Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил применения специальных средств и служебного оружия государственными инспекторами по охране животного мира и инспекторами специализированных организаций по охране животного мира, а также применения служебного оружия егерями

Қаулы · № 670 · қабылданған 24.05.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65675/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил применения специальных средств и служебного оружия государственными инспекторами по охране животного мира и инспекторами специализированных организаций по охране животного мира, а также применения служебного оружия егерями Қолданыста Қаулы ·№ 670 ·24.05.2012
24.02.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил применения специальных средств и служебного оружия государственными инспекторами по охране животного мира и инспекторами специализированных организаций по охране животного мира, а также применения служебного оружия егерями

Қолданыста Қаулы ·№ 670 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил применения специальных средств и служебного оружия государственными инспекторами по охране животного мира и инспекторами специализированных организаций по охране животного мира, а также применения служебного оружия егерями
Атауы (қаз.)
Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
670
Қабылданған күні
24.05.2012
Көрсетілген редакция
24.02.2016 AI65675_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000670
ЭКБ идентификаторы
65675
Редакция идентификаторы
AI65675_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:11

0 Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы

"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
8-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 670 қаулысымен
бекiтiлген
Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын, қызметтік қаруды алып жүру құқығына рұқсаты бар жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың, жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының (бұдан әрі – инспектор) арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану тәртібін айқындайды.

2 2. Арнайы құралдар мен қызметтік қаруды инспекторлар мен қорықшылар жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асырған және өздерінің міндеттерін орындаған кезде қолданады.

3 3. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспектор мынадай арнайы құралдармен:

1 1) кісендермен (БР, БР-С);

2 2) резина таяқшамен (арнайы);

3 3) механикалық әсерлерден қорғауға арналған кеудешемен;

4 4) жалтырауық шаммен;

5 5) автокөлікті мәжбүрлеп тоқтату құрылғысымен («Еж-М») қамтамасыз етіледі.

4 4. Арнайы құралдар қызметтiк қарудан бөлек арнайы жабдықталған үй-жайларда, сенiмдi ілмек құрылғысы бар, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 миллиметр металл жәшiктерде (шкафтарда) сақталуы тиіс.

5 5. Инспектор мен қорықшы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондар айналымының ережесіне сәйкес қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.

6 6. Инспектор немесе қорықшы жұмыста ұзақ уақыт болмаған кезеңде (демалыс, сырқаттану) қызметтік қару алып жүру құқығына рұқсат берген жер бойынша ішкі істер органдарына сақтауға тапсырылады.

2 2. Инспекторлар мен қорықшылардың арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану тәртібі

7

7. Қорғалатын аумақтарда инспекторлар мен қорықшылар қалыптасқан жағдайды, құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушының жеке басын, сондай-ақ арнайы құралдардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын ескере отырып, арнайы құралдарды қолдану, олардың түрі мен қолданылу қарқындылығы туралы шешім қабылдайды. Жеке әрекет ететін, арнайы құралдарды қолдану құқығы бар тұлғалар мұндай шешімді дербес қабылдайды.

8 8. Арнайы құралдарды инспекторлар:

1

1) егер құқық бұзушылар «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын инспекторларға қарсылық білдірсе, оларды ұстау, сондай-ақ оларды ішкі істер органдарына жеткізу үшін;

2 2) инпекторлардың Заңмен өздеріне жүктелген міндеттерін орындауына кедергі келтіргенде көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтату үшін қолданады.

9 9. Қызметтік қаруды инспекторлар мен қорықшылар:

1 1) іс-әрекеттері Заңда белгіленген міндеттерді орындау кезінде инспекторлардың немесе қорықшылардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төндiретін адамдардың қарулы шабуылына тойтарыс беру;

2 2) егер жүргізуші инспекторлар мен қорықшылардың Заңда белгіленген талаптарына бағынбаса, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірсе, қорғалатын аумақтарда көлік құралдарын зақымдау жолымен оларды тоқтату;

3 3) жабайы жануарлардың шабуылынан қорғану және дабыл сигналын беру немесе көмекке шақыру үшін қолданады.

10 10. Арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану кезiнде мынадай шарттар сақталады:

1 1) осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, қызметтік қаруды қолдану ниеті туралы ескерту (айғайлау, ескерту ретінде жоғары қарай ату);

2 2) қызметтік қаруды пайдаланудағы кiдiрiс инспектордың, қорықшының өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төндiретiн немесе өзге ауыр зардаптарға әкелуі мүмкiн жағдайларды қоспағанда, инспектордың немесе қорықшының талаптарын орындауы үшiн жеткiлiктi уақыт беру;

3 3) инспектордың немесе қорықшының тарапынан қызметтік қарудың қолданылуы анық болатын жағдайларда ұстамдылық таныту, қолданылу мүмкіндігін барынша азайтып, қалыптасқан жағдайды және қол жеткiзiлуге тиiс мақсатты негізге ала отырып iс-әрекет жасау;

4 4) дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету, ал арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолданудан зардап шеккен адамды қажет болған жағдайда денсаулық сақтау мекемесiне жеткiзу;

5 5) айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолдану.

11 11. Әйелдер, кәмелетке толмағандар, айқын мүгедектiк белгiлері бар адамдар инспекторға немесе қорықшыға қарулы шабуыл жасаған немесе олардың тарапынан олардың өмірі мен денсаулығына айқын қауіп төнген жағдайларды қоспағанда, оларға қарсы арнайы құралдар мен қызметтік қару қолдануға тыйым салынады.

12

12. Қызметтік қару мен арнайы құралдар қолданудың адамдардың дене жарақатына ұшырауына, сондай-ақ қаза болуына немесе ауыр зардапқа әкеп соққан әрбiр жағдайы туралы басшылар (тікелей бастық), құқық бұзушылық жасалған жердегі прокуратура және ішкі істер органдары дереу (24 сағат ішінде) хабардар етiледi.

Қолданыстағы