Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан

Қаулы · № 656 · қабылданған 22.05.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65653/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 656 ·22.05.2012
22.05.2012 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 656 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
656
Қабылданған күні
22.05.2012
Көрсетілген редакция
22.05.2012 AI65653_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000656
ЭКБ идентификаторы
65653
Редакция идентификаторы
AI65653_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:12

0 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменттері – мемлекеттік мекемелері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменттері – мемлекеттік мекемелері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қайта аталсын.

3

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің – мемлекеттік мекемелерін аумақтық органдарының қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4 4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде:

13-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;»;
22-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;»;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің аумақтық органдарының тізбесі осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

5 5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6 6. Осы қаулы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қайта ұйымдастырылатын экология департаменттері – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 мамыр
№ 656 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қайта ұйымдастырылатын экология департаменттері – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаментіне, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаментіне бөліну жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Балқаш-Алакөл экология департаменті.

2

2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаментіне, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментіне, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне бөліну жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жайық-Каспий экология департаменті.

3

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаментіне, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментіне бөліну жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаменті.

4

4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментіне, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментіне бөліну жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шу-Талас экология департаменті.

5

5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаментіне және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаментіне бөліну жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология департаменті.

6

6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаментіне, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментіне және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаментіне бөліну жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл экология департаменті.

2 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қайта аталатын экология департаменттері – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 мамыр
№ 656 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қайта аталатын экология департаменттері – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Арал-Сырдария экология департаменті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаментіне.

2 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экология департаменті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаментіне.

3 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 мамыр
№ 656 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1201 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті.

2 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті.

3 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті.

4 4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті.

5 5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.

6 6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті.

7 7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.

8 8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті.

9 9. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.

10 10. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті.

11 11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті.

12 12. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті.

13 13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті.

14 14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті.

15 15. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті.

16 16. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті.

Қолданыстағы