Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил государственной регистрации тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости

Қаулы · № 681 · қабылданған 25.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65829/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил государственной регистрации тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости Күшін жойған Қаулы ·№ 681 ·25.05.2012
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил государственной регистрации тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости

Күшін жойған Қаулы ·№ 681 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил государственной регистрации тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости
Атауы (қаз.)
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
681
Қабылданған күні
25.05.2012
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI65829_6.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000681
ЭКБ идентификаторы
65829
Редакция идентификаторы
AI65829_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:10

0

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1

1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 681 қаулысымен
бекітілген
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрi – машиналар) мемлекеттік тіркеудің тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1 1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2 2) жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар – қаршаналар, квадроциклдер;

3 3) иеленушi – өзіне тиесілі меншік құқығы негізінде немесе заңнамада белгіленген өзге де негіздерге орай, ағымдағы уақыт кезеңінде машинаны іс жүзінде иеленуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

4 4) меншік иесі – заңнамаға сәйкес өзіне тиесілі машинаны өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

5 5) машиналарды мемлекеттiк тiркеу – тіркеу пункттерінің машиналарды тiркеу, машиналардың жол қозғалысына қатысуға жіберілгенін растайтын мемлекеттiк тіркеу нөмiрлiк белгiлерін және тiркеу құжаттарын беру жөніндегі қызметі (бұдан әрі – машиналарды тіркеу);

6 6) машиналарды тіркеу кітабы – осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес машина, меншік иесі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (бұдан әрі – нөмірлік белгі), тіркеуге (қайта тіркеуге) енгізілген өзгерістер, машиналарды тіркеуден шығару туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

7 7) нөмiрлiк агрегат – зауыттық тiркеу нөмiрi бар машинаның негiзгi құраушы торабы (қозғалтқыш, шасси, рама);

8 8) тiркеу құжаты – осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес машинаның жол қозғалысына қатысуға және пайдалануға жіберілгенін растайтын, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын техникалық паспорт;

9 9) машиналарды тiркеудегі (қайта тiркеудегі) өзгерiс – тиiстi құқықтық негiздер болған кезде машинаның тiркеу деректеріне және тіркеу құжатына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;

10 10) сәйкестік сертификаты – өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

3 3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін тіркеу пункттері ретінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) құрылымдық бөлімшелері түсініледі.

Тіркеу пункттері машиналарды тіркеуді, уақытша тіркеуді, тіркеуге (қайта тіркеуге) өзгерістер енгізуді, есептен шығаруды, сондай-ақ осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

4

4. Меншiк иелерi немесе өзге де тұлғалар машиналар өздерінің меншiгіне (иелігіне) түскен, өздерінің меншiгiнен (иелiгінен) шығарылған немесе машиналарды тiркеу, тіркеуге (қайта тiркеуге) өзгеріс енгiзу немесе тіркеуден шығару қажеттілігіне әкеп соқтыратын міндеттемелер туындаған сәттен бастап бiр ай iшiнде машиналарды тiркеу (қайта тiркеу) немесе тіркеуден шығару үшiн осы Қағидаларда белгіленген iс-әрекеттердi жасайды.

5 5. Тiркеу ісін жүргiзу пункттері беретін тіркеу құжаттарын ресiмдеу мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.

6

6. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген, басқа тiлде жазылған құжаттар тiркеу әрекеттерiн жүргiзу үшiн мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне аударылған және бiр тiлден екiншi тiлге аударманың дұрыстығын нотариустың не аударманың дұрыстығын куәландыру жөніндегі іс-әрекеттер жасауға құқығы бар басқа лауазымды тұлғаның қолымен расталған күйінде ұсынылады.

7

7. Тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге өшіріп тазаланған немесе үстінен жазылған, сызылған сөздерi немесе өзге де келісілмеген түзетулерi бар, сондай-ақ, қарындашпен жазылған осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданбайды. Көрсетілген құжаттардың мәтiнi анық және нақты жазылады. Азаматтардың тегi, аты, әкесiнiң аты олардың тұрғылықты жерiн көрсете отырып, толық ұсынылады, ал заңды тұлғалардың атаулары қысқартылмай және мекенжайларын нақты көрсете отырып ұсынылады, ал олардың мөр және мөртабан бедерлері оқылатындай болуы тиiс.

8 8. Тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған машиналардың құжаттары:

1 1) олардың толтырылған уақытын;

2 2) олардың толтырылған орнын;

3 3) машина туралы мәліметтерді (маркасы, моделі, жасаушы зауыт, шығарылған жылы, машинаның және қозғалтқыштың зауыттық нөмірі);

4 4) өкілеттілігі мөрмен расталатын уәкілетті адамдардың қолын қамтиды.

9 9. Қазақстан Республикасына әкелiнетін, шетел тауары болып табылатын машиналар мiндеттi кедендiк ресiмдеуден өткеннен кейiн тiркеледi.

Қазақстан Республикасына әкелiнетін, Кеден одағының тауары болып табылатын машиналар мiндеттi кедендiк ресiмдеуден өтпестен тiркеледi.

2 2. Машиналарды тiркеу тәртiбi

10 10. Машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) тіркеу пункттеріне мыналарды ұсынады:

1 1) осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес өтiнiш;

2 2) жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке басын және тұрғылықты жерiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi және түпнұсқасы;

3 3) заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

4 4) машинаны мемлекеттiк тiркеуге, қайта тiркеуге немесе тiркеу құжатының телнұсқасына алым төленгені туралы құжат;

5 5) мынадай жағдайларды қоспағанда, машина:

кәдеге жаратылса (жарамсыз болса, есептен шығарылса);
машиналарды тіркеу пунктіне байқауға алып келуге кедергi болатын объективті жағдайлар болса (бұзылып қалу, габариті және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкіндік бермесе), машинаның тұрған жерi бойынша инженер-инспектор жасаған машиналарды техникалық байқау актісін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі күнтізбелік 30 күнді құрайды;

6 6) шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру) түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, соттың шешiмi немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жасалған меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;

7 7) машинаның тiркеу құжаты және мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенін растайтын құжат;

8 8) жаңа және қолдан құрастырылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген машиналарға берiлген Қазақстан Республикасының сәйкестiк сертификаты немесе оның қауiпсiздiк техникасының белгiленген талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа да құжат;

9 9) кедендiк жүк декларациясы (машинаны шетелден сатып алған жағдайда), кедендiк құжаттардың көшiрмелерiн осы тармақтың 10) тармақшасында белгіленген жағдайды қоспағанда, оларды берген кеден органы ғана куәландырады;

10 10) Кеден одағының тауары болып табылатын машиналар үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің түпнұсқасы немесе оның заңнамада белгіленген тәртіппен расталған көшірмесі;

11 11) жеке тұлғалар үшін – көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат немесе көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

Меншiк иесiнің немесе иеленушiнің атынан тiркеу іс-әрекеттерін олардың өкiлдерi жүзеге асырған жағдайларда, тiркеу пунктiне осы тармақта белгiленген құжаттармен бірге меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiруге өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Егер мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болған машина ұсынылса, онда тіркеу пунктіне осы тармақта белгiленген құжаттармен бірге бұрынғы тіркеу құжаттары ұсынылады, алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Меншік иелері болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тіркеу іс-әрекетінің бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгіленген құжаттардан басқа тіркеу пунктіне шарттардың (жалға беру, қосалқы жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге беру және басқалар) және машинаны қабылдау-беру актiсiнің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе машинаға иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады. Сондай-ақ тіркеу іс-әрекетінің бастамашылары тиісті тіркеу іс-әрекетін жасауға меншiк иесi (жеке тұлғалар үшін) немесе мөрмен расталған (заңды тұлғалар үшін) заңды тұлғаның бірінші орынбасары қол қойған машина иесінің жазбаша келісімін ұсынады.
Егер тiркеу iс-әрекеттерiне ұшырайтын машина жалпы меншiк иелiгiнде болған жағдайда, тiркеу құжаттарында барлық меншiк иелерi көрсетiледi және құжаттар барлық меншiк иелерiнің атынан берiледi.
Жеке тұлғаларды жалпы меншіктен ажыратуға негіз болып нотариалды куәландырылған мәміле саналады.
Егер меншік иелері 14 жасқа толмаған кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтар болса, олардың атынан тiркеу әрекеттерін ата-аналары (бала асырап алушылар) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншы және қамқоршы органдар жасайды.
Меншік иелері 14-18 жастағы тұлғалар болған жағдайда тіркеу іс-әрекеттерін ата-аналарының (бала асырап алушылардың) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншы және қамқоршы органдардың жазбаша келісімімен осы тұлғалар жасайды.
Жеке және заңды тұлғалардың аукциондардан және сауда биржаларынан сатып алған машиналарын тіркеу, тіркеу пункттеріне уәкілетті адамның қолы және мөрімен расталған аукционның хаттамасын және сатып алу келісім шартын ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

11

11. Машиналарды тіркеген (уақытша тіркеген), тіркеуге өзгерістер енгізген (қайта тіркеген), есептен шығарған кезде қажетті құжаттар тіркеу пунктіне ұсынылады, онда осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеріс жүзеге асырылады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбалар енгізіледі.
Тіркеу іс-әрекеттері өтініш беруші қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтініш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуды дәлелді жазбаша растау беріледі.
Құжаттарды қабылдау аяқталған соң өтініш берушіге қажетті құжаттарды қабылдау туралы белгісі бар өтініш көшірмесі беріледі.

12 12. Машинаны тіркеу кезінде инженер-инспектор оларға байқау жүргiзедi.

Байқау процесінде зауыттық нөмірлердің, нөмірлік агрегаттардың және нөмiрлiк белгiлердiң машинаға арналған құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін салыстырып тексеру жүзеге асырылады.

13 13. Тіркеу пунктінің инженер-инспекторы техникалық жарамды машиналарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы стандарттарына сәйкес жасалған тиісті түрдегі техникалық паспорттар мен нөмірлік белгілер береді. Бір машинаға бір нөмірлік белгі беріледі.

Тіркеу құжаттарын және машиналардың нөмірлік белгілерін жұмсау сериялары мен олардың сандық нөмірлерінің өсу тәртібімен машиналарды тіркеу кітабында жүргізіледі.
Келіп түскен және берілген нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың саны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналында көрсетіледі.
Машиналарды тіркеу кітабы, нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналы, сондай-ақ тіркеу құжаттарының бланкілері және нөмірлік белгілер қатаң есептегі құжаттар ретінде сақталады.
Толтыру кезінде бүлінген тіркеу құжаттарының бланкілері және одан әрі пайдалануға жарамсыз нөмірлік белгілер оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын құралдар мен тәсілдер арқылы кәдеге жаратылады, ол туралы тиісті актілер жасалады.
Тіркеу пункттерін тіркеу құжаттарымен және нөмірлік белгілермен қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

14

14. Тіркеу пункттері беретін тіркеу құжаттары машиналарды тіркеу кітабына тиісті жазба енгізе отырып, тиісті тіркеу пункті инженер-инспекторының қолымен және мөрімен куәландырылады. Өтініш берушінің тіркеу құжатын, сондай-ақ нөмірлік белгіні алу фактісі машиналарды тіркеу кітабына өтініш берушінің қолымен куәландырылады.

15 15. Жасалған тіркеу іс-әрекеттері немесе тіркеу іс-әрекеттерін жасаудан бас тарту негізсіз деп есептеген өтініш берушілер жоғары тұрған органдарға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

16 16. Кепілге берілген немесе өзге де ауыртпалық салынған машиналарға қатысты кепіл ұстаушының немесе пайдасына тиісті ауыртпалық түрі ұсынылған өзге де тұлғаның мұндай тіркеу іс-әрекеттерін жасауға жазбаша рұқсатын алмай тіркеу пунктінің тіркеу іс-әрекеттерін жасауына жол берілмейді.

17 17. Тіркелген машиналарға жасалған тіркеу іс-әрекеттері және меншік иелері туралы анықтамалар мен басқа жазбаша ақпарат:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдардың;

2 2) машиналар иелерінің жазбаша сұрау салуы негізінде беріледі.

18 18. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың машиналарын тіркеу жалпы негізде жүргізіледі.

19 19. Қандай да бір себептермен агрегаттардың (қозғалтқышта, шанақта, шассиде, рамада) нөмірі жоқ машиналарға тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу инженер-инспектор осы агрегаттарға пуансонмен биіктігі бес-жеті миллиметр және ені үш-төрт миллиметр жеті таңбалы белгі салғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Бірінші белгі - өңірдің кодын көрсететін әріп, келесі екі сан – тіркеу пунктінің нөмірі, қалған сандар - операцияның реттік нөмірі. Бұл туралы белгі машиналар агрегаттарына берілген нөмірлерді есепке алу журналына және тіркеу құжаттарына енгізіледі. Әр агрегатқа өсу тәртібімен жеке нөмір беріледі және ол осы өңірде қайталанбайды.

20

20. Жасаушы-кәсiпорыннан, машина жөндеу зауыттарынан, кедендiк бақылау органдары мен сауда ұйымдарынан тiркеу орнына өз жүрiсiмен жеткiзiлген, сондай-ақ тұрғылықты жерi немесе меншiк құқығының өзгеруiне байланысты тiркеушi органда тіркеуден шығарылған машиналарға тиiстi жасаушы-кәсiпорыны, машина жөндеу зауыты, кеден органдары, сауда ұйымдары бір рет пайдалану үшін «Транзит» нөмiрлiк белгiсiн бередi.

21 21. Машиналарды тiркеу кезiнде «Транзит» нөмiрлiк белгiсi алынады және тiркеу үшiн негiз болған құжаттарға тiгiледi, ал оны жоғалтқан жағдайда жағдайларға түсініктеме берілген, жоғалған жері мен уақыты көрсетілген құжат ұсынылады.

22

22. Тіркеу құжаттары және (немесе) нөмірлік белгілер жоғалған, бүлінген, қолданыстағы стандарттарға сәйкес келмеген және қолдану уақыты аяқталған жағдайларда тіркеу пункті осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидаларда көзделген тәртіппен тіркеу құжаттарының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні береді.

23

23. Машиналардың тіркеу құжаттары және нөмірлік белгілері жоғалған кезде тіркеу пункті машинаның бұрын тіркелген орнына сұрау жолдайды. Машиналарды тіркеу кітабынан үзінді көшірме сұрау салу алынған күнінен бастап 5 күн ішінде сұраушы тарапқа ұсынылады. Ағымдағы тіркеу бойынша ұқсас жағдайлар болған кезде меншік иесінің түсініктемесі сұралады және тиісті жазбалар енгізіліп отырған машиналарды тіркеу кітабымен салыстырып тексеру жүргізіледі.

24 24. Тіркеу пунктіне келіп түскен табылған, олардың орнына телнұсқа және жаңа нөмірлік белгілер берілген құжаттар, нөмірлік белгілер жарамсыз деп саналады және оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын құралдар мен тәсілдер арқылы кәдеге жаратылады, ол туралы тиісті актілер жасалады.

25 25. Тіркеу пункттері машиналарды тiркеуден (қайта тіркеуден) және тіркеуден шығарудан басқа мынадай iс-әрекеттер жасайды:

1 1) тiркеген кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес техникалық байқау актiсiн беру;

2 2) машинаны мемлекеттік (уақытша) тiркеудің бар немесе жоқ екені туралы анықтамалар беру;

3 3) тіркеу пункттерінде тіркелген машиналардың босаған нөмірлік агрегаттарына құжаттар беру;

4 4) машиналардың нөмірсіз агрегаттарына (қозғалтқыш, шасси, рама) пуансонмен нөмір салу.

26 26. Машинаны меншiк иесi (пайдаланушысы) болып табылмайтын тұлғалар пайдаланған жағдайда тiркеу құжаттарындағы «ерекше белгiлер» деген бағанда машинаның иесi және машинаның пайдалануда болуының негіздемесі (лизинг, жалға беру, мүліктік жалдау шарты, өзге де құжат) көрсетіледі.

27 27. Заңды тұлғаның жарғысы негiзiнде машиналар өткізуді жүзеге асыратын машина жасаушы зауыттардың, сауда немесе басқа ұйымдардың өткізуге арналған және олардың жеке шаруашылық мақсаттарына пайдаланбаған машиналары мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

28

28. Машиналар жеке тұлғаларға тұрақты тұратын жері немесе уақытша тұру мерзіміне уақытша болу орны бойынша (тұрақты тiркелуi болмаған жағдайда) тіркеледі, заңды тұлғаларға – олардың заңды мекенжайы бойынша, заңды тұлғалардың филиалдарына – мөрмен расталған, заңды тұлғаның жазбаша рұқсатымен филиалдардың орналасу орны бойынша тіркеледі.

29 29. Машиналарды мемлекеттік тіркеуді жалға беру, лизинг, ипотека, қарыз шарттарына сәйкес олар сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге берілген тұлғалар жүргізген жағдайда оларға қатысты тіркеу іс-әрекеттері осы келісімдерге қатысушының (қатысушылардың) жазбаша келісімімен жүргізіледі.

30 30. Тіркеу пункттерінің қызметкерлерi тiркеу iс-әрекеттерiн жүргізген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар негiзiнде жеке тұлғалардың жеке басын белгілейді.

Жеке тұлға өкілінің өкілеттігі нотариалды куәландырылған сенімхатпен, заңды тұлға өкілінің өкілеттігі – басшының қолымен және заңды тұлға мөрімен куәландырылған сенімхатпен расталады. 14-18 жастағы азаматтардың жеке басын куәландыру олардың ата-аналарының (асырап алушыларының), қорғаншылардың (қамқоршылардың) немесе қорғаншылық және қамқорлық органдары өкілінің қатысуымен кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның туу туралы куәлігін ұсыну кезінде жүргізіледі.

31

31. Тіркеу орындары жасайтын тiркеу iс-әрекеттерi машиналарды тiркеу орындары бойынша жүргiзiледi. Көрсетілген iс-әрекеттердi басқа жерде жүргiзу туралы шешiм машиналарды тіркеу орны (машина тіркелген орын) бойынша тіркеу пункттері мен тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу жобаланған (өтініш беруші өтінген) орын бойынша тіркеу пункті арасындағы келісім бойынша қабылданады.
Өтініш берушінің құжаттары тіркеу іс-қимылдарын жүргізу жобаланған орын бойынша тіркеу пунктінен поштамен машиналарды тіркеу орнына жөнелтіледі.
Машиналарды тіркеу орны бойынша тіркеу пунктінің өтініш берушінің өтінішін қанағаттандыруға жазбаша түрдегі келісімі немесе одан бас тартуы тіркеу іс-қимылдарын жүргізу жобаланған орын бойынша тіркеу пунктіне пошта бойынша жолданады.
Өтініш берушінің өтініші қанағаттандырылған жағдайда машиналарды тіркеу орны бойынша тіркеу пунктінде машиналарды тіркеу кітабында тіркеу іс-әрекеттерін жасау туралы тиісті жазбалар енгізеді.
Машиналарды тіркеу орны бойынша тіркеу пунктінен келісім алынғаннан кейін тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу жобаланған орын бойынша тіркеу пунктінде өтініш берушінің машинасымен қажетті тіркеу іс-әрекеттері жүргізіледі.

32

32. Машиналарды мемлекеттік тiркеу немесе өзге де тіркеу іс-әрекеттері меншік иесі болып табылмайтын тұлғалар үшін жүргiзiлген жағдайда машина тіркелген тұлғаның иелігінен шығуы не көрсетілген тұлғаның машинаны одан әрі иелену құқығынан айырылуы меншік иесiнiң бастамасы бойынша тиiстi тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзу және кейiннен машинаны меншiк иесiнің атына тiркеу үшін негiз болып табылады.

33

33. Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен немесе республиканың шегінен тыс жерлерден екі айдан артық мерзімге әкелінген, сондай-ақ жалға беру, лизинг, ипотека, қарыз шарттарына сәйкес сенімгерлікпен басқаруға, шаруашылық жүргізуге берілген машиналарды уақытша тіркеуді жүзеге асыру үшін өтініш беруші тіркеу пунктіне:

1 1) осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаға сәйкес өтініш;

2 2) жеке тұлға үшін жеке басын және тұрғылықты жерін куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін, заңды тұлға үшін құрылтай құжаттарының, машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің мөрмен расталған көшірмелерін;

3 3) техникалық паспорттың түпнұсқасын;

4 4) машинаны;

5

5) жалға беру, қосалқы жалға беру, лизинг, сублизинг, сенімгерлікпен басқару, шаруашылық жүргізу, ипотека, қарыз шартының немесе машиналарды иелену құқығын, ал уақытша әкелінген машиналар үшін машиналарды учаскеде немесе аумақта уақытша тіркеуге қоюға меншік иесінің (иеленушінің) келісімін растайтын өзге құжаттың түпнұсқасы мен нотариалды расталған көшірмесін;

6 6) машинаны республиканың шегінен тыс жерлерден әкелген жағдайда осы Қағидалардың 10-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсынады.

Машиналарды уақытша тіркеудің қолданылу мерзімі Қағидалардың осы тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.

34 34. Машиналарды уақытша тіркеу кезінде:

1 1) инженер-инспектор машиналарды байқауды жүргізеді. Байқау үдерісінде зауыттық нөмірлерінің, нөмірлік агрегаттар мен нөмірлік белгілерінің машинаға арналған құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін салыстырып тексеру жүзеге асырылады;

2 2) инженер-инспектордың қолымен және мөрімен расталған машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама беріледі.

Өтініш берушінің анықтама алу фактісі машиналарды тіркеу кітабында өтініш берушінің қолымен куәландырылады.

3 3. Машиналарды тіркеуге өзгерістер енгізу (қайта тіркеу)

35 35. Машиналарды тіркеуге өзгерістер енгізу (қайта тіркеу):

1 1) меншiк құқығы өзгерген;

2 2) машиналардың ортақ меншiк құқығы пайда болған, тоқтатылған және ортақ меншiк иелерінің құрамы өзгерген;

3 3) тұлғаның тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) машинаны тіркеген тіркеу пунктінің қызмет көрсету аумағының шегінде өзгерген;

4 4) машина тіркелген тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты (атауы) өзгерген;

5 5) машинаны қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнаулы жабдық орнату және осыған ұқсас өзге де өзгертулер салдарларынан оның үлгісі өзгерген жағдайда жүргізіледі.

36 36. Машиналарды тіркеуге өзгерістер енгізуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыру үшін өтініш беруші тіркеу пунктіне:

1 1) меншiк құқығы өзгерген жағдайда осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және меншік құқығы өзгеруінің құжатын;

2

2) машиналардың ортақ меншiк құқығы пайда болған, тоқтатылған және ортақ меншiк иелерінің құрамы өзгерген және машина тіркелген меншік иесінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және машиналардың ортақ меншiк құқығының пайда болу, тоқтатылу және ортақ меншік иелері құрамының өзгеру және меншік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеру құжатын;

3 3) машина тіркелген меншік иесінің тегi, аты, әкесінің аты немесе атауы өзгерген жағдайда осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы өзгертуді растайтын құжаттарды;

4

4) машинаны қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнаулы жабдық орнату және өзге де ұқсас өзгертулер салдарларынан оның үлгісі өзгерген жағдайда осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және қайта жабдықтаудан кейін тіркеу пунктінде жасалған машинаны техникалық байқаудан өткізу актісін ұсынады.

37 37. Машиналарды тіркеуге өзгерістер енгізу (қайта тіркеу) кезінде инженер-инспектор тіркеу құжатына және машиналарды тіркеу кітабына тиісті жазбалар жазады. Тіркеу құжатындағы өзгерістер инженер-инспектордың қолымен және мөрімен куәландырылады.

38

38. Тораптар нөмірлері мен нөмірлік агрегаттарында тіркеу құжаттарымен айырмашылықтары бар машиналарды тіркеуге өзгерістер енгізу (қайта тіркеу) тіркеу пункті қабылдаған шешімнің немесе сот шешімінің негізінде жүргізіледі. Бұл жағдайда машинаның тіркеу құжатының «Ерекше белгілер» деген бөліміне инженер-инспектор көрсетілген шешімнің деректемелерін енгізеді, оның расталған көшірмесі тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу негіздемесіне тігіледі. Жеке немесе заңды тұлғалар шешімдерді жоғалтқан кезде олардың көшірмелері ұсынылады.

4 4. Машиналарды тіркеуден шығару

39 39. Машиналарды тіркеуден шығару:

1 1) егер оған машина тіркелген тұлғаның жаңа тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) машинаны тіркеген тіркеу пунктінің қызмет көрсету аумағынан тыс орналасса, оның тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген;

2 2) машинаға меншік құқығы тоқтаған;

3 3) машинаны кәдеге жаратқан (жарамсыз еткен, есептен шығарған);

4 4) машинаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкеткен жағдайда жүргізіледі.

40

40. Жеке және заңды тұлғалар машиналарды тiркеуден шығару үшін (кәдеге жаратудан, жарамсыз етуден, есептен шығарудан басқа, қызмет көрсету аумағынан тыс жерге машинаның орнын ауыстыру, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы іс-әрекеттер жағдайында) тіркеу пунктіне осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2),  3) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

41 41. Кәдеге жаратуға (жарамсыз етуге, есептен шығаруға) жататын машиналар:

1 1) жеке тұлғалар осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, тіркеу құжатын, нөмірлік белгісін;

2

2) заңды тұлғалар осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжатты, тіркеу құжатын, нөмірлік белгісін, есептен шығару актісін ұсынған кезде тіркеуден шығарылады. Кәдеге жаратылатын машиналарға тіркеу құжаттары немесе нөмірлік белгілері болмаған кезде өтініштерде оларды жоғалту жағдайлары, орны мен уақыты көрсетіледі.

42 42. Машиналарды тіркеуден шығарған кезде инженер-инспектор тіркеу құжатына және машиналарды тіркеу кітабына тиісті жазбалар енгізеді. Тіркеуден шығару жағдайлары көрсетілген тіркеу құжатындағы жазба инженер-инспектордың қолымен және мөрімен куәландырылады.

43 43. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулер салынған машиналар тіркеуден шығарылмайды.

Машиналарды тіркеуден шығару салынған шектеулер туралы куәландыратын құжаттарды ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

44 44. Сот немесе заңнамада айқындалған өзге де органдар шешімі негізінде мемлекет меншігіне берілетін машиналарды тіркеуден шығарған жағдайларда сот орындаушыларына, өзге де органдардың лауазымды тұлғаларына осы Қағидаларда машина иелерінің өкілдері үшін көзделген талаптар қолданылады.

45 45. Нөмірлік агрегаттарының нөмірленуі тіркеу құжаттарымен сәйкес келмеген машиналарды тіркеуден шығару тіркеу пункттері қабылдаған шешімдер (қорытындылар) негізінде жүргізіледі.

46 46. Егер машиналар ортақ меншікте болса, тіркеуден шығару барлық меншік иелерінің жазбаша келісімі немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жүргізіледі.

47 47. Осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген иеленушілердің іс-әрекеттері жағдайларында машиналар тіркеуден шығарылмайды.

48 48. Машиналарды тіркеу, тіркеуге өзгерістер енгізу (қайта тіркеу), тіркеуден шығару, нөмірлік белгілерді, тіркеу құжаттарын беру немесе ауыстыру үшін негіз болған құжаттар машиналарды тіркеу кітаптарындағы жазбаға сәйкес келетін кезектілікпен жеке істерге тігіледі және үш жыл бойы сақталады.

1 Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен

жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы
жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және
жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін,
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
1-қосымша
Машиналарды тіркеу
КІТАБЫ
КНИГА
регистрации машин
Р/с
№№
п/п
Ма­ши­на­лар­дың
тү­рі мен мар­ка­сы
Тип и мар­ка
ма­шин
Шы­ға­ры­л­ған
(жа­сал­ған) жы­лы
Год вы­пус­ка
(из­го­тов­ле­ния)
Ма­ши­на­лар ту­ра­лы де­ректер
Дан­ные о ма­ши­нах
Қоз­ғалт­қыш №
Дви­га­тель №
За­уыт­тық №
За­вод­ской №
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Ата­уы неме­се мен­шік ие­сі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты. Ме­кен­жайы, жұ­мыс ор­ны – же­ке тұл­ға үшін
На­име­но­ва­ние или ф.и.о. соб­ствен­ни­ка.
Ад­рес, ме­сто ра­бо­ты – для фи­зи­че­ских лиц
Тех­ни­ка­лық пас­порт бе­ріл­ді
Вы­дан тех­ни­че­ский пас­порт
Кү­ні
Да­та
Се­ри­я­сы,
нө­мі­рі
Се­рия,
Но­мер
Алушы­ның
қо­лы
Под­пись
по­лу­ча­те­ля
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Нө­мір­лік бел­гі бе­ріл­ді
Вы­дан но­мер­ной знак
Ма­ши­на ие­сі­нің, ие­ле­ну­ші­нің өзгер­ге­ні, тір­ке­уден шы­ға­ру, нө­мір­лік бел­гі­лер­ді тап­сы­ру, тех­ни­ка­лық пас­порт­ты неме­се нө­мір­лік бел­гі­ні ауы­сты­ру ту­ра­лы бел­гі­лер
От­мет­ка об из­ме­не­ни­ях соб­ствен­ни­ка, вла­дель­ца ма­ши­ны, сня­тии с ре­ги­стра­ции, сда­че но­мер­ных зна­ков, за­мене тех­ни­че­ско­го пас­пор­та или но­мер­но­го зна­ка
Ес­керт­пе
При­ме­ча­ние
Кү­ні Да­та
Се­ри­я­сы, нө­мі­рі
Се­рия, но­мер
Алушы­ның қо­лы Рас­пис­ка по­лу­ча­те­ля
10
11
12
13
14

2 ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ ТЕХНИЧЕСКИЙ ПАСПОРТ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ ТЕХНИЧЕСКИЙ ПАСПОРТ

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы
жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және
жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін,
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
2-қосымша
ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ ТЕХНИЧЕСКИЙ ПАСПОРТ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ ТЕХНИЧЕСКИЙ ПАСПОРТ
I. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ
1. Машинаның атауы және маркасы
Наименование и марка машины ________________________________________
____________________________________________________________________
2. Шығарушы зауыт
завод-изготовитель _________________________________________________
3. Шығарылған айы және жылы
месяц и год изготовления ___________________________________________
4. Машинаның зауыттық нөмірі
заводской номер машины _____________________________________________
5. Қозғалтқыштың маркасы және нөмірі
марка и номер двигателя
____________________________________________________________________
6. Меншік иесі, иесі болып табылмайтын иеленуші және мекенжайы
(керек емесі сызылсын) _____________________________________________
собственник / владелец, не являющийся собственником и адрес:
(ненужное зачеркнуть) ______________________________________________
7. Присвоен номерной знак ______________________________нөмірлік белгі берілді.
8. Ерекше белгілері
особые отметки _____________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Техникалық паспорт
      Технический паспорт выдан___________________________ берілді.
      ж. (г.)
      ____________________________________ _______________________
      (инженер-инспектор, инженер-инспектор) (қолы, подпись)
      М.О.
      М.П.
      Сериясы
      серия _________ № ______________
I. МАШИНАЛАРДЫ ТІРКЕУГЕ АЛУ ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒАРУ
ПРИЕМ И СНЯТИЕ МАШИН С РЕГИСТРАЦИИ
1. Снята с регистрации вследствие
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________салдарынан тіркеуден шығарылды.
ж. (г.) «___»__________________________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
2. Принята на регистрацию
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жаңа иесінің мекенжайы, адрес нового собственника)
____________________________________________________тіркеуге алынды
ж. (г.) «___» _________________________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
3. Снята с регистрации вследствие
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________салдарынан тіркеуден шығарылды.
ж. (г.) «___» _________________ ______________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
4. Принята на регистрацию
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________
(жаңа иесінің мекенжайы, адрес нового собственника)
_____________________________________________________тіркеуге алынды
ж. (г.) «___» _________________ ______________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
5. Снята с регистрации вследствие
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________салдарынан тіркеуден шығарылды.
ж. (г.) «___» _________________ ________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
6. Принята на регистрацию
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жаңа иесінің мекенжайы, адрес нового собственника)
__________________________________________________тіркеуге алынды ж.
(г.) «___» _________________ _______________________________________
(инспектордың қолы, подпись инспектора)
      Сериясы
      серия _________ № ___________________
III. НӨМІРЛІК БЕЛГІНІҢ ӨЗГЕРУІ
ИЗМЕНЕНИЕ НОМЕРНОГО ЗНАКА
Нө­мір­лік бел­гі
бе­рі­л­ген күн
Да­та вы­да­чи
но­мер­но­го зна­ка
Бел­гі­нің се­ри­я­сы
мен нө­мі­рі
Се­рия и но­мер
зна­ка
Ин­спек­тор­дың қо­лы
және мөр
Под­пись ин­спек­то­ра
и пе­чать

112 IV. АГРЕГАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ

АУЫСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР
СВЕДЕНИЯ О РЕМОНТЕ И ЗАМЕНЕ АГРЕГАТОВ
Жөн­деу жүр­гі­зі­л­ген
күн
Да­та про­ве­де­ния
ре­мон­та
Жөн­де­удің ата­уы, ауы­сты­ры­л­ған аг­ре­гат­тар және олар­дың нө­мір­ле­рі На­име­но­ва­ние ре­мон­тов, за­ме­нен­ных аг­ре­га­тов
и их но­ме­ра
Жөн­де­у­ге жа­у­ап­ты
адам­ның қо­лы
Под­пись ли­ца,
от­вет­ствен­но­го
за ре­монт
Сериясы
серия _________ № ____________
V. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН ТЕКСЕРУ
ОСМОТРЫ ТЕХНИЧЕСКОГО СОСТОЯНИЯ
Кү­ні
Да­та
Тех­ни­ка­лық жай-күйі
Тех­ни­че­ское со­сто­я­ние
Пай­да­ла­ну­дан ба­стап бай­қа­у­ға дей­ін­гі жұ­мыс жа­са­уы
Вы­ра­бот­ка к мо­мен­ту осмот­ра с на­ча­ла экс­плу­а­та­ции
Ин­спек­тор­дың қо­лы
Под­пись ин­спек­то­ра
Сериясы
серия _________ № ______________

3 ӨТІНІШ

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған
арнайы жабдығы бар тіркемелерді
қоса алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-құрылысы
машиналары мен механизмдерін,
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша
______________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
______________ жылы туған ____________________ тұратын
______________________________________________________
(тұратын мекенжайы көрсетіледі)
паспорт (жеке куәлігі) _______________________________
№ ____________________________________________________
Жұмыс орны ___________________________________________
азамат _______________________________________________
(аты-жөні)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
                (өтініштің мәні және негізі жазылады)
____________________________________________________________ сұраймын
Машинаның үлгісі ______________________ маркасы _____________________
Шығарылған жылы __________________ шығарушы-зауыт ___________________
Зауыттық № ___________________, қозғалтқыш № ________________________
нөмірлік белгі ______________, техникалық паспорттың нөмірі _________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20__ жылы «   » ______________                       ________________
                                                          (қолы)
Инженер-инспектордың қызметтік белгілері:
Машинаның тіркеулік мәліметтері өтініште көрсетілгендерге сәйкес
келеді
20__ жылғы «   » _____________                       ________________
                                                          (қолы)
Берілді: нөмірлік белгі _____________________________________________
Техникалық паспорттың сериясы ________ № ____________________________
20__ жылғы «   » ____________________________________________________
                  (инженер-инспектордың қолы) (заңды тұлғалар үшін)

4 ӨТІНІШ

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған
арнайы жабдығы бар тіркемелерді
қоса алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-құрылысы
машиналары мен механизмдерін,
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
4-қосымша
_________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
ӨТІНІШ
Өтінішке қоса берілген мынадай құжаттар негізінде
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (істің мәні жазылады)
___________________________________________________________ сұраймын.
Мәліметтер:
1. Машина типі ______________________________________________________
2. Маркасы __________________________________________________________
3. Шығарылған жылы __________________________________________________
4. Шығарушы зауыт ___________________________________________________
5. Машинаның зауыттық № _____________________________________________
6. Қозғалтқыш № _____________________________________________________
7. Ресімдеу жүргізу
_____________________________________________________________________
__________________________________________________ сеніп тапсырылады.
                   (аты-жөні)
Меншік иесінің (иеленушінің) қолы ___________________________________
Инженер-инспектордың белгісі: _______________________________________
Берілді: нөмірлік белгі _____________________________________________
Техникалық паспорт сериясы _____________________ № __________________
20__ жылғы «   » ____________________________________________________
                              (инженер-инспектордың қолы)

5 Нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың түсуін және берілуін есепке алу журналы

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған
арнайы жабдығы бар тіркемелерді
қоса алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-құрылысы
машиналары мен механизмдерін,
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
5-қосымша
Нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың түсуін және берілуін есепке алу журналы
Тү­суі
Кү­ні
Қай­дан ке­ліп тү­сті, құ­жат­тың неме­се іле­с­пе хат­тың нө­мі­рі
Са­ны
Се­ри­я­сы мен нө­мі­рі
1
2
3
4
Бе­рі­луі
Ес­керт­пе
Бе­рі­л­ген кү­ні
Бе­ру негіз­де­ме­сі
Кім­ге бе­ріл­ді (жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ата­уы, алушы адам­ның аты-жө­ні)
Са­ны
Се­ри­я­сы мен нө­мір­ле­рі
Ал­ға­ны ту­ра­лы қо­лы
5
6
7
8
9
10
11

6 МАШИНАЛАРДЫ ТІРКЕУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ А К Т І С І

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы
жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және
жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін,
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
6-қосымша
МАШИНАЛАРДЫ ТІРКЕУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ А К Т І С І
Мен, инженер инспектор______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
және_____________________________________________қатысуымен
(машина меншік иесінің, иеленушісінің тегі, аты, әкесінің аты)
зауыттық №________________қозғалтқыш №______________________________
(машинаның атауы, маркасы, моделі, шыққан жылы)
техникалық жай-күйін тексеру жүргіздім.
Машинаны тексеру, оталдыру және жол қозғалысы сынау кезінде мыналар
анықталды:
____________________________________________________________________
(көрсетіледі: техникалық талаптарға сәйкес келеді немесе параметрлері
____________________________________________________________________
бойынша сәйкес келмейді - негізгілерін атап көрсету керек)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қолдары: ________________________________________________
(инженер инспектор)
_________________________________________________________
(машинаның меншік иесі, иеленуші)
М. О.
20 __ жыл « »

Қолданыстағы