Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области космической деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области космической деятельности
- Атауы (қаз.)
- Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46/нк
- Қабылданған күні
- 16.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2015 AI65704_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007671
- ЭКБ идентификаторы
- 65704
- Редакция идентификаторы
- AI65704_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:28
0 Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі Стратегиялық жоспарлау және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын;
3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері
Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғарыш агенттігі
төраға міндетін
атқарушысының 2012 жылғы
16 сәуірдегі № 46/нқ және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 20 сәуірдегі
№ 119 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері
1
1. Осы ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексерілетін субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында тәуекелдер көрсеткіштерін айқындау үшін әзірленген.
2 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылған:
1 1) ғарыш қызметі саласындағы тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң ғарыш қызметi нәтижесiндегі салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
2 2) тексерілетін субъектілер – Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде олардың филиалдары мен өкілдіктері.
3 3. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу бірінші және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады.
4 4. Бірінші бөлу кезінде барлық тексерілетін субъектілер тәуекелі жоғары дәрежеге жатқызылады.
5 5. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтары бойынша кейінгі бөлу тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.
Тәуекел дәрежесінің өлшемдеріне мыналар жатады: