О мерах по улучшению обслуживания пассажиров международных рейсов в аэропортах Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по улучшению обслуживания пассажиров международных рейсов в аэропортах Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi жақсарту жөнiндегі шаралары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1132
- Қабылданған күні
- 26.07.2000
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2014 AI6577_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000001132_
- ЭКБ идентификаторы
- 6577
- Редакция идентификаторы
- AI6577_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:20
0 Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi жақсарту жөнiндегі шаралары туралы
Әуежайлар қызметтерiнiң тиiмдi және сапалы жұмысына қол жеткiзу, халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсету мәдениетiн жақсарту, авиажолаушыларға қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттiк органдардың келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ ел экономикасына шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал ететiн Қазақстан Республикасының имиджiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестірушi болып белгiленсiн.
2 2. Халықаралық авиарейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi және оларды теңдеме жүктерi мен жүктердi ресiмдеудi:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң кеден органдарымен бiрлесiп халықаралық рейстерге қызмет көрсететiн әуежайлардың қызметтерi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық қызметi қамтамасыз етедi деп белгiленсiн.
Әуежайдың әкiмшiлiгi халықаралық авиарейстерде авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады.
3 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
6 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 27 шілдедегі
N 1132 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар