Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи

Қаулы · № 18/3 · қабылданған 10.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65832/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 18/3 ·10.05.2012
29.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 18/3 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18/3
Қабылданған күні
10.05.2012
Көрсетілген редакция
29.05.2014 65832_170654.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KC000141
ЭКБ идентификаторы
65832
Редакция идентификаторы
65832_170654
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:16

0 Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарына және басқа да заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2012 жылғы 1 наурыздан бастап үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмектің (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) тоқсан сайын әр мүгедек балаға төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілуін қамтамасыз етсін.

2 2. Мыналар белгіленсін:

1

1) әлеуметтік көмек мүгедек балаларға (мемлекеттің толық қамтамасыз етілуіндегі мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа да заңды өкілдеріне ұсынылады;

2 2) әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылады;

3 3) әлеуметтік көмек төлемі өткен айға төленеді. Әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкелетін себептер болған жағдайда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың өлімі, мүгедектігін алып тастау), төлемдер осы жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

3 3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек көрсетуге арналған төлемдердің уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.

5 5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді және 2012 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы