Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил заключения договоров с иностранцами на организацию любительского (спортивного) рыболовства

Бұйрық · № 16-03/213 · қабылданған 26.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65822/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил заключения договоров с иностранцами на организацию любительского (спортивного) рыболовства Күшін жойған Бұйрық ·№ 16-03/213 ·26.04.2012
17.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил заключения договоров с иностранцами на организацию любительского (спортивного) рыболовства

Күшін жойған Бұйрық ·№ 16-03/213 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил заключения договоров с иностранцами на организацию любительского (спортивного) рыболовства
Атауы (қаз.)
Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16-03/213
Қабылданған күні
26.04.2012
Көрсетілген редакция
17.09.2012 AI65822_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007679
ЭКБ идентификаторы
65822
Редакция идентификаторы
AI65822_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:21

0 Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

0 Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің м.а.
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 16-03/213 бұйрығымен
бекітілген
Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-32) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағида шетелдіктермен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу тәртібін айқындайды.

2 2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шартты жасасу тәртібі

3

3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасуды Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) (бұдан әрі – Қауымдастық) жүзеге асырады.

4 4. Қауымдастық шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, мыналар:

1 1) жануарлар дүниесін алуға квота;

2 2) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат болған жағдайда жасасады.

5

5. Қазақстан Республикасы территориясында әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін шетел азаматы әуесқойлық (спорттық) балық аулаудың басталуына дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей Қауымдастыққа туристік ваучерді көрсете отырып әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға шарт жасасу туралы өтініш жолдайды.

6 6. Қауымдастық:

1

1) 7 күнтізбелік күн ішінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарт жасасу туралы өтінішті қарастырып, шетел азаматымен осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарт жасасады, не жазбаша түрде бас тартылатыны туралы дәлелді жауап беріледі;

2

2) есептік кезеңнен кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда шетел азаматтарымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған жасалған шарттардың саны туралы ақпаратты жолдайды.

7 7. Шетел азаматымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарт жасасудан бас тартудың негіздері мыналар болып табылады:

1 1) өтініште көрсетілген мәліметтерді толық емес көлемде ұсыну;

2 2) өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс еместігі.

1 Шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру туралы

Шетелдіктермен
әуесқойлық (спорттық)
балық аулауды ұйымдастыруға
арналған шарттарды жасасу
қағидасына 1-қосымша
Шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру туралы
ТИПТІК КЕЛІСІМ-ШАРТ
қ. ______________ «__»_________ 20__ж.
_______________________________________________________________
(Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық
бірлестіктері құрылымдық бөлімшелерін
____________________________________________________________________,
(филиалдары мен өкілдіктерін)
әрі қарай «Қауымдастық» деп аталатын, ______________________________,
(жетекшінің А.Ә.Т.)
атынан__________ негізінде әрекет ететін, __________________________,
бір тараптан, және__________________________________________________,
(шетелдік азаматтың А.Ә.Т.)
бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын екінші тараптан, бұдан әрі
«Жақтар» деп аталатын, төмендегілер туралы шарт жасасты.

1 1. Шарттың мәнi

1. Осы келісім-шарттың мәні ___________________________________
(балық шаруашылығы су тоғанның және (немесе) учаскесінің атауы)
балық шаруашылығы су тоғаны және (немесе) учаскесінің аумағында Тапсырыс беруші
қатысуымен Қауымдастықтың әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру болып
табылады.

2 2. Келісім-шарттың орындалу шарттары

2.1. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатымен Қауымдастық
шетелдік азаматы жүгінген жағдайда,
Қауымдастықтың уәкілетті тұлғасы ___________________________________,
(балық шаруашылығы су тоғанның және
(немесе) учаскесінің атауы)
балық шаруашылығы су тоғаны және (немесе) учаскесі шегінде әуесқойлық (спорттық)
балық аулауға жолдаманы рәсімдейді.
2.2. Жолдама рәсімдеу кезінде Қауымдастықтың уәкілетті тұлғасы Тапсырыс берушіге
Балық аулау ережесі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеулер
мен тыйым салуларды, балық шаруашылығы тоғаны және (немесе) учаскесінің шекараларын және
осы балық шаруашылығы су тоғанында және (немесе) учаскесінде әуесқойлық (спорттық) балық
аулауды жүргізу үшін қажетті мәліметті түсіндіруді жүзеге асырады.
2.3. Қауымдастық, техникалық мүмкіншілік бар жағдайда Тапсырыс берушіге қосымша
төлеудің артынан, басқа қызметтерді көрсете алады.
2.4. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға төлем ақысының көлемі шарттасқан болып
табылады.

3 3. Жақтардың құқықтары мен міндеттері

3.1 3.1. Тапсырыс беруші спорттық және әуесқойлық балық аулауды жүзеге асырғанда өзінде жолдама, төлқұжат немесе тұлғаны куәландыратын өзге де құжат болу міндетті.

4 4. Жақтардың жауапкершілігі

4.1 4.1. Келісім-шартты орындалмаған немесе тиістісіз орындаған жағдайда жақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

4.2 4.2. Тапсырыс беруші жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың қолданыстағы нормаларын бұзу жағдайында Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

4.3 4.3. Осы келісім-шартымен барлық жағдайларда жақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

5 5. Келісім-шарт мерзімі

5.1. Келісім шарт Тапсырыс беруші осы келісім-шарттың талаптарымен таныстырылған
туралы жолдаманың тиісті бағанында қол қойған күнінен күшіне енеді.
5.2. Келісім-шарт жолдама қолданысы кезеңі мерзіміне жасалады.
«Қауымдастық» «Тапсырыс беруші»
________________________________ ________________________________
(шетелдік азаматтың А.Ә.Т.)
-------------------------------- --------------------------------
(мекен-жайы тел. нөмірі)
________________________________ ________________________________
(банктың реквизиттері) ________________________________
(банктың реквизиттері)
________________________________
(лауазым, А.Ә.Т.)
__________________ ___________________________
(қолы, мөр) (қолы, мөр болған жағдайда)
М.О.

2 Шетел азаматтарымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған жасалған шарттардың саны туралы ақпарат

Шетелдіктермен
әуесқойлық (спорттық)
балық аулауды ұйымдастыруға
арналған шарттарды жасасу
қағидасына
2-қосымша
Нысан
Шетел азаматтарымен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған жасалған шарттардың саны туралы ақпарат

Жол­да­ма­ның, шар­ттың нө­мі­рі
Шарт та­рап­та­ры
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­дын­да­ры және (неме­се) учас­ке­ле­рі (ата­уы, ай­мақ, кім­ге бе­кі­ті­ліп бе­рі­л­ген)
Аула­на­тын ба­лық түр­ле­рі
Са­ны, кг (да­на)
Жол­да­ма­ға сәй­кес
нақ­ты
1.
2.
3.
4.
5.
...
Бар­лы­ғы
Ассоциацияның басшысы_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Жеке қолы_________________________________________________________
Тапсырған күні: «____»_______________________________201__жыл
М.О.
_____________________________________________________________________
(ақпарат қабылдаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қолданыстағы