Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования и функционирования национальных электронных информационных ресурсов и национальных информационных систем, информационно-коммуникационных сетей

Бұйрық · № 180 · қабылданған 17.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65821/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования и функционирования национальных электронных информационных ресурсов и национальных информационных систем, информационно-коммуникационных сетей Күшін жойған Бұйрық ·№ 180 ·17.04.2012
26.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования и функционирования национальных электронных информационных ресурсов и национальных информационных систем, информационно-коммуникационных сетей

Күшін жойған Бұйрық ·№ 180 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования и функционирования национальных электронных информационных ресурсов и национальных информационных систем, информационно-коммуникационных сетей
Атауы (қаз.)
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
180
Қабылданған күні
17.04.2012
Көрсетілген редакция
26.01.2016 AI65821_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007675
ЭКБ идентификаторы
65821
Редакция идентификаторы
AI65821_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:26

0 Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру мен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және жұмыс істеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 17 сәуірдегі
№ 180 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және жұмыс істеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.

Қағидалар ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар (бұдан әрі – АР) мен ұлттық ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі – АЖ), ақпараттық-коммуникациялық желілердің (бұдан әрі – АКЖ) қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібін анықтайды.

2 2. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ, АКЖ қалыптастыру және жұмыс істеуі мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін сақтап қалу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

2 2. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ, АКЖ қалыптастыру тәртібі

3

3. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар, жұмыс істеуінің тоқтауы немесе бұзылуы елдің қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, шаруашылығының немесе инфрақұрылымының жекелеген салалары үшін не халықтың тыныс-тіршілігі үшін төтенше жағдайға немесе айтарлықтай келеңсіз салдарға әкелетін мемлекеттік электрондық АР мен АЖ қалыптастырылады.

4 4. Мемлекеттік органдар жыл сайын 30 маусымға дейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) электрондық АР мен АЖ ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ анықтау туралы мынадай құжаттарды ұсына отырып ұсыныстарды енгізеді:

еркін нысанда өтініш;
электрондық АР мен АЖ сипаттамасы;
техникалық құжаттаманың бар болуы туралы (техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік), сондай-ақ, электрондық АР мен АЖ өнеркәсіптік пайдалануға берілуі туралы мәліметтер;
электрондық АР мен АЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкес келу аттестатының көшірмесі.

5 5. Уәкілетті органның жанында құзыретіне Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін электрондық АР мен АЖ стратегиялық маңызын анықтау кіретін комиссия құрылады.

6 6. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ тізбесі "Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысымен бекітілген.

3 3. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ, АКЖ жұмыс істеу тәртібі

7

7. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының, "Қазақстан Республикасы ақпараттық қауiпсiздiгiнiң 2016 жылға дейiнгi тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығының және осы Қағидаларының талаптарына сәйкес қорғалуға жатады.

8 8. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ, АКЖ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйесі өзінің электрондық АР, АЖ және АКЖ қорғауға мемлекеттік органның көз-қарасын айқындайтын қауіпсіздік саясатының талаптарына сәйкес іске асырылады.

9 9. Ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ, АКЖ қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдары:

қалыптастыру, пайдалану, өңдеу, беру және сақтау кезінде деректердің тұтастығын;
рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауды, ұлттық электрондық АР мен ұлттық АЖ толықтырулар мен өзгерістер енгізуді;
деректерді резервтеу мен қалпына келтіру жүйесін;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің тұтастығы мен жұмысқа қабілеттілігін бақылауды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы