Құжат мәтініне өту

Об изменении границ (черт) населенных пунктов Илийского района

Қаулы · № 6-25 · қабылданған 18.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65815/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об изменении границ (черт) населенных пунктов Илийского района Күшін жойған Қаулы ·№ 6-25 ·18.04.2012
28.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ (черт) населенных пунктов Илийского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 6-25 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ (черт) населенных пунктов Илийского района
Атауы (қаз.)
Іле ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-25
Қабылданған күні
18.04.2012
Көрсетілген редакция
28.10.2013 65815_176177.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DJ000161
ЭКБ идентификаторы
65815
Редакция идентификаторы
65815_176177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:25

0 Іле ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес Іле аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Іле ауданы елді мекендерінің шекаралары (шегі) ұсынылған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:

1 1) Междуреченск ауылдық округінің Екпенді ауылына жалпы көлемі 105,0 гектар жер қосылсын;

2 2) Боралдай кенттік округінің Боралдай кентіне жалпы көлемі 240,0 гектар жер қосылсын;

3 3) Күрті ауылдық округінің Ақши ауылына жалпы көлемі 60,0 гектар жер қосылсын;

4 4) Қараой ауылдық округінің Қараой ауылына жалпы көлемі 40,0 гектар, Нұрғиса Тлендиев ауылына жалпы көлемі 112,0 гектар, Қосөзен ауылына жалпы көлемі 520,0 гектар жер қосылсын;

5 5) Байсерке ауылдық округінің Жаңаталап ауылына жалпы көлемі 66,0 гектар, Жаңадәуір ауылына жалпы көлемі 28,0 гектар, Ынтымақ ауылына жалпы көлемі 115,0 гектар, Әли ауылына жалпы көлемі 42,5 гектар, Байсерке ауылына жалпы көлемі 30,0 гектар жер қосылсын;

6 6) Чапаев ауылдық округінің Чапаев ауылына жалпы көлемі 166,4 гектар жер қосылсын;

7 7) Жетіген ауылдық округінің Жетіген ауылына жалпы көлемі 906,0 гектар, Еңбек ауылына жалпы көлемі 20,0 гектар, Құйған ауылына жалпы көлемі 20,0 гектар, Жаңаарна ауылына жалпы көлемі 28,0 гектар жер қосылсын;

8 8) Первомай кенттік округінің Первомай кентіне жалпы көлемі 26,4 гектар, Қоянқұс ауылына жалпы көлемі 5,0 гектар жер қосылсын;

9 9) Ащыбұлақ ауылдық округінің Көкқайнар ауылына жалпы көлемі 476,4 гектар, Жәпек батыр ауылына жалпы көлемі 105,0 гектар, Мұхаметжан Түймебаев ауылына жалпы аумағы 131,0 гектар жер қосылсын;

10 10) Казцик ауылдық округінің Комсомол ауылына жалпы көлемі 200,0 гектар жер қосылсын;

2 2. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына (Файль Виктор Александровичке) жүктелсін.

3 3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Іле аудандық жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы                        Әшіров Қайрат Бердығұлұлы
18 сәуір 2012 жыл
"Іле аудандық сәулет және
қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы                                    Отыншиев Қуаныш Еділбайұлы
18 сәуір 2012 жыл

Қолданыстағы