты ме­кен­жайы
25.
Об­лыс мем­ле­кет­тік тіл­де*
26.
Об­лыс орыс ті­лін­де*
27.
Қа­ла мем­ле­кет­тік тіл­де*
28.
Қа­ла орыс ті­лін­де*
29.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы* мем­ле­кет­тік тіл­де
30.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы* орыс ті­лін­де*
31.
Кө­ше, үй, кең­се мем­ле­кет­тік тіл­де*
32.
Кө­ше, үй, кең­се орыс ті­лін­де*
33.
Те­ле­фон (об­лы­стың кодын қо­са ал­ған­да)*
34.
Факс (об­лы­стың кодын қо­са ал­ған­да)*
35.
Web-сайт
36.
Қыз­мет түр­ле­рі мем­ле­кет­тік тіл­де*
37.
Қыз­мет түр­ле­рі орыс ті­лін­де*
38.
Пер­со­нал са­ны, оның ішін­де
39.
Ин­же­нер-тех­ни­ка­лық жұ­мыс­кер­лер (ИТЖ) (са­ны)*
40.
Жұ­мыс­шы­лар (са­ны)*
41.
Қа­зақ­стан­дық кадр­лар (са­ны)*
42.
Жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы қа­зақ­стан­дық құ­ры­л­тай­шы­лар­дың үле­сі, %
Банк­тік де­ректе­ме­лер
43.
БСК*
44.
ЖСК*
45.
Қыз­мет көр­се­ту­ші банк мем­ле­кет­тік тіл­де*
46.
Қыз­мет көр­се­ту­ші банк орыс тіл­де*
47.
Бай­ла­ны­су­шы тұл­ға (бай­ла­ныс жө­нін­де­гі ме­не­джер)*
48.
Т.А.Ә.*
49.
Ла­у­а­зы­мы мем­ле­кет­тік тіл­де*
50.
Ла­у­а­зы­мы орыс ті­лін­де*
51.
Те­ле­фон (об­лы­стың кодын қо­са ал­ған­да)*
52.
Факс (об­лы­стың кодын қо­са ал­ған­да)*
53.
Элек­трон­дық ме­кен­жай*
54.
Элек­трон­дық поч­та­ға ха­бар­ла­ма алу­ға ке­лі­сім*
________________________________ ________________
(Бірінші басшының (қолы)
немесе оны ауыстыратын адамның Т.А.Ә.)
М.О.
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
** Егер тұлға ҚҚС төлеуші болып табылса, міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар.
Аббревиатуралардың толық жазылуы
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
СТН – салық төлеушінің тіркелу нөмірі
ҚҚС – қосымша құн салығы
КҰЖЖ - кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі
ЖСК - жеке сәйкестендіру коды
БСК – банктік сәйкестендіру коды

2 Өндірушінің сауалнамасы (жеке тұлғалар)

Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Өндірушінің сауалнамасы (жеке тұлғалар)
1.
Же­ке тұл­ға­ның мем­ле­кет­тік тіл­де­гі ата­уы*
2.
Же­ке тұл­ға­ның орыс ті­лін­де­гі ата­уы*
3.
Бі­рін­ші бас­шы­ның мем­ле­кет­тік тіл­де­гі Т.А.Ә.*
4.
Бі­рін­ші бас­шы­ның Т.А.Ә.орыс ті­лін­де*
Заң­ды ме­кен­жайы
5.
Об­лыс мем­ле­кет­тік тіл­де*
6.
Об­лыс орыс ті­лін­де*
7.
Қа­ла мем­ле­кет­тік тіл­де*
8.
Қа­ла орыс ті­лін­де*
9.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы мем­ле­кет­тік тіл­де*
10.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы орыс ті­лін­де*
11.
Ин­декс*
12.
Кө­ше, үй, кең­се мем­ле­кет­тік тіл­де*
13.
Кө­ше, үй, кең­се орыс ті­лін­де*
14.
Же­ке ку­ә­лік­тің нө­мі­рі, кү­ні және бер­ген ор­ган
15.
Да­ра кә­сіп­кер үшін – да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де өті­ніш бе­ру­ші­ні мем­ле­кет­тік тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі
16.
БСН (2013 жыл­дың 1 қаң­та­ры­нан ба­стап)*
17.
СТН (2013 жыл­дың 1 қаң­та­ры­на дей­ін)*
18.
ҚҚС бой­ын­ша тір­кеу есе­біне қой­ы­л­ға­ны ту­ра­лы ку­ә­лік се­ри­я­сы**
19.
ҚҚС бой­ын­ша тір­кеу есе­біне қой­ы­л­ға­ны ту­ра­лы ку­ә­лік но­ме­рі**
Нақ­ты ме­кен­жайы
20.
Об­лыс мем­ле­кет­тік тіл­де*
21.
Об­лыс орыс ті­лін­де*
22.
Қа­ла мем­ле­кет­тік тіл­де*
23.
Қа­ла орыс ті­лін­де*
24.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы мем­ле­кет­тік тіл­де*
25.
Ел­ді ме­кен, бас­қа­сы орыс ті­лін­де*
26.
Кө­ше, үй, кең­се мем­ле­кет­тік тіл­де*
27.
Кө­ше, үй, кең­се орыс ті­лін­де*
28.
Те­ле­фон (об­лы­стың кодын қо­са ал­ған­да)*
29.
Факс (об­лы­стың кодын қо­са ал­ған­да)
30.
Ин­тер­нет-ре­сурс
31.
Қыз­мет түр­ле­рі мем­ле­кет­тік тіл­де*
32.
Қыз­мет түр­ле­рі орыс ті­лін­де*
33.
Пер­со­нал са­ны, оның ішін­де
34.
Ин­же­нер-тех­ни­ка­лық жұ­мыс­кер­лер (ИТЖ) (са­ны)*
35.
Жұ­мыс­шы­лар*
36.
Қа­зақ­стан­дық кадр­лар*
Банк­тік де­ректе­ме­лер
37.
БСК*
38.
ЖСК*
39.
Қыз­мет көр­се­ту­ші банк мем­ле­кет­тік тіл­де*
40.
Қыз­мет көр­се­ту­ші банк орыс ті­лін­де*
41.
Бай­ла­ны­су­шы тұл­ға (бай­ла­ныс жө­нін­де­гі ме­не­джер)*
42.
Т.А.Ә.*
43.
Ла­у­а­зы­мы мем­ле­кет­тік тіл­де
44.
Ла­у­а­зы­мы орыс ті­лін­де
45.
Те­ле­фон (об­лы­стың кодын қо­са ал­ған­да)*
46.
Факс (об­лы­стың кодын қо­са ал­ған­да)*
47.
Элек­трон­дық ме­кен­жай*
48.
Элек­трон­дық поч­та­ға ха­бар­ла­ма алу­ға ке­лі­сім*
________________________________ ________________
(Бірінші басшының (қолы)
немесе оны ауыстыратын адамның Т.А.Ә.)
М.О.
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
** Егер тұлға ҚҚС төлеуші болып табылса, міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
СТН – салық төлеушінің тіркелу нөмірі
ЖСК - жеке сәйкестендіру коды
БСК – банктік сәйкестендіру коды

3 Өндірілетін тауарлар тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Өндірілетін тауарлар тізбесі
1
ЭҚТ ӨЖ бой­ын­ша та­у­ар ко­ды (6 ны­шан дең­гей­ін­де)*
2
МӨБЖ коды­на сәй­кес өл­шем бір­лі­гі*
3
Та­у­ар­дың мем­ле­кет­тік тіл­де­гі қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (тип­те­рі, өл­ше­мі, ма­те­ри­ал­да­ры, тү­сі, қу­а­ты, жұ­мыс қы­сы­мы, жүк­кө­те­рім­ді­лі­гі және бас­қа­ла­ры)*
4
Та­у­ар­дың орыс ті­лін­де­гі қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (тип­те­рі, өл­ше­мі, ма­те­ри­ал­да­ры, тү­сі, қу­а­ты, жұ­мыс қы­сы­мы, жүк­кө­те­рім­ді­лі­гі және бас­қа­ла­ры)*
5
Та­у­ар бір­лі­гі­нің ба­ға­сы, тең­ге
6
Қол­да­ны­ла­тын тех­но­ло­гия мем­ле­кет­тік тіл­де
7
Қол­да­ны­ла­тын тех­но­ло­гия орыс ті­лін­де
8
Та­у­ар өн­ді­ру­ші ли­цен­зи­я­сы­ның нө­мі­рі және қол­да­ны­лу мер­зі­мі
9
Та­у­ар­лар­дың бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар­ға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API,ASTM) сәй­кест­і­гі мем­ле­кет­тік тіл­де
10
Та­у­ар­лар­дың бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар­ға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API, ASTM) сәй­кест­і­гі орыс ті­лін­де
11
CT-KZ сер­ти­фи­ка­ты­ның нө­мі­рі
11.1
CT-KZ сер­ти­фи­ка­ты­ның нө­мі­рі
11.2
CT-KZ сер­ти­фи­ка­тын бер­ген ор­ган­ның ко­ды
11.3
Сер­ти­фи­кат бе­рі­л­ген күн
11.4
CT-KZ сер­ти­фи­ка­тын­да көр­се­ті­л­ген та­у­ар­да­ғы қа­зақ­стан­дық қам­ту (%)
11.5
Сер­ти­фи­кат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі
12
Та­у­ар­дың тех­ни­ка­лық, са­па­лық және пай­да­ла­ну си­патта­ма­сы ту­ра­лы қо­сым­ша ақ­па­рат
________________________________ ________________
(Бірінші басшының (қолы)
немесе оны ауыстыратын адамның Т.А.Ә.)
М.О.
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші;
МӨБЖ – мемлекетаралық өлшем бірліктері және есепшоттар жіктеуіші;
МЕМСТ - халықаралық стандарт;
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты;
ИСО – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым, ИСО (International Organization for Standardization, ISO):
API – Американдық мұнай институты стандарты (American Petroleum Institute, API)
ASTM – ASTM International (American Society for Testing and Materials) Материалдар, өнімдер, жүйелер және қызметтерге арналған стандарттарды әзірлеуші және шығарушы америкалық халықаралық ерікті ұйым.

4 Жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі
1
ЭҚТ ӨЖ бой­ын­ша та­у­ар ко­ды (6 ны­сан дең­гей­ін­де)*
2
Та­у­ар­дың мем­ле­кет­тік тіл­де­гі қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (тип­те­рі, өл­ше­мі, ма­те­ри­ал­да­ры, тү­сі, қу­а­ты, жұ­мыс қы­сы­мы, жүк­кө­те­рім­ді­лі­гі және бас­қа­ла­ры)*
3
Та­у­ар­дың орыс ті­лін­де­гі қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (тип­те­рі, өл­ше­мі, ма­те­ри­ал­да­ры, тү­сі, қу­а­ты, жұ­мыс қы­сы­мы, жүк­кө­те­рім­ді­лі­гі және бас­қа­ла­ры)*
4
Орын­да­ла­тын (көр­се­ті­ле­тін) жұ­мыс­та­ғы (қыз­мет­те­гі) жер­гі­лік­ті қам­ту үле­сі, %*
5
Орын­да­ла­тын (көр­се­ті­ле­тін) жұ­мыстың (қыз­мет­тер) ба­ға­сы
6
Ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі және қол­да­ны­лу мер­зі­мі
7
Жұ­мыс (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер) нәти­же­ле­ріне ке­піл­дік мер­зі­мі
8
Жұ­мыс (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер) нәти­же­ле­рі­нің жа­рам­ды­лық мер­зі­мі
9
Жұ­мыстар­дың/ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің са­па­лық және пай­да­ла­ну си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы қо­сым­ша ақ­па­рат
________________________________ ________________
(Бірінші басшының (қолы)
немесе оны ауыстыратын адамның Т.А.Ә.)
М.О.
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші

5 Жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді беруші туралы ақпарат

Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді беруші туралы ақпарат
1
Жұ­мыс­кер­лер­дің жал­пы са­ны:*
2
оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі:*
3
оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті еме­сте­рі:*
________________________________ ________________
(Бірінші басшының (қолы)
немесе оны ауыстыратын адамның Т.А.Ә.)
М.О.
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар

Қолданыстағы