Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм актов государственного инспектора по племенному животноводству, Правил их составления и выдачи

Бұйрық · № 18-02/211 · қабылданған 26.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65794/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении форм актов государственного инспектора по племенному животноводству, Правил их составления и выдачи Күшін жойған Бұйрық ·№ 18-02/211 ·26.04.2012
27.10.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм актов государственного инспектора по племенному животноводству, Правил их составления и выдачи

Күшін жойған Бұйрық ·№ 18-02/211 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм актов государственного инспектора по племенному животноводству, Правил их составления и выдачи
Атауы (қаз.)
Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-02/211
Қабылданған күні
26.04.2012
Көрсетілген редакция
27.10.2016 AI65794_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007676
ЭКБ идентификаторы
65794
Редакция идентификаторы
AI65794_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:21

0 Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру қағидасын бекіту туралы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандары осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес;

2 2) Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) аумақтық бөлімшілерімен бірге осы бұйрықтан туындалатын қажетті шаралардың қабылдануын;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

3 3) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

4 4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 18-02/211 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор
«___» ___________________ 20____ жылғы
акті жасалған күн, уақыт
__________________________________
акті жасалған орын
__________________________________
бақылау органының атауы
__________________________________
оның негізінде тексеру жүргізілген, тексерісті
тағайындау туралы актінің күні мен оның нөмірі,
тексеріс жүргізу кезеңі
Тексеру нәтижелері туралы акті
(асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар, асыл тұқымдық
орталықтар, дистрибьютерлiк орталықтар, асыл тұқымдық репродукторлар
және ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар)
Мен_________________________________________________________________
тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы
жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының не олардың өкілдерінің
қатынасуымен жүргізілген тексеріс барысында (қажеттісінің астын сызыңыз)
____________________________________________________________________
тексерілетін субъектінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы
тексеріс жүргізілгенде сол жерде болған жеке тұлғаның немесе заңды
тұлғаның не олардың өкілдерінің лауазымы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі
Тексеру актісінің негізінде мыналар анықталды ________________
____________________________________________________________________
анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты, немесе бұзушылықтардың
жоқтығы көрсетіледі
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының ______ бабының ______ тармағын (тармақшасын) бұзуға байланысты
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сізге, жоғарыда көрсетілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
бұзушылықтарды 20___ жылғы «___» ________ дейін жою қажет.
Осы тексеру актісімен таныстым және бір данасын алдым: ______ 20___ жыл.
Жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы болмаса оның өкілі
(қажеттісінің астын сызыңыз)
____________________________________________________________________
Қолы тегі, аты, әкесінің аты, күні
Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор
____________________________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы

2 Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 18-02/211 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор
«___» ___________________ 20____ жылғы
акті жасалған күн, уақыт
________________________________
акті жасалған орын
________________________________
бақылау органының атауы
________________________________
оның негізінде тексеру жүргізілген, тексерісті
тағайындау туралы актінің күні мен оның нөмірі,
тексеріс жүргізу кезеңі
Тексеру нәтижелері туралы акті
(бағалаушы (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды телу
(ауыстырып салу) жөніндегі маманның көрсеткен қызметтерінің сапасы)
Мен_________________________________________________________________
тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы
жеке тұлғаның немесе оның өкілінің қатынасуымен жүргізілген тексеру
барысында ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
тексерілетін бағалаушының (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының
және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маманның тегі, аты,
әкесінің аты, тексеріс жүргізілгенде сол жерде болған жеке тұлға өкілінің
лауазымы
____________________________________________________________________
тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі
Тексеру актісінің негізінде мыналар анықталды ______________________
____________________________________________________________________
анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты, немесе бұзушылықтардың жоқтығы
көрсетіледі
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының ______ бабының ______ тармағын (тармақшасын) бұзуға байланысты
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сізге, жоғарыда көрсетілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
бұзушылықтарды 20___ жылғы «___» ________ дейін жою қажет. Осы
тексеру актісімен таныстым және бір данасын алдым: ____ 20___ жыл.
Жеке тұлға немесе оның өкілі __________________________________
_____________________________________________ ______________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты, күні
Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор
____________________________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы

3 Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидасы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 18-02/211 бұйрығына
3-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығы инспектордың актілерін жасау және беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру тәртібін айқындайды.

2

2. Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық әсер ету шараларын қабылдау мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптарын бұзушылықтарға қарай тексеру нәтижесі туралы актіні (бұдан әрі - акті) жасайды және береді.

3 3. Актіде Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 24-бабында келтірілген мәліметтер көрсетіледі.

2 2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерді жасау және беру тәртібі

4 4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспектор асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тексерілетін субъектілерді тексерген кезде актіні жасайды. Бұзушылықтар болмаған жағдайда актіде тиісті жазба жазылады.

5

5. Актілер екі данада болып жасалады, онда жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының не олардың өкілдерінің актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер көрсетіледі. Актінің бір данасы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тексерілетін субъектіге беріледі, ал екіншісі асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторда болады.

6 6. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары берген актілердің есебін жүргізеді, жоғарғы орган алдында бір айлық мерзімде есеп береді.

7 7. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың әрекеттерi (әрекетсiздiгі) жоғары тұрған органдарда және (немесе) сотта шағымдануы мүмкін.

Қолданыстағы