Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача разрешения на временный вывоз и ввоз культурных ценностей"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача разрешения на временный вывоз и ввоз культурных ценностей"
- Атауы (қаз.)
- "Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 58
- Қабылданған күні
- 03.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2012 AI65825_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007687
- ЭКБ идентификаторы
- 65825
- Редакция идентификаторы
- AI65825_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:19
0 "Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 58 бұйрығымен бекітілген
«Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) алушы - жеке немесе заңды тұлға;
2 2) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік - Қазақстан Республикасының кедендік және Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін негіз болып табылатын құжат;
3 3) құрылымды-функционалдық бірліктер - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушы лауазымды тұлғалар.
3 3. «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 4-тармағы және «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына қағаз нұсқасында куәлік беру (бұдан әрі - куәлік) немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны жөнінде жазбаша түрде дәйекті жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1 1) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген олардың қанағаттанғысыз табиғи жай-күйі;
2 2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздеуде болуы;
3 3) сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген әкету мақсатының өтініште көзделген мақсатқа сәйкес келмеуі.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7 7. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбіні қоспағанда, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527 бөлмеде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат электрондық Үкімет порталында www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және Комитеттен 8 (7172) 74-04-34 телефоны арқылы білуге болады.
9 9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1 1) қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде;
2 2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3 3) алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 10 минуттан аспайды.
11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
1 1) алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2 2) құжаттарды басшылыққа беру;
3 3) құжаттарды қарастыру және Комитет басшылығының орындаушыны анықтауы;
4 4) куәлікті дайындайтын тұлғаға құжаттарды беру;
5 5) орындаушының құжаттардың түпнұсқалығын салыстыруы және құжаттардың толық екендігін тексеруі;
6 6) куәлікті беру туралы шешім қабылдау;
7 7) куәлікті дайындау;
8 8) куәліктер журналына куәлікті тіркеу;
9 9) куәлікті немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.
12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін алушының құжаттарын Комитеттің жұмыс кестесі бойынша бір тұлға қабылдайды.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы
13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы (не сенімхат бойынша өкілі) Комитетке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
14 14. Алушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) талонды беру көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады, онда күні мен уақыты, Комитет кеңсесінің құжатты қабылдаған қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетіледі.
15 15. Құрылымды-функционалдық бірліктердің әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімдердің) және бірізділігінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.
0 Құрылымды-функционалдық бірліктердің әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімдердің) және бірізділігінің сипаттамасы
«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
қосымша
Құрылымды-функционалдық бірліктердің әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімдердің) және бірізділігінің сипаттамасы
Негізгі іс-әрекеттер процесі
Құрылымды-функционалдық бірліктер атауы
Кеңсе қызметкері
Комитет басшылығы
Тарихи-мәдени мұра басқармасы қызметкері
1
Іс-әрекет атауы және оның сипаттамасы
1. Құжаттарды тіркеу 2. Құжаттарды басшылыққа беру
3. Құжаттарды қарастыру
4. Құжаттарды тарихи-мәдени мұра басқармасына беру
5. Өтінішті сараптау. Куәлікті беру туралы шешім қабылдау
2
Формасы, аяқталуы (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-бөлісу шешімі)
7. Құжатты жолдау
Тұтынушыға жауап дайындау
6. Куәлікті дайындау немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама беру
3
Орындау мерзімі
2 күн
1 күн
7 күн бас тарту туралы жауап 2 күн ішінде