Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил государственной регистрации договора долгосрочного лесопользования на участках государственного лесного фонда в территориальных подразделениях

Қаулы · № 666 · қабылданған 24.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65696/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил государственной регистрации договора долгосрочного лесопользования на участках государственного лесного фонда в территориальных подразделениях Күшін жойған Қаулы ·№ 666 ·24.05.2012
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил государственной регистрации договора долгосрочного лесопользования на участках государственного лесного фонда в территориальных подразделениях

Күшін жойған Қаулы ·№ 666 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил государственной регистрации договора долгосрочного лесопользования на участках государственного лесного фонда в территориальных подразделениях
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
666
Қабылданған күні
24.05.2012
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI65696_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000666
ЭКБ идентификаторы
65696
Редакция идентификаторы
AI65696_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:11

0 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

2

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларының 4-тармағының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 666 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) мемлекеттік тіркеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты (бұдан әрі – Шарт) міндетті мемлекеттік тіркелуге жатады.

3 3. Шартты мемлекеттік тіркеуді ұзақ мерзімді орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскелері орналасқан жердегі аумақтық бөлімше жүргізеді.

4 4. Тіркелуге ұзақ мерзімді орман пайдаланудың мынадай түрлеріне жасалған шарттар жатады:

1 1) сүрек дайындау;

2 2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

3 3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер) дайындау;

4

4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал өсіру, аң өсіру, омарталар мен ара ұяларын орналастыру, көкөніс өсіру, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);

5 5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану;

6 6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;

7 7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;

8 8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының ағаш отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану.

2 2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу үшін берілетін құжаттар

5 5. Шартты мемлекеттік тіркеу үшін орман пайдаланушы аумақтық бөлімшеге:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шартты мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2 2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлік комиссия хаттамасының көшірмесін;

3 3) 3 данада шартты береді.

3 3. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу

6 6. Шарт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі.

7 7. Өтініш беруші осы Қағидаларының 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін бермеген жағдайда тіркеу жүргізілмейді. Тіркеуден бас тарту туралы шешім өтініш берушіге өтініш берілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетіліп, жазбаша түрде хабарланады.

Тіркеуші органның шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

8 8. Журнал жіппен байланады, нөмірленеді, жауапты тұлға қол қояды, мөр басылады. Журнал беттерінің нөмірленуі толассыз. Қарындашпен жазуға, жөндеуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді. Журналда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жазба жазылады.

9 9. Шарт бұзылған жағдайда орман пайдаланушы 10 жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге жазбаша ақпарат береді.

4 4. Мемлекеттік тіркеуді жүргізу мерзімі

10 10. Өтініш берушінің құқықтарын тіркеу осы Қағидалардың 5-тармағында аталған құжаттар берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

11 11. Шарттың мемлекеттік тіркеуден өткізілуі шарттарға қойылатын тіркеу жазбасының мөртабанымен куәландырылады. Шарттағы тіркеу жазбасының мөртабанындағы жазба мөрмен куәландырылады және оған аумақтық бөлімшенің басшысы қол қояды.

12 12. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда орман пайдаланушылар күнтізбелік 30 күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса беріп, шартты қайта тіркеу туралы өтініш береді.

13 13. Шарттың мемлекеттік тіркелуі үшін қабылданған құжаттар мен Журнал аумақтық бөлімшелерде сақталады.

1 Өтініш

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
ұзақ мерзімді орман пайдалану
шартын аумақтық бөлімшелерде
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
1-қосымша
_______________________________________________________бастығы
_______________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________________________________________
  (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері)
______________________________________________________________
          (заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері)
_______________________________________________________________
телефон: ______________________
Өтініш
Мен (біз) ___________________________________________________________
(жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін - атауы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы және банк деректемелері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жасалған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман
пайдалану шартын тіркеуді сұраймын (сұраймыз).
Өтінішке қоса берілді 1. ___________________________________________
2. ___________________________________________
3. __________________________________________
20 жылғы « » ___________________________
(өтініш берушінің қолы)

2 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу журналы

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын
аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу журналы
Р/с

Тір­кеу нө­мі­рі және кү­ні
Ұзақ мер­зім­ді ор­ман пай­да­ла­ну шар­ты­ның нө­мі­рі және кү­ні
Же­ке тұл­ға­ның Т.А.Ә. неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Ор­ман пай­да­ла­ну тү­рі
Ор­ман пай­да­ла­ну ор­на­лас­қан жер (ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі және ор­ман­шы­лық)
Тір­кел­ген шар­тты ал­ған күн (қо­лы)
Шар­тты қай­та тір­ке­удің негі­зі және кү­ні
Шар­ттың қол­да­ны­сын тоқ­та­ту­дың негі­зі және кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9

3 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу нөмірі

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын
аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу нөмірі
Облыстар мен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері бойынша мынадай кодтар беріледі:
Ақ­мо­ла об­лы­сы
А
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
Д
«Ақ­көл»
01
Ақ­жай­ық
01
«Ба­рап»
02
Бөр­лі
02
Үл­кен түк­ті
03
Тай­пақ
03
«Бұқ­па»
04
Орал
04
Ерей­мен­тау
05
Ор­да
05
Ке­ңес
06
Ча­па­ев
06
Крас­но­бор
07
Шың­ғыр­лау
07
Куй­бы­шев
08
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
Е
Кі­ші түк­ті
09
Ақ­то­ғай
01
Ма­рал­ды
10
Жа­ңа­ар­қа
02
От­рад­ное
11
Қа­ра­ған­ды
03
Степ­но­гор
12
Қу
04
Ұрым­қай
13
Те­мір­тау
05
Ақ­тө­бе об­лы­сы
Ә
Ұлы­тау
06
Үл­кен бор­сық
01
Қо­ста­най об­лы­сы
Ж
Қа­ра­бұ­тақ
02
Ара­қа­ра­ғай
01
Мәр­төк
03
Ба­са­ман
02
Те­мір
04
Бо­ров­ской
03
Ой­ыл
05
Ка­мы­шин
04
Қоб­да
06
Ми­хай­лов
05
Ал­ма­ты об­лы­сы
Б
При­го­род­ное
06
Ала­көл
01
Се­мио­зер
07
Ба­қа­нас
02
Та­ра­нов
08
Бөр­лі­тө­бе
03
Ұзын­көл
09
Жар­кент
04
Уриц­кое
10
Жоң­ғар
05
Уса­ков
11
Қас­ке­лең
06
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
З
Ке­ген
07
Арал
01
Күр­ті
08
Жа­ла­ғаш
02
Леп­сі
09
Жа­ңа­қор­ған
03
На­рын­қол
10
Қа­за­лы
04
Сар­қант
11
Қар­мақ­шы
05
Тал­ды­қор­ған
12
Қы­зы­лор­да
06
Үй­ген­тас
13
Сыр­да­рия
07
Ұй­ғыр
14
Ши­е­лі
08
Үштө­бе
15
Маң­ғы­стау об­лы­сы
И
Ше­лек
16
Бей­неу
01
«Қы­зыл жи­де»
17
Сам
02
Аты­рау об­лы­сы
В
Пав­ло­дар об­лы­сы
К
Аты­рау
01
Мак­сим Горь­кий
01
Ин­дер
02
Пав­ло­дар
02
Құр­ман­ға­зы
03
Үр­лі­тө­бе
03
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
Г
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
Қ
Асубұ­лақ
01
«Ақан се­рі»
01
Үл­кен на­рым
02
Ақ­қай­ың
02
Верх-Уба
03
Бу­ла­ев
03
Зай­сан
04
Бұр­лық
04
Зы­рян
05
Есіл
05
Күр­шім
06
Жам­был
06
Кі­ші оба
07
Қы­зы­л­жар
07
Мар­қа­көл
08
Мам­лют
08
Пих­та
09
Ор­ли­но­гор
09
Рид­дер
10
Прес­нов
10
Са­ма­ра
11
Сер­ге­ев
11
Өс­ке­мен
12
Со­ко­лов
12
Че­рем­шан
13
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
Л
Жам­был об­лы­сы
Ғ
Арыс
01
Ақ­көл
01
Ба­дам
02
Ақырт­ө­бе
02
Бо­рал­дай
03
Бай­зақ
03
Оты­рар
04
Бу­рыл­бай­тал
04
Со­зақ
05
Жам­был
05
Түр­кі­стан
06
Жу­а­лы
06
Шар­да­ра
07
Қа­ра­қо­ңыз
07
«Жа­сыл же­лек»
08
Көк­те­рек
08
Қор­дай
09
Қо­сқұ­дық
10
Лу­го­вое
11
Мер­ке
12
Мой­ын­құм
13
Са­ры­су
14
Орман пайдалану түріне байланысты шарт нөмірі мынадай цифрларды қамтиды:

1 1) сүрек дайындау - 01;

2 2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау - 02;

3

3) жанама орман пайдалану (шөп шабу – 03/1, мал жаю – 03/2, марал өсіру – 03/3, аң өсіру – 03/4, омарталар мен ара ұяларын орналастыру – 03/5, көкөніс өсіру – 03/6, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру – 03/7, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен техникалық шикізат – 03/8, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер – 03/9, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс – 03/10 дайындау және жинау);

4 4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану – 04;

5 5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану - 05;

6 6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану - 06;

7 7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану - 07.

Журналда мынадай жазба жазылады:
А-01-01/001,

1 1) мұнда алғашқы А әрпі – облысты білдіреді;

2 2) 01 цифрлары – орман иеленушінің атауын білдіреді;

3 3) 01 цифрлары – орман пайдалану түрін білдіреді;

4 4) 001 цифрлары – журнал бойынша реттік тіркеу нөмірін білдіреді.

Қолданыстағы