О квотировании рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О квотировании рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 148/1
- Қабылданған күні
- 26.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2013 65689_191674.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PG000139
- ЭКБ идентификаторы
- 65689
- Редакция идентификаторы
- 65689_191674
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:22
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын квоталау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде жекеменшік түрлеріне қарамастан келісім бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне Ертіс ауданының кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2
2. Жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.