Об определении оптимальных сроков сева по виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков сева по виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур
- Атауы (қаз.)
- Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 149
- Қабылданған күні
- 27.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2014 AI65779_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NO000176
- ЭКБ идентификаторы
- 65779
- Редакция идентификаторы
- AI65779_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:21
0 Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынымдары негізінде Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындалсын:
жаздық бидай, 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
бұршақтұқымдастар, 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
күздік (бидай, қара бидай) 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін;
майлы дақылдар 18 мамырдан 30 мамырға дейін;
жемшөптік (өткен жылдарындағы көпжылдық шөптерден басқа), 30 сәуірден 15 шілдеге дейін;
1, 2, 3 өсіру жылдарындағы бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер, бірінші мерзім - 20 сәуірден 31 мамырға дейін, екінші мерзім – 5 шілдеден 1 тамызға дейін;
жүгері мен сүрлемдік күнбағыс, 15 мамырдан 31 мамырға дейін;
көкөніс, 25 сәуірден 10 маусымға дейін;
картоп, 10 мамырдан 31 мамырға дейін.