Об установлении базовых ставок платы за земельные участки при их предоставлении в частную собственность в областном центре, городах областного и районного значения, поселках и сельских населенных пунктах Алматинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении базовых ставок платы за земельные участки при их предоставлении в частную собственность в областном центре, городах областного и районного значения, поселках и сельских населенных пунктах Алматинской области
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 03.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2019 65739_420475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12D0002092
- ЭКБ идентификаторы
- 65739
- Редакция идентификаторы
- 65739_420475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:19
0 Алматы облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiнiң 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алматы облысында жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге қарай облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскесін жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары осы шешімнің және қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешiмiнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешiмi алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Алматы облыстық мәслихатының
2012 жылғы 03 мамырдағы
N 4-23 бірлескен шешіміне
және Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 03 мамырдағы
N 114 қаулысына "Алматы
облысының орталығында,
облыстық және аудандық маңызы бар
қалаларда, кенттер мен ауылдық
елді мекендерде жер учаскелерi
жеке меншiкке берiлген кезде
олар үшiн төлемақының базалық
ставкаларын бекiту туралы"
қосымша
Алматы облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар
қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi
жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық
ставкалары
Елдi мекендер
1 шаршы метр үшiн теңгемен төлемақының
базалық ставкасы
Талдықорған қаласы
(облыс орталығы)
1150
Облыс орталығы ставкаларының пайызы
Облыстық маңызы бар қалалар
85
Аудандық маңызы бар қалалар
75
Субтропикалық шөлейт және
тау бөктерiндегi – шөлейт
аймақтарда орналасқан
кенттер және ауылдық
елдi мекендер
Кенттер
Ауылдық елдi
мекендер
30
18
Ескертпе: қалалардағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.