Об оказании дополнительной социальной помощи детям с ограниченными возможностями, воспитывающимся и обучающимся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи детям с ограниченными возможностями, воспитывающимся и обучающимся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 153
- Қабылданған күні
- 09.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2024 I65542_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DN000128
- ЭКБ идентификаторы
- 65542
- Редакция идентификаторы
- I65542_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:35
0 Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды (бұдан әрі- мүгедек балалар) үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу (бұдан әрі- үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек) әр мүгедек балаға тоқсанына айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.
2
2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек туған, асырап алған сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға отбасының табыстарына қарамастан, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының берген қорытындысы негізінде мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап жазғы каникул күндерін есептемегенде бір оқу жылына өтініш білдірген тоқсаннан бастап тағайындалады және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысының мерзімінің бітуіне дейін төленеді. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді.
3
3. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын. Үйде оқытуға көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның басшысымен арызды және барлық керекті құжаттарды қабылдаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылданады және тоқсан сайын төленеді.
4
4. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Шаяхметова Айгүл Нұртаевнаға тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер арқылы өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда жәрдемақының тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі;
3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
4) мүгедек баланың тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (тоқсан сайын);
5) медициналық–әлеуметтік сараптаманың мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
6) облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы;
7) үйден оқытуды растайтын оқу орнынан берілген анықтама (тоқсан сайын);
Құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.