Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламентов государственных услуг

Бұйрық · № 213 · қабылданған 16.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65793/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламентов государственных услуг Күшін жойған Бұйрық ·№ 213 ·16.04.2012
16.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламентов государственных услуг

Күшін жойған Бұйрық ·№ 213 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламентов государственных услуг
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызметтердің регламентерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
213
Қабылданған күні
16.04.2012
Көрсетілген редакция
16.05.2014 AI65793_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007670
ЭКБ идентификаторы
65793
Редакция идентификаторы
AI65793_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:27

0 Мемлекеттік қызметтердің регламентерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңның 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3 3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (М.Т. Бейсембаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
_________________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы 28 сәуір

1 «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 16 сәуірдегі
№ 213 бұйрығына 1-қосымша
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады:

1 1) бухгалтерлердің кәсіби ұйымы (бұдан әрі – кәсіби ұйымы) – бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдардың бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым;

2 2) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

3 3) Комитет - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті;

4 4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және жауапты лауазымды тұлғалары, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының жауапты лауазымды тұлғалары;

5 5) мемлекеттік қызмет - бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру;

6 6) ЭҚАБЖ - электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған түрде көрсетіледі.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң);

2 2) 2010 жылғы 26 мамырдағы «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 476 қаулысымен бекітілген «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

3 3) Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысы (бұдан әрі - Аккредиттеу қағидалары) негізінде көрсетіледі.

6 6. Осы мемлекеттік қызмет басқа да мемлекеттік органдардың, өзге субъектілердің қатысуынсыз көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі Аккредиттеу қағидаларының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі - Аккредиттеу туралы куәлік) беру немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

9 9. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетіледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі демалыс және мемлекеттік мереке күндерінен (сенбі және жексенбі) басқа күндері, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліс.

10

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі, оның ішінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Комитеттің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасында мынадай телефондар бойынша: (8-717-2) 74-31-14, 74-35-38, 74-35-60, 74-94-68, сондай-ақ Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.

11 11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Регламенттің 16-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайды.

12 12. Стандарттың 17-тармағында көрсетілген бұзушылықтар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Кәсіби ұйым көрсетілген бұзушылықтарды жойған жағдайда аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған өтінімі Аккредиттеу қағидаларына сәйкес қарастырылады.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын тұлғалардың ең аз саны – жеті.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1 1) ЭҚАБЖ-де тіркеу нөмірін бере отырып кәсіби ұйым ұсынған құжаттар пакетін тексеру және қабылдау, өтініштің екінші нұсқасына кіріс нөмірі бар мөр қою, басшылыққа үлестіру үшін беру;

2 2) кәсіби ұйым ұсынған құжаттар пакетін жауапты құрылымдық бөлімшеге үлестіру;

3 3) құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда одан әрі қараудан жазбаша дәлелденген бас тартуды екі жұмыс күні ішінде дайындау;

4 4) кәсіби ұйым ұсынған құжаттарды Стандарттың 11-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес Аккредиттеу қағидаларына сәйкестігін қарау;

5

5) кәсіби ұйым құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды және аккредиттеу туралы куәлік беру, куәліктің телнұсқасын беру және куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын дайындау және заң қызметімен келісу немесе аккредиттеуден жазбаша дәлелденген бас тартуды дайындау;

6 6) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды және аккредиттеу жөніндегі куәлік беру туралы бұйрықты бекіту;

7 7) аккредиттеу жөніндегі куәлік беру туралы бұйрықты тіркеу;

8 8) кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті, оның телнұсқасын беру, куәлікті қайта ресімдеу немесе аккредиттеуден жазбаша дәлелденген бас тарту.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібін сипаттау

15 15. Аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды (қолма-қол немесе почта арқылы) тізімдеме бойынша Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы қабылдайды. Комитет кеңсесінің қабылдаған күні көрсетіле отырып, тізімдеме көшірмелері өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).

Қабылданған құжаттар қаралады, Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) нөмір бере отырып, оларды бақылауға қояды. Тіркелген, тиісті үлгіде ресімделген құжаттар кейіннен орындаушыға үлестіру үшін Комитет басшылығына беріледі.
Құжаттардың Комитет кеңсесінде тіркелуі олардың тапсырылғанын растау болып табылады.

16 16. Кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Стандарттың 11-тармағында көрсетілген.

17 17. Атауы (оның ішінде ұйымдастыру-құқықтық нысаны), заңды мекен-жайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он бес күн ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1 1) тиісті өзгерістер туралы еркін нысанда жазбаша хабарлама;

2 2) Аккредиттеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес құжаттары қоса берілген кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу жөніндегі өтініш.

18 18. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі ФҚБ-лар қатысады:

1 1) Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының қызметкері (лері);

2 2) Комитет төрағасы;

3 3) Комитет төрағасының орынбасары;

4 4) Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының бастығы;

5 5) Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының қызметкері(лері);

6 6) Комитеттің Заң қызметі басқармасының бастығы;

7 7) Комитеттің Заң қызметі басқармасының қызметкері (лері).

20 20. Осы Регламентке 1-қосымшада әрбір әрекеттің орындалу мерзімі көрсетіле отырып ФҚБ әрекеттерінің бірізділігі сипатталған.

21 21. Осы Регламентке 2-қосымшада аккредиттеу туралы куәлікті беру үдерісі келтірілген.

1.1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын

аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ әрекеттерін сипаттау
Әре­кет­тің № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
6
7
1
ҚФБ ата­уы
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (тө­ра­ға, тө­ра­ға орын­ба­са­ры)
Ко­ми­тет­тің Бух­гал­тер­лік есеп және ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау, ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет­тің Заң қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы

Әре­кет­тің (про­це­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­ды си­паттау
ЭҚАБЖ-де тір­кеу нө­мі­рін бе­ре оты­рып бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мы ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру, қа­был­дау
Жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар па­ке­тін үле­сті­ру
Бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мы ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бе­кі­ті­л­ген тіз­бе­сіне сәй­кес құ­жат­тар­дың бар бо­луы­на, ре­сім­де­лу дұ­ры­стығ­ы­на және шы­най­ы­лы­ғы­на, ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық жо­ба­сын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­сы­на сәй­кест­і­гін қа­рау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты бе­кі­ту
Бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты тір­кеу
Бұй­рық­қа қол қой­ы­л­ған жағ­дай­да жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма дай­ын­дау және бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің дай­ын болғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­лау
3
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін бе­ру, кей­ін­нен орын­да­у­шы­ға үле­сті­ру үшін бас­шы­лық­қа бе­ру
Қа­рар
1) Құ­жат­тар­дың то­лық еме­сті­гі фак­ті­сі анық­тал­ған жағ­дай­да одан әрі қа­ра­удан жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ру
2) бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мы ұсын­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны неме­се бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мын ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дау және заң қыз­ме­тіне ке­лі­су үшін тап­сы­ру. Бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру жө­нін­де­гі бұй­рық жо­ба­сын дай­ын­дау және заң қыз­ме­тіне ке­лі­су үшін тап­сы­ру.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және бұй­рық жо­ба­сын ке­лі­су
Бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­қа қол қою, неме­се ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту
Бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты тір­кеу
Бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру неме­се ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту
4
Орын­дау мер­зім­де­рі
2 са­ғат
1 жұ­мыс кү­ні
1) 2 күн­тіз­бе­лік күн
2) 25 күн­тіз­бе­лік күн
3 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
2 са­ғат
3 са­ғат
5
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2 ба­ған
3 ба­ған
4 ба­ған
5 ба­ған
6 ба­ған
7 ба­ған
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы)
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (Тө­ра­ға, Тө­ра­ға орын­ба­са­ры
Ко­ми­тет­тің Бух­гал­тер­лік есеп және ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет­тің Заң қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
1. ЭҚАБЖ-де тір­кеу нө­мі­рін бе­ре оты­рып кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру, қа­был­дау, өті­ніш­тің екін­ші нұс­қа­сы­на кі­ріс нө­мі­рі бар мөр қою, бас­шы­лық­қа үле­сті­ру үшін бе­ру
2. Бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мы жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін үле­сті­ру
3. Бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мы ұсын­ған құ­жат­тар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тіз­бе­ге сәй­кес бар бо­луы­на, ре­сім­деу дұ­ры­стығ­ы­на және шы­най­ы­лы­ғы­на, ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рау
5. Кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­сы­на сәй­кест­і­гін қа­рау
8. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты тір­кеу
7. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты бе­кі­ту
4. Кә­сі­би ұй­ым­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық жо­ба­сын дай­ын­дау
6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды және кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық жо­ба­сын ке­лі­су
9. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама процесс.
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы)
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (тө­ра­ға, тө­ра­ға орын­ба­са­ры)
Ко­ми­тет­тің Бух­гал­тер­лік есеп және ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау, ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы
1. ЭҚАБЖ-де тір­кеу нө­мі­рін бе­ре оты­рып кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру, қа­был­дау, өті­ніш­тің екін­ші нұс­қа­сы­на кі­ріс нө­мі­рі бар мөр қою, бас­шы­лық­қа үле­сті­ру үшін бе­ру
2. Кә­сі­би ұй­ым жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін үле­сті­ру
3. Кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тіз­бе­ге сәй­кес бар бо­луы­на, ре­сім­деу дұ­ры­стығ­ы­на, шы­най­ы­лы­ғы­на, ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне қа­рау
6. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ды тір­кеу
5. Кә­сі­би ұй­ы­мын ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
4. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дау
7. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ды жі­бе­ру

1.2 «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын

аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

2 «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 16 сәуірдегі
№ 213 бұйрығына 2-қосымша
«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады:

1 1) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым (бұдан әрі – сертификаттау жөніндегі ұйым) – кандидаттарды кәсіби бухгалтерлікке сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

2 2) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

3 3) Комитет - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті;

4 4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және жауапты лауазымды тұлғалары, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының жауапты лауазымды тұлғалары;

5 5) мемлекеттік қызмет - бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру;

6 6) ЭҚАБЖ - электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған түрде көрсетіледі.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң);

2

2) 2010 жылғы 26 мамырдағы «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 476 қаулысымен бекітілген «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

3 3) Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысы (бұдан әрі - Аккредиттеу қағидалары) негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызмет бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының қатысуымен, бірақ басқа мемлекеттік органдардың қатысуынсыз көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі Аккредиттеу қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі - Аккредиттеу туралы куәлік) беру немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

9 9. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетіледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі демалыс (сенбі және жексенбі) және мемлекеттік мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліс.

10

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі, оның ішінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Комитеттің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасында мынадай телефондар бойынша: (8-717-2) 74-31-14, 74-35-38, 74-35-60, 74-94-68, сондай-ақ Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.

11 11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Регламенттің 16-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайды.

12 12. Стандарттың 17-тармағында көрсетілген бұзушылықтар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Сертификаттау жөніндегі ұйым көрсетілген бұзушылықтарды жойған жағдайда аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған өтінімі Аккредиттеу қағидаларына сәйкес қарастырылады.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын тұлғалардың ең аз саны – тоғыз.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1 1) ЭҚАБЖ-де тіркеу нөмірін бере отырып сертификаттау жөніндегі ұйым ұсынған құжаттар пакетін тексеру және қабылдау, өтініштің екінші нұсқасына кіріс нөмірі бар мөр қою, басшылыққа үлестіру үшін беру;

2 2) сертификаттау жөніндегі ұйым ұсынған құжаттар пакетін жауапты құрылымдық бөлімшеге үлестіру;

3 3) құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда одан әрі қараудан жазбаша дәлелденген бас тартуды екі жұмыс күні ішінде дайындау;

4 4) сертификаттау жөніндегі ұйым ұсынған құжаттарды Стандарттың 11-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес Аккредиттеу қағидаларына сәйкестігін қарау;

5 5) сертификаттау жөніндегі ұйым ұсынған құжаттарды Аккредиттеу қағидаларына сәйкестігін қарау;

6 6) Аккредиттеу қағидаларының 3-тармағы 10-тармақшасында көрсетілген құжаттарды аккредиттелген кәсіби ұйымдарға қарау үшін жіберу;

7 7) аккредиттелген кәсіби ұйымдардың берген ұсыныстары мен ескертулерін қарастыру;

8

8) сертификаттау жөніндегі ұйым құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды және аккредиттеу туралы куәлік беру, куәліктің телнұсқасын беру және куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын дайындау және заң қызметімен келісу немесе аккредиттеуден жазбаша дәлелденген бас тартуды дайындау;

9 9) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды және аккредиттеу жөніндегі куәлік беру туралы бұйрықты бекіту;

10 10) аккредиттеу жөніндегі куәлік беру туралы бұйрықты тіркеу;

11 11) кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті немесе аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тартуды беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібін сипаттау

15 15. Аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды (қолма-қол немесе почта арқылы) тізімдеме бойынша Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы қабылдайды. Комитет кеңсесінің қабылдаған күні көрсетіле отырып, тізімдеме көшірмелері өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).

Қабылданған құжаттар қаралады, Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) нөмір бере отырып, оларды бақылауға қояды. Тіркелген, тиісті үлгіде ресімделген құжаттар кейіннен орындаушыға үлестіру үшін Комитет басшылығына беріледі.
Құжаттардың (өтінішпен екінші данасына немесе ұсынылатын құжаттарға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) Комитет кеңсесінде тіркелуі олардың тапсырылғанын растау болып табылады.

16 16. Сертификаттау жөніндегі ұйым аккредиттеу туралы куәлік алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Стандарттың 11-тармағында көрсетілген.

17 17. Заңды тұлғаның атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, заңды мекен-жайы өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған жағдайда сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он бес күн ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1 1) тиісті өзгерістер туралы жазбаша хабарлама;

2 2) Аккредиттеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес құжаттары қоса берілген аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу жөніндегі өтініш.

18 18. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі ФҚБ-лар қатысады:

1 1) Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының қызметкері (лері);

2 2) Комитет төрағасы;

3 3) Комитет төрағасының орынбасары;

4 4) Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының бастығы;

5 5) Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының қызметкері (лері);

6 6) Комитеттің Заң қызметі басқармасының бастығы;

7 7) Комитеттің Заң қызметі басқармасының қызметкері (лері);

8 8) Кәсіби ұйымдардың басшылары;

9 9) Кәсіби ұйымдардың қызметкері (лері).

20 20. Осы Регламентке 1-қосымшада әрбір әрекеттің орындалу мерзімі көрсетіле отырып ФҚБ әрекеттерінің бірізділігі сипатталған.

21 21. Осы Регламентке 2-қосымшада аккредиттеу туралы куәлікті беру үдерісі келтірілген.

2.1 «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау

жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы
куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ әрекеттерін сипаттау
Әре­кет­тің № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
4
5
6
7
8
1
ҚФБ ата­уы
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (тө­ра­ға, тө­ра­ға орын­ба­са­ры)
Кә­сі­би ұй­ым­дар
Ко­ми­тет­тің Заң қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (тө­ра­ға, тө­ра­ға орын­ба­са­ры)
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет­тің Бух­гал­тер­лік есеп және ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау, ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы
2
Әре­кет­тің (про­це­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­ды си­паттау
ЭҚАБЖ-де тір­кеу нө­мі­рін бе­ре оты­рып сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ның ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру, қа­был­дау
Жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар па­ке­тін үле­сті­ру
«Қар­жы­лық есеп­ті­лік­тің ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­та­ры­на сәй­кес бух­гал­тер­лік есеп», «Са­лық және са­лық са­лу» және «Аза­мат­тық құқық» пән­де­рі бой­ын­ша ем­ти­хан мо­ду­лі мен ем­ти­хандар нәти­же­ле­рін ба­ға­лау тәр­ті­біне және олар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне са­рап­та­ма жүр­гі­зу.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық жо­ба­сын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­сы­на сәй­кест­і­гін қа­рау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты бе­кі­ту
Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты тір­кеу
Бұй­рық­қа қол қой­ы­л­ған жағ­дай­да жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма дай­ын­дау және сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ға ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің дай­ын болғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­лау
3
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін үле­сті­ру үшін бас­шы­лық­қа бе­ру, кей­ін­нен орын­да­у­шы­ға бе­ру
Қа­рар
«Қар­жы­лық есеп­ті­лік­тің ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­та­ры­на сәй­кес бух­гал­тер­лік есеп», «Са­лық және са­лық са­лу» және «Аза­мат­тық құқық» пән­де­рі бой­ын­ша ем­ти­хан мо­ду­лі мен ем­ти­хандар нәти­же­ле­рін ба­ға­лау тәр­ті­бі­нің ҚЕХС та­лап­та­ры­на және олар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы жа­з­ба­ша түр­де­гі ес­кер­ту­лер­ді неме­се жа­у­ап­ты бе­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және бұй­рық жо­ба­сын ке­лі­су неме­се ке­лі­су­ден бас тар­ту.
Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­қа қол қою неме­се ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту
Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты тір­кеу
Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру неме­се ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту
4
Орын­дау мер­зім­де­рі
2 са­ғат
1 жұ­мыс кү­ні
15 күн­тіз­бе­лік күн
3 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
2 са­ғат
3 са­ғат
5
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2-ба­ған
3-ба­ған
4, 5, 6, 7-ба­ған
8-ба­ған
7-ба­ған
8-ба­ған
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (тө­ра­ға, тө­ра­ға орын­ба­са­ры)
Ко­ми­тет­тің Бух­гал­тер­лік есеп және ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау, ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет­тің Заң қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
Кә­сі­би ұй­ым­дар
Ко­ми­тет­тің Іш­кі  әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
1. ЭҚАБЖ-де тір­кеу нө­мі­рін бе­ре оты­рып сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру, қа­был­дау, өті­ніш­тің екін­ші нұс­қа­сын­да кі­ріс нө­мі­рі бар мөр қою, бас­шы­лық­қа үле­сті­ру үшін бе­ру
2. Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін үле­сті­ру
3. Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар­ды ҚР заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тіз­бе­ге сәй­кес бар бо­луы­на, ре­сім­деу дұ­ры­стығ­ы­на, шы­най­ы­лы­ғы­на, сон­дай-ақ ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне қа­рау
4. «Қар­жы­лық есеп­ті­лік­тің ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­та­ры­на сәй­кес бух­гал­тер­лік есеп», «Са­лық және са­лық са­лу» және «Аза­мат­тық құқық» пән­де­рі бой­ын­ша ем­ти­хан мо­ду­лі мен ем­ти­хандар нәти­же­ле­рін ба­ға­лау тәр­ті­біне және олар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне са­рап­та­ма жүр­гі­зу
9. Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы  бұй­рық­ты тір­кеу
5. Кә­сі­би ұй­ым­дар бер­ген ес­кер­ту­лер мен ұсы­ны­стар­ды қа­рас­ты­ру
5. Кә­сі­би ұй­ым­дар бер­ген ес­кер­ту­лер мен ұсы­ны­стар­ды қа­рас­ты­ру
6. Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық жо­ба­сын дай­ын­дау
7. Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рау
8. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты бе­кі­ту
10. Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру
8. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды мен сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық жо­ба­сын ке­лі­су
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама процесс.
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (тө­ра­ға, тө­ра­ға орын­ба­са­ры)
Ко­ми­тет­тің Бух­гал­тер­лік есеп және ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау, ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы
Кә­сі­би ұй­ым­дар
Ко­ми­тет­тің Заң қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
1. ЭҚАБЖ-де тір­кеу нө­мі­рін бе­ре оты­рып бух­гал­тер­лер­ді кә­сі­би сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру, қа­был­дау, өті­ніш­тің екін­ші нұс­қа­сын­да кі­ріс нө­мі­рі бар мөр қою, бас­шы­лық­қа үле­сті­ру үшін бе­ру
2. Бух­гал­тер­лер­ді кә­сі­би сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге үле­сті­ру
3. Бух­гал­тер­лер­ді кә­сі­би сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тіз­бе­ге сәй­кес бар бо­луы­на, ре­сім­деу дұ­ры­стығ­ы­на, шы­най­ы­лы­ғы­на, сон­дай-ақ ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рау
4. «Қар­жы­лық есеп­ті­лік­тің ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­та­ры­на сәй­кес бух­гал­тер­лік есеп», «Са­лық және са­лық са­лу» және «Аза­мат­тық құқық» пән­де­рі бой­ын­ша ем­ти­хан мо­ду­лі мен ем­ти­хандар нәти­же­ле­рін ба­ға­лау тәр­ті­біне және олар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне са­рап­та­ма жүр­гі­зу
5. Кә­сі­би ұй­ым­дар бер­ген ес­кер­ту­лер мен ұсы­ны­стар­ды қа­рас­ты­ру
8. Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ды тір­кеу
7. Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
5. Кә­сі­би ұй­ым­дар жі­бер­ген ұсы­ны­стар мен ес­кер­ту­лер­ді қа­рас­ты­ру
9. Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ды жі­бе­ру
6. Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дау

2.2 Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті беру процесі

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы
куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті беру процесі

3 «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 16 сәуірдегі
№ 213 бұйрығына 3-қосымша
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады:

1 1) аудиторлық кәсіби ұйымы (бұдан әрі – кәсіби ұйым) – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға;

2 2) аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсiби ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

3 3) Комитет - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті;

4 4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және жауапты лауазымды тұлғалары;

5 5) мемлекеттік қызмет - аудиторлық кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру;

6 6) ЭҚАБЖ - электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған түрде көрсетіледі.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) 1998 жылғы 20 қарашадағы «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң);

2 2) 2010 жылғы 26 мамырдағы «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 476 қаулысымен бекітілген «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

3 3) Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығы (бұдан әрі - Ереже) негізінде көрсетіледі.

6 6. Осы мемлекеттік қызмет басқа да мемлекеттік органдардың, өзге субъектілердің қатысуынсыз көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі - аккредиттеу туралы куәлік) беру немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

9 9. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетіледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі демалыс (сенбі және жексенбі) және мемлекеттік мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліс.

10

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі, оның ішінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Комитеттің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасында мынадай телефондар бойынша: (8-717-2) 74-31-14, 74-35-38, 74-35-60, 74-94-68, сондай-ақ Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.

11 11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі осы Регламенттің 16-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен аспайды.

12 12. Стандарттың 17-тармағында көрсетілген бұзушылықтар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Кәсіби ұйым Стандарттың 17-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды жойған жағдайда аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған өтінімі Аккредиттеу қағидаларына сәйкес қарастырылады.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын тұлғалардың ең аз саны – жеті.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1 1) ЭҚАБЖ-де тіркеу нөмірін бере отырып кәсіби ұйым ұсынған құжаттар пакетін тексеру және қабылдау, өтініштің екінші нұсқасына кіріс нөмірі бар мөр қою, басшылыққа үлестіру үшін беру;

2 2) кәсіби ұйым ұсынған құжаттар пакетін жауапты құрылымдық бөлімшеге үлестіру;

3 3) құжаттардың толық болмауының фактісі (оның ішінде құжат нысанында бекітілген міндетті жолақтардың толтырылмауы, ұсынылған құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаға сәйкес келмеуі) анықталған жағдайда одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындау;

4 4) кәсіби ұйым ұсынған құжаттарды Стандарттың 11-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес Ережеге сәйкестігін қарау;

5

5) кәсіби ұйым құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды және аккредиттеу туралы куәлік беру, куәліктің телнұсқасын беру және куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын дайындау және заң қызметімен келісу немесе аккредиттеуден жазбаша дәлелденген бас тартуды дайындау;

6 6) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды және аккредиттеу жөніндегі куәлік беру туралы бұйрықты бекіту;

7 7) аккредиттеу жөніндегі куәлік беру туралы бұйрықты тіркеу;

8 8) кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті немесе аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тартуды беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібін сипаттау

15 15. Аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды (қолма-қол немесе почта арқылы) тізімдеме бойынша Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы қабылдайды. Комитет кеңсесінің қабылдаған күні көрсетіле отырып, тізімдеме көшірмелері өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).

Қабылданған құжаттар қаралады, Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) нөмір бере отырып, оларды бақылауға қояды. Тіркелген, тиісті үлгіде ресімделген құжаттар кейіннен орындаушыға үлестіру үшін Комитет басшылығына беріледі.
Құжаттардың (өтінішпен екінші данасына немесе ұсынылатын құжаттарға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) Комитет кеңсесінде тіркелуі олардың тапсырылғанын растау болып табылады.

16 16. Кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Стандарттың 11-тармағында көрсетілген.

17 17. Кәсіби ұйымның атауы (оның ішінде ұйымдастыру-құқықтық нысаны), орналасқан жері өзгерген жағдайда тиісті мәліметтерді растайтын құжаттарын қоса бере отырып аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу жөніндегі өтінішті он күн мерзімде ұсыну қажет;

18 18. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі ФҚБ-лар қатысады:

1 1) Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының қызметкері (лері);

2 2) Комитет төрағасы;

3 3) Комитет төрағасының орынбасары;

4 4) Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының бастығы;

5 5) Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының қызметкері (лері);

6 6) Комитеттің Заң қызметі басқармасының бастығы;

7 7) Комитеттің Заң қызметі басқармасының қызметкері (лері).

20 20. Осы Регламентке 1-қосымшада әрбір әрекеттің орындалу мерзімі көрсетіле отырып ФҚБ әрекеттерінің бірізділігі сипатталған.

21 21. Осы Регламентке 2-қосымшада аккредиттеу туралы куәлікті беру үдерісі келтірілген.

3.1 «Кәсіби аудиторлық ұйымды

аккредиттеу туралы
куәлік беру»
мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
1-кесте. ҚФБ әрекеттерін сипаттау.
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) №
1
2
3
4
5
6
7
1
ҚФБ ата­уы
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (тө­ра­ға, тө­ра­ға орын­ба­са­ры)
Ко­ми­тет­тің Бух­гал­тер­лік есеп және ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау, ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет­тің Заң қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (тө­ра­ға, тө­ра­ға орын­ба­са­ры)
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет­тің Бух­гал­тер­лік есеп және ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау, ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы
2
Әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­ды си­паттау
ЭҚАБЖ-де тір­кеу нө­мі­рін бе­ре оты­рып кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру­ді қа­был­дау
Жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар па­ке­тін үле­сті­ру
Кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бе­кі­ті­л­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар­дың бар бо­луы­на, ре­сім­де­лу дұ­ры­стығ­ы­на және шы­най­ы­лы­ғы­на, ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық жо­ба­сын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­сы­на сәй­кест­і­гін қа­рау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты бе­кі­ту
Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты тір­кеу
Бұй­рық­қа қол қой­ы­л­ған жағ­дай­да кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ға кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің дай­ын болғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­лау
3
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін бе­ру, кей­ін­нен орын­да­у­шы­ға үле­сті­ру үшін бас­шы­лық­қа бе­ру
Қа­рар
Кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны неме­се кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дау және заң қыз­ме­тіне ке­лі­су­ге бе­ру. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық жо­ба­сын дай­ын­дау және заң қыз­ме­тіне ке­лі­су­ге бе­ру.
Бұй­рық жо­ба­сын неме­се бас тар­ту­ды ке­лі­су
Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­қа неме­се бе­ру­ден дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты тір­кеу
Кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті неме­се ак­ре­дит­те­уден дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ру
4
Орын­дау мер­зім­де­рі
15 ми­нут
1 жұ­мыс кү­ні
5 жұ­мыс кү­ні
3 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
15 ми­нут
15 ми­нут
5
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2 ба­ған
3 ба­ған
4 ба­ған
5 ба­ған
6 ба­ған
7 ба­ған
Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (Тө­ра­ға, Тө­ра­ға орын­ба­са­ры
Ко­ми­тет­тің Бух­гал­тер­лік есеп және ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет­тің Заң қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
1. ЭҚАБЖ-де тір­кеу нө­мі­рін бе­ре оты­рып кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру, қа­был­дау, өті­ніш­тің екін­ші нұс­қа­сын­да кі­ріс нө­мі­рі бар мөр қою, бас­шы­лық­қа үле­сті­ру үшін бе­ру
2. Кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге үле­сті­ру
3. Кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тіз­бе­ге сәй­кес бар бо­луы­на, ре­сім­деу дұ­ры­стығ­ы­на, шы­най­ы­лы­ғы­на, сон­дай-ақ ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рау.
5. Кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­сы­на сәй­кест­і­гін қа­рау
8. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты тір­кеу
7. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­ты тір­кеу
4. Кә­сі­би ұй­ым­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны және кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру ту­ра­лы бұй­рық жо­ба­сын дай­ын­дау
6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды және бұй­рық жо­ба­сын ке­лі­су
9. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру
Пайдалану нұсқалары. Балама процесс.
Ко­ми­тет­тің Іш­кі әкім­ші­лен­ді­ру және пер­со­нал­мен жұ­мыс бас­қар­ма­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы (тө­ра­ға, тө­ра­ға орын­ба­са­ры
Ко­ми­тет­тің Бух­гал­тер­лік есеп және ауди­тор­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау, ак­кре­дит­теу және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы
1. ЭҚАБЖ-де тір­кеу нө­мі­рін бе­ре оты­рып бух­гал­тер­лер­дің кә­сі­би ұй­ы­мы ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру, қа­был­дау, өті­ніш­тің екін­ші нұс­қа­сын­да кі­ріс нө­мі­рі бар мөр қою, бас­шы­лық­қа үле­сті­ру үшін бе­ру
2. Құ­жат­тар па­ке­тін жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге үле­сті­ру
3. Кә­сі­би ұй­ым ұсын­ған құ­жат­тар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тіз­бе­ге сәй­кес бар бо­луы­на, ре­сім­деу дұ­ры­стығ­ы­на, шы­най­ы­лы­ғы­на, сон­дай-ақ ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рау
6. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден дәлел­ді бас тар­ту­ды тір­кеу
5. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
4. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дау
7. Кә­сі­би ұй­ым­ды ак­кре­дит­те­уден дәлел­ді бас тар­ту­ды жол­дау

3.2 Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру процесі

«Кәсіби аудиторлық ұйымды
аккредиттеу туралы
куәлік беру»
мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша
Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру процесі

Қолданыстағы