Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о порядке признания племенного свидетельства или эквивалентного ему документа, выданного на импортированную племенную продукцию (материал) компетентными органами стран-экспортеров

Бұйрық · № 18-02/212 · қабылданған 26.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65795/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Положения о порядке признания племенного свидетельства или эквивалентного ему документа, выданного на импортированную племенную продукцию (материал) компетентными органами стран-экспортеров Күшін жойған Бұйрық ·№ 18-02/212 ·26.04.2012
02.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о порядке признания племенного свидетельства или эквивалентного ему документа, выданного на импортированную племенную продукцию (материал) компетентными органами стран-экспортеров

Күшін жойған Бұйрық ·№ 18-02/212 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о порядке признания племенного свидетельства или эквивалентного ему документа, выданного на импортированную племенную продукцию (материал) компетентными органами стран-экспортеров
Атауы (қаз.)
Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-02/212
Қабылданған күні
26.04.2012
Көрсетілген редакция
02.06.2016 AI65795_8.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007677
ЭКБ идентификаторы
65795
Редакция идентификаторы
AI65795_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:21

0 Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібінің ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

3 3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асылтұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағида

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212
бұйрығымен бекітілген
Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асылтұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағида

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы Осы Қағида (бұдан әрi – Қағида), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдарымен берілген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжаттың тану тәртiбiн анықтайды.

2 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Комитет) – асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, аумақтық бөлімшелерімен бірге асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның комитеті;

2

2) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісі (бұдан әрі – Үлгі) – экспорттаушы елдердің құзыретті органдарымен қабылданған асыл тұқымдық өнім (материал) туралы жалпы мәліметтердің жиынтығы;

3

3) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану – осы Қағидамен бекітілген тәртіпте келісілген Үлгіге, импортталған асыл тұқымды өнiмнің (материалдың) асыл тұқымдық куәлiгінің немесе оған балама құжатының сәйкестігін растау рәсімі;

4 4) импорттаушы – Қазақстан Республикасына асыл тұқымды өнiмдi (материалды) әкелімдi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

5

5) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісін қарастыратын Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) – келісуді жүзеге асыру үшін, импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжат үлгісін қарастыру құзыреті кіретін, жыл сайын Комитет немесе ірі қара малдың тұқымдары бойынша Республикалық палата (бұдан әрі - Палата) құратын алқалы орган;

3 3. Шетелден асыл тұқымды өнімді (материалды) алғаш әкелген кезде асыл тұқымды малдың осы түріне және тұқымына Үлгіні келісу рәсімі осы елден алғаш әкелінгенде жүргізіледі.

4 4. Импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану мынадай сатыларды қамтиды:

1 1) өтінімдерді қарастыру және асыл тұқымдық куәліктің көшірмелерін (түпнұсқасын) қарастыру және келісілген Үлгімен салыстыру;

2 2) асыл тұқымдық куәлікті тану туралы шешім қабылдау.

2 2. Үлгіні келістіру үшін асыл тұқымдық өнiмді (материалды) импорттаушылардың өтінімдерін қарастыру тәртібі

5 5. Импорттаушы, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) белгіленген орынға әкелінуіне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша:

ірі қара малдың асыл тұқымдық өнiмiн (материалын) импорттаған жағдайда – Палатаға;
басқа жануарлардың асыл тұқымдық өнiмiн (материалын) импорттаған жағдайда – асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) белгіленген орны бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне (Комитеттің аумақтық бөлімшесі) өтініш береді;
Импорттаушы өтiнiшке Үлгіні қоса бередi.

6 6. Ұсынылған Үлгіде мынадай мәлiметтер көрсетiлуі тиіс:

1 1) асыл тұқымдық куәлiкті немесе оған балама құжатты берген құзыреттi органның атауы;

2 2) импортер туралы мәлімет (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3 3) малдың туған жылы;

4 4) малдың лақап аты (бар болса);

5 5) сәйкестендіру номері (татуировка, сырға, чип, таңба – көрсетілгеннің ішінен біреуі немесе бірнешеуі);

6 6) малдың тұқымы (құжаттарда мәлімет болған жағдайда);

7 7) малдың жынысы (малды әкелген жағдайда);

8 8) асыл тұқымдық кiтап бойынша тiркеу нөмiрi немесе өкiлеттi органның тiркелiмi (олар жүргiзiлген жағдайда);

9 9) малды генетикалық бағалау нәтижесi (өткізілген жағдайда);

10 10) шежіресі (экспорттаушы елдердің талаптарына сәйкес беріледі);

11 11) асыл тұқымдық куәлiкті немесе оған балама құжатты берген күнi (бар болса);

12 12) малдың түсі және ерекше белгілері (бар болса).

13

13) экспорттаушы елдерде қабылданған әдіс бойынша бағалау көрсеткішінің бар болуы немесе жануардың немесе экспорттаушы елде қабылданған әдіс бойынша тектерінің біреуінің өнімділігінің абсолюттік көрсеткіші. Мал шаруашылығында жануардың өзінің немесе экспорттаушы елдің құзыретті органымен ғаламтор-қорында жарияланған құжатпен тектерінің біреуінің өнімділігі туралы мәліметті ұсыну рұқсат етіледі. Асыл тұқымдық куәлікке немесе оған балама құжатқа қосымша түрінде, жеткізіп берушімен расталған, фермаішілік есептегі құжат бойынша жануардың тұқымы мен өнімділігі туралы мәліметті ұсынуға болады

7 7. Өтініш тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Үлгі:

Комитет құрған Комиссияда қарастыру үшін, Комитеттің аумақтық бөлімшесімен Комитетке;
Палатамен, Палата құрған Комиссияда қарастыру үшін жолданады.

8 8. Комитет құрған Комиссия Комитеттің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің салалық құрылымдық бөлімшесінің, салалық ғылыми ұйымның, қоғамдық бірлестіктің өкілдерінен құралады, ал төрағасы – Комитеттің төрағасы болып табылады.

Палата құрған Комиссия, Палатаның және салалық ғылыми ұйымдардың өкілдерінен құралады, ал төрағасы – Палатаның басшысы болып табылады.

9 9. Комитет немесе Палата, отырысты өткізуге дейін 5 (бес) жұмыс күн бұрын өкілдері Комиссия құрамына кіретін ұйымдарды олардың Комиссия жұмысына қатысуын қаматамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы үшін жазбаша түрде хабарландырады.

10 10. Комиссияның Үлгіні қарастыру мерзімі Комитетте немесе Палатада тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнді құрайды.

11 11. Комиссияның шешімі, Комиссия Төрағасымен және оның мүшелерімен қол қойылатын, еркін үлгідегі Акт түрінде қабылданады.

Комиссия мүшелерінің Актпен келіспеген жағдайда, Актқа келіспеу себептері көрсетілген қосымша дайындалып, Комиссияның келіспеген мүшелерінің қолдары қойылады.

12 12. Өтінілген Үлгіде немесе құзыретті органның ғаламтор-қорында орналастырылған құжаттарда Осы Қағиданың 6-тармағындағы мәліметтер көрсетілген жағдайда, Комиссия Үлгіні келісу туралы шешім қабылдайды.

Өтінілген Үлгіде немесе құзыретті органның ғаламтор-қорында орналастырылған құжаттарда осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген мәліметтердің болмауы немесе сәйкес келемеуі, Үлгіні келістіруден бас тарту үшін себеп болып табылады.

13 13. Келісілген Үлгі:

1 1) импортталған ірі қара малға берілген асыл тұқымды куәліктің немесе оған балама құжаттың Үлгісі келісілген жағдайда – Палат сайтында;

2 2) басқа малдарға берілген асыл тұқымды куәліктің немесе оған балама құжаттың Үлгісі келісілген жағдайда – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ғаламтор-порталында орналастырылады;

14 14. Комитет немесе Палата өтінілген Үлгінің келісілгені немесе келісуден бас тартылғаны туралы шешім көрсетілген Комиссия ұсынған Актыны алғаннан кейін өтініш берушіге бір жұмыс күні ішінде жолдайды.

15 15. Үлгіні экспорттаушы елдің құзыретті органы өзгерткен жағдайда Үлгі қайта келісуге жатады.

3 3. Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi

16

16. Малдарды белгіленген орынға әкелгеннен және карантин аяқталғаннан кейін, импорттаушы әр малдың немесе асыл тұқымды өнімнің (материалдың) партиясының асыл тұқымдық куәліктің көшірмесіне (түпнұсқасына) сәйкестігін растау рәсімін өткізу мақсатында ірі қара малдың асыл тұқымды өнімін (материалын) импорттаған жағдайда – Палатаға немесе басқа малдардың асыл тұқымды өнімін (материалын) импорттаған жағдайда – Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне:
малдарды көзбен шолып тексеру үшін;
татуировкадағы, таңбадағы, тавродағы, биркадағы және басқа бірдейлендіру номерлерін бірге немесе жекеден қолда бар шет ел сертификаттарының түп нұсқаларымен немесе оған балама құжаттармен салыстыру үшін өтініш бере алады.

17 17. Экспорттаушы елдің құзыретті органы асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлігін немесе оған балама құжатты тану үшін, импорттаушы:

1 1) ірі қара малдың асыл тұқымды өнімін (материалын) импорттаған жағдайда – Палатаға;

2 2) басқа малдардың асыл тұқымды өнімін (материалын) импорттаған жағдайда – Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне еркін нұсқадағы экспорттаушы елдің құзыретті органымен асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы өтініш береді.

Өтініште:
жеке тұлғалар үшiн – асыл тұқымды өнiм (материал) әкелудi жоспарлаған жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын және тұратын жерін;
заңды тұлғалар үшiн – асыл тұқымды өнiм (материал) әкелудi жоспарлаған заңды тұлғаның атауын, мекенжайын және қызмет түрін;
экспорттаушы елдiң атауын, малдың санын, түрiн және тұқымын, ұрықтың немесе эмбриондардың саны, олардың қай түрге және тұқымға жататыны көрсетіледі.
Импорттаушы өтінішке экспорттаушы елдің құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктердің немесе оған балама құжаттардың көшірмелерін және мiндеттi қайтарым шартымен олардың беттестiруге арналған түпнұсқаларын қоса бередi.

18 18. Ірі қара мал бойынша малдың өзінің өнімділігі немесе тегінің біреуінің өнімділігі туралы мәліметтерді экспорттаушы елдің құзыретті органының ғаламтор-қорында орналастырылған құжаттардан ұсынуға болады.

19 19. Буаз малды импорттаған жағдайда экспорттаушы елдің тааптарына сәйкес болашақ тұқымның әкесі туралы мәлімет қосымша ұсынылады (тұқымы, тіркеу номері, екі жақтағы үш ата-тегінің шежіресі, ұрықтану немесе шағылысу кезеңі бойынша мәлімет).

Асыл тұқымды куәлікке немесе оған балама құжатқа қосымша түрінде жеткізіп берушімен расталған, ішкі фермерлік есептегі құжат бойынша болашақ тұқымның әкесінің шығу тегі мен өнімділігі туралы мәліметті ұсынуға болады.
Таза қанды мiнiс жылқылары үшін иесiнiң өзгергенi туралы мәлiметтерді көрсете отырып, экспорттаушы мемлекеттердiң жокей клубтары берген халықаралық үлгiдегi паспорт – асыл тұқымдық куәлікке балама құжат болып табылады.

20 20. Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) асыл тұқымды куәлігінің немесе оған балама құжаттының дұрыстығы экспорттаушы елдің құзыретті органымен расталады (басшының қолымен куәландырылып, мөрмен расталады).

21

21. Комитеттің аумақтық бөлімшесінің инспекторы немесе Палата маманы асыл тұқымды куәліктің немесе оған балама құжаттың көшірмесінде немесе түпнұсқасында көрсетілген барлық мәліметтерді Үлгімен салыстыруды жүргізеді және осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген өтініш түскеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде импорттаушыға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану туралы қорытынды беріледі.

1 Экспорттаушы елдердің құзыретті

органдары импортталған асыл
тұқымды өнімге (материалға) берген
асыл тұқымдық куәлікті немесе
оған балама құжатты тану тәртібі
туралы қағидаға
1-қосымша
Нысан
Кімге _______________________________________________________________
(Асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның
аумақтық бөлімшесіне немесе Ірі қара малдың тұқымдары бойынша
Республикалық палатаға)
кімнен_____________________________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты, ЖСН
немесе заңды тұлғаның толық аты, БСН)
Өтініш
Экспорттаушы ел ___________________________ құзыретті органдары
импортталған асыл (экспорттаушы ел атауы)
тұқымды ________________________ өнімге (материалға) берген асыл
тұқымдық (асыл тұқым өнімінің (материалдың) түрі)
куәліктің/оған балама құжаттың Үлгісін тануларыңызды сұраймын.
Импорттаушының мекен-жайы: __________________________________________
телефон № ___________________________________
Өзім ұсынып отырған құжаттардың дұрыстығын растаймын.
Мен, _______________________, асыл тұқым куәліктерінің келесі
түпнұсқаларындаға мәліметтер берілген үлгіге _______ сәйкес болатының
растаймын.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________
Күні ________________ __________________
М.О. (бар болса) (қолы)

2 Экспорттаушы елдердің құзыретті

органдары импортталған асыл
тұқымды өнімге (материалға)
берген асыл тұқымдық куәлікті
немесе оған балама құжатты тану
тәртібі туралы қағидаға
2-қосымша

1 1. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген танылған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың тізімі


Асыл тұқым­ды мал ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет
Асыл тұқым­ды мал­дың сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі**
Асыл тұқым ку­ә­лі­гі­нің неме­се сер­ти­фи­кат­тың тір­кеу нө­мі­рі
Мал­дың асыл тұқым­дық құн­ды­лы­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет
тү­рі
жы­ны­сы
Тұқы­мы
Ла­қап аты және бел­гі­ле­рі
Ту­ған кү­ні
Ті­рі сал­ма­ғы, кг*
Құ­лақ сыр­ға­сы
элек­тронн­ды чип
та­ту­и­ров­ка
таң­ба
Ба­ға­лау бой­ын­ша сы­ны­бы
Ба­ға­лау көр­сет­кі­ші***

2 2. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген танылмаған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың тізімі


Асыл тұқым­ды мал ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет
Асыл тұқым­ды мал­дың сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі**
Асыл тұқым ку­ә­лі­гі­нің неме­се сер­ти­фи­кат­тың тір­кеу нө­мі­рі
Мал­дың асыл тұқым­дық құн­ды­лы­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет
тү­рі
жы­ны­сы
Тұқы­мы
Ла­қап аты және бел­гі­ле­рі
Ту­ған кү­ні
Ті­рі сал­ма­ғы, кг*
Құ­лақ сыр­ға­сы
элек­тронн­ды чип
та­ту­и­ров­ка
таң­ба
Ба­ға­лау бой­ын­ша сы­ны­бы
Ба­ға­лау көр­сет­кі­ші***
кестенің жалғасы
Асыл тұқым ку­ә­лі­гін неме­се оған ба­ла­ма құ­жат­ты та­ны­маудың се­бе­бі
*- өнімділік бағыттағы етті ірі қара малдар, қойлар, шошқалар, жылқылар және түйелер үшін
**- тізілгендердің ішінен біреуі немесе бірнешеуі көрсетіледі
***- бағалау көрсеткіші бар болуы туралы белгі қойылады
Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы
қорытындыны берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
Күні ________________ ____________________
М.О. (қолы)

Қолданыстағы