Құжат мәтініне өту

Об утверждении стоимости разовых талонов и ставок фиксированного налога

Өзге акт · № 21/4 · қабылданған 17.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65690/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении стоимости разовых талонов и ставок фиксированного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 21/4 ·17.04.2012
10.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стоимости разовых талонов и ставок фиксированного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 21/4 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стоимости разовых талонов и ставок фиксированного налога
Атауы (қаз.)
Біржолғы талондардың құнын және тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21/4
Қабылданған күні
17.04.2012
Көрсетілген редакция
10.10.2013 AI65690_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PA000185
ЭКБ идентификаторы
65690
Редакция идентификаторы
AI65690_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:26

0 Біржолғы талондардың құнын және тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 422-бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына, хронометраждық зерттеу актісіне сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Эпизодтық сипаттағы қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандары үшін біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Базарлардың аумағында орналасқан дүңгіршектерден, стационарлық ғимараттардан (жеке блоктардан) басқа, қала базарларында тауарларды сату, жұмыстарды атқару, қызмет көрсету бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандары, жеке кәсіпкерлері мен заңды тұлғалары үшін бір жолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Тіркелген салық ставкаларының мөлшері 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. Павлодар қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 маусымдағы "Біржолғы талондардың құнын және тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" № 74/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-1-140 болып тіркелген, 2009 жылғы 2 шілдедегі "Сарыарқа самалы" № 75 және 2009 жылғы 6 шілдедегі "Версия" № 26 газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Эпизодтық сипаттағы қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандары үшін біржолғы талондардың құны

Павлодар қалалық мәслихатының
2012 жылғы 17 сәуірдегі
№ 21/4 шешіміне
1 қосымша
Эпизодтық сипаттағы қызметпен айналысатын
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандары
үшін біржолғы талондардың құны
N р/н
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
Біржолғы талондардың 1 күнгі құны (теңгеде)
1
Газеттер мен журналдар сату
стационарлық ғимаратта көрсетілетін қызметтерден қоспағанда
50
2
Тұқымдар (тікпе көшеттер, көшеттер) сату
150
3
Бақша өсімдіктерін сату
280
4
Саяжай және аула учаскілерінде өсірілген тірі гүлдерді сату
50
5
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бақшашылық, бақшалық, және саяжай учаскілерінің өнімдерін сату
50
6
Жануарлар мен құстардың жемдерін сату
250
7
Сыпыртқы, сыпырғыш,орман жидектері, бал, саңырауқұлақ және балықтарды сату
150
8
Жер учаскілерін өндеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызметі
210

7 Базарлардың аумағында орналасқан дүңгіршектерден, стационарлық ғимараттардан (жеке блоктардан) басқа, қала базарларында тауарларды сату, жұмыстарды атқару, қызмет көрсету бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандары, жеке кәсіпкерлері мен заңды тұлғалары үшін бір жолғы талондардың құны

Павлодар қалалық мәслихатының
2012 жылғы 17 сәуірдегі
№ 21/4 шешіміне
2 қосымша
Базарлардың аумағында орналасқан дүңгіршектерден, стационарлық
ғимараттардан (жеке блоктардан) басқа, қала базарларында
тауарларды сату, жұмыстарды атқару, қызмет көрсету бойынша
жұмыстарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтары, оралмандары, жеке кәсіпкерлері мен заңды
тұлғалары үшін бір жолғы талондардың құны
N р/н
Базардың мамандандырылуы
Біржолғы талондардың 1 күнгі мөлшері (теңгеде)
Жабық
Аралас
Шағын базар
I-санат
II-санат
III-санат
1
Азық-түліктік, азық-түліктік емес, әмбебап

1 1)

Машинадан сауда жасау
420
400
300

2 2)

Сөреден сауда жасау
350
320
240

3 3)

Дүңгіршіктен (бутиктен) сауда жасау
430
410
290

4 4)

Контейнерден сауда жасау
430
410
290

5 5)

Қолдан сауда жасау
200
200
140

6 6)

Кілем, кілем тәрізді заттарды сату
820
800
740

7 7)

Ет бөлу
100
100
30

8 8)

Сауда орындарына жүктерді тасымалдау бойынша қызмет көрсету (жүк тасушалар)
60
50
10

9 9)

Кофе, шәй, шекілдеуіктерді сату
60
50
10

10 10)

Сауда орындарында дайын тағамдарды сату
110
100
30

11 11)

Бұрынғы қолданыста болған тауарларды сату
110
100
30

12 12)

Қолдан дайындалған тауарларды сату
110
100
30

13 13)

Орнында дайындалатын өнімдерді өткізу (кәуап және т.б.)
350
320
240
2
Мамандандырылған (автокөлік, мал және т.б.)

1 1)

Автомотокөліктер бірліктерін сату
180
150
120

2 2)

Контейнерлерден қосалқы бөлшектерді, майларды, сұйықтықтарды, техникалық құралдарды сату
430
410
290

3 3)

Үй жануарларын, құстарды, аңдарды және т.б. сату
50
50
50

24 Тіркелген салық ставкалары

Павлодар қалалық мәслихатының
2012 жылғы 17 сәуірдегі
№ 21/4 шешіміне
3 қосымша
Тіркелген салық ставкалары
N р/н
Кәспікерлік қызметтің түрлері
Салық салу объектісі
1 айғы тіркелген салық ставкаларының мөлшері (АЕК)
1 жылғы тіркелген салық ставкаларының мөлшері (АЕК)
1
Ойынды бір ойыншымен өткізуге арналған, ақшалы ұтыссыз ойын автоматтары бойынша қызмет көрсету
1 автомат
6
72
2
Ойынды бір адамнан көп ойыншының қатысуымен өткізуге арналған, ақшалы ұтыссыз ойын автоматтары бойынша қызмет көрсету
1 автомат
8
96
3
Ойын өткізу үшін қолданылатын, жеке компьютерлер бойынша қызмет көрсету
1 компьютер
3
36
4
Боулинг бойынша қызмет көрсету
1 жол
25
300
5
Бильярд бойынша қызмет көрсету
1 үстел
15
180
6
Карт бойынша қызмет көрсету
1 картинг
2
24

Қолданыстағы