Об установлении карантинной зоны на территориях городов Арыс, Туркестан и Сарыагашского, Отырарского, Шардаринского, Махтааральского районов Южно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантинной зоны на территориях городов Арыс, Туркестан и Сарыагашского, Отырарского, Шардаринского, Махтааральского районов Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 27.04.2012
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2017 65624_208712.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12U0002075
- ЭКБ идентификаторы
- 65624
- Редакция идентификаторы
- 65624_208712
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:21
0 Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1, 14-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 4-14/275 ұсынысы негізінде, Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал аудандары аумақтарында қауын шыбыны карантиндік объектісінің анықталуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарына карантиндік тәртіп енгізіле отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
2 2. Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары әкімдері осы қаулының 1-тармағына сәйкес карантиндік объектілерді оқшаулау және жою жөніндегі карантиндік шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдем көрсетсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов
Облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиев
Облыс әкімінің орынбасары Б.Әлиев
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев
Облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков
Облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев
Облыстық экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Е.Садыр
Облыстық қаржы басқармасының бастығы Р.Исаева
5 Облыс әкімдігінің
2012 жылғы «27» сәуірдегі
№ 137 қаулысына
қосымша
Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарындағы
ауыл шаруашылығы алқаптарындағы карантиндік аймақ
№
Қала және аудан атауы
Карантиндік объекті атауы
Көлемі, гектар
1
Арыс
қауын шыбыны
545
2
Түркістан
қауын шыбыны
226
3
Сарыағаш
қауын шыбыны
400
4
Отырар
қауын шыбыны
514
5
Шардара
қауын шыбыны
421
6
Мақтаарал
қауын шыбыны
812
7
Сайрам
жеміс ағаш күйігі
5,3
8
Ордабасы
қауын шыбыны
85
9
Бәйдібек
қауын шыбыны
10
Жиыны
3018,3