Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил отнесения активов, предоставленных банками дочерним организациям на приобретение прав требований по кредитам (займам), признанным сомнительными и безнадежными активами, к категории сомнительных и безнадежных, а также формирования провизии (резервов) против активов, представленных родительскими банками дочерним организациям

Қаулы · № 96 · қабылданған 24.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65564/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил отнесения активов, предоставленных банками дочерним организациям на приобретение прав требований по кредитам (займам), признанным сомнительными и безнадежными активами, к категории сомнительных и безнадежных, а также формирования провизии (резервов) против активов, представленных родительскими банками дочерним организациям Күшін жойған Қаулы ·№ 96 ·24.02.2012
26.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил отнесения активов, предоставленных банками дочерним организациям на приобретение прав требований по кредитам (займам), признанным сомнительными и безнадежными активами, к категории сомнительных и безнадежных, а также формирования провизии (резервов) против активов, представленных родительскими банками дочерним организациям

Күшін жойған Қаулы ·№ 96 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил отнесения активов, предоставленных банками дочерним организациям на приобретение прав требований по кредитам (займам), признанным сомнительными и безнадежными активами, к категории сомнительных и безнадежных, а также формирования провизии (резервов) против активов, представленных родительскими банками дочерним организациям
Атауы (қаз.)
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
96
Қабылданған күні
24.02.2012
Көрсетілген редакция
26.02.2018 65564_306716.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007623
ЭКБ идентификаторы
65564
Редакция идентификаторы
65564_306716
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:58

0

Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

­"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр Б. Жәмішев
2012 жылғы 9 сәуір

3 Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 96 қаулысымен
бекітілді
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидалары
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленді және банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртібін белгілейді.

1 1. Бас банк бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымға кредиттер (қарыздар), сондай-ақ күмәнді және үмітсіз кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге активтерді, сондай-ақ басқа да активтерді береді.

2 2. Қағидалардың мақсаттары үшін күмәнді және үмітсіз кредиттер (қарыздар) деп бас банк берген резервтерінің мөлшері негізгі борыш сомасынан 5 (бес) пайыздан кем емес деңгейде қалыптастырылған кредиттер (қарыздар), танылады.

Басқа активтер деп кепіл ретінде қабылданған және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін бас банктің немесе еншілес ұйымның меншігіне өткен активтер танылады.

3

3. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсатын алғанға дейін күмәнді және үмітсіз активтерді басқару қызметін жүзеге асыратын (жүзеге асырған) еншілес ұйымына (еншілес ұйымдарға) берілген кредиттерге (қарыздарға), бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымына берілген кредиттерге (қарыздарға), сондай-ақ бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымына бас банк берген активтерге қарсы резервтерді қалыптастыру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бас банктің ішкі кредиттік саясатына сәйкес есептеледі.

4

4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы қызметінің мерзімі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабының 5-тармағында көзделген күмәнді және үмітсіз активтерді4 сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалады және ол бір жылдан кем болмауы тиіс.

Қолданыстағы