Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан

Қаулы · № 130 · қабылданған 23.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65620/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған Қаулы ·№ 130 ·23.04.2012
06.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан

Күшін жойған Қаулы ·№ 130 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
130
Қабылданған күні
23.04.2012
Көрсетілген редакция
06.02.2013 65620_157483.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12TC000172
ЭКБ идентификаторы
65620
Редакция идентификаторы
65620_157483
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:23

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20–бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 "Махамбет ауданының 2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келесі жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

2 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

3 3) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің зайып (жұбайларына) 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

4 4) Ауған соғысының ұрыс–қимылдарына қатысушы әскери қызметшілеріне 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

5 5) Ауғанстандағы немесе ұрыс–қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар–ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

6 6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан азаматарға және 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға 5000 ( бес мың) теңге мөлшерінде;

7 7) Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

8 8) он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

2 2. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О.Қайрекешова) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

Қолданыстағы