Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления мониторинга безопасности ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок

Бұйрық · № 18-02/158 · қабылданған 06.04.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65581/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления мониторинга безопасности ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/158 ·06.04.2012
06.11.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления мониторинга безопасности ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/158 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления мониторинга безопасности ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок
Атауы (қаз.)
Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-02/158
Қабылданған күні
06.04.2012
Көрсетілген редакция
06.11.2014 AI65581_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007646
ЭКБ идентификаторы
65581
Редакция идентификаторы
AI65581_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:36

0 Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру Қағидасын бекіту туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру Қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (Н.Х.Жақыпбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің м.а.
2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 18-02/158 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді.

2 2. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 6.11.2014 № 7-1/573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін оларды өткізу және қолдану кезеңдерінде мемлекеттік ветеринариялық ұйым (бұдан әрі - ұйым) жүзеге асырады.

2 2. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру тәртібі

4 4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

1 1) ақпаратты жинау және өңдеу;

2

2) оларды қолданудың мүмкін болатын теріс салдарларын анықтау, мұндай препараттар қолдануды болдырмау және жануарларды қорғау мақсатында ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі кезінде алынған, өңделген ақпаратты талдауды, бағалауды және болжауды жүзеге асыру;

5 5. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүргізген кезде:

1 1) ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларының серияларын (партияларын) оларды рекламациялау кезіндегі бақылау нәтижелері;

2 2) жанама әсер туралы жеке және заңды тұлғалардан алынған хабарламалар;

3 3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде алынған ақпарат;

4 4) республикалық бюджет қаржысының есебінен алынатын ветеринариялық препараттар туралы ақпарат;

5 5) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарында жалпы қолжетімді, телекоммуникациялық желілерде, ғылыми жарияла бар ақпарат.

3 3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін талдау, бағалау, болжау

6

6. Ұйым жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша алынған ақпаратты талдайды, жануарларды саулығы мен өмірі үшін ауыр салдарларға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін ветеринариялық препараттардың анықталған жанама әсері туралы тәуекелдің, тиімділігінің жоқ болуының жай-күйін бағалайды және жануарлардың жай-күйі мен олардың сипаттамаларының бақыланатын өзгерістерін болжайды және жалпыланған мәліметтер мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жолдайды.

7 7. Комитет ұйым ұсынған ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, бір айлық мерзімде:

1 1) ветеринариялық препараттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қосымша сынап тексеру сынақтарын өткізу қажеттілігі туралы;

2 2) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспасын мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтару туралы шешім қабылдайды.

8

8. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі үшін пайдаланылатын ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында ұйым ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларының анықталған жанама әсері туралы хабарларды тіркеу журналын осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

9

9. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу толықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұйым тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 30-күніне дейін Комитетке ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі туралы есепті осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ұсынады.

10 10. Комитет ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі нәтижелері туралы есепті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

1 Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының анықталған жағымсыз әсерлері туралы хабарламаларды тіркеу журналы

Ветеринариялық препараттар,
жемшөп пен жемшөп қоспалары
қауіпсіздігінің мониторингін
жүзеге асыру қағидасына
1-қосымша
Нысан
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының анықталған жағымсыз әсерлері туралы хабарламаларды тіркеу журналы

Жа­ғым­сыз қа­уіп­ті әсер­дің шық­қа­ны жө­нін­де Ха­бар­шы­ның аты-жө­ні (болған жағ­дай­да) (бұ­дан әрі - Ф.А.Ә.)
Жа­ғым­сыз әсе­рін кү­ні
Ұй­ым ата­уы (ме­кен­жайы, тел/факс, е-mail)
Ата­уы (ха­лы­қа­ра­лық, хи­ми­я­лық, са­уда­лық, өн­ді­ру­ші фир­ма, ел)
Се­рия (пар­тия) нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Шы­ға­ру ны­са­ны
Ен­гі­зу тә­сі­лі
Си­па­ты
Қа­был­дан­ған ша­ра­лар
Ф.А.Ә.
Кү­ні (қо­лы)
7
8
9
10
11
12

2 Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері туралы есеп

Ветеринариялық препараттар,
жемшөп пен жемшөп қоспалары
қауіпсіздігінің мониторингін
жүзеге асыру қағидасына
2-қосымша
Нысан
Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері туралы есеп

Жем­шөп және жем­шөп қо­с­па­ла­ры мен ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­та­ры­ның ата­уы (ха­лы­қа­ра­лық, хи­ми­я­лық, са­уда­лық)
Дай­ын­дап шы­ға­ра­тын ел
Ке­ден ода­ғы ел­де­рі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы Жем­шөп және жем­шөп қо­с­па­ла­ры мен ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­та­ры­ның тір­кеу мер­зі­мі (кү­ні, айы, жы­лы)
Жа­ғым­сыз қа­уіп­ті әсер­дің шық­қа­ны жө­нін­де тір­кеу мер­зі­мі (кү­ні, айы, жы­лы)
Жа­ғым­сыз қа­уіп­ті әсер­дің шы­ғуы (бей­не­леп су­рет­теу)
Ша­ра қол­да­ну
1
2
3
4
5
6
7

Қолданыстағы