Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан
- Атауы (қаз.)
- Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 21.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2013 65833_160936.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12TD000197
- ЭКБ идентификаторы
- 65833
- Редакция идентификаторы
- 65833_160936
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:12
0 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 300-IV "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Біржолғы әлеуметтік көмек келесі азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
2 2) "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
3 3) екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
4 4) Ауған соғысының ұрыс-қимылдарына қатысушы әскери қызметшілерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
5
5) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
6 6) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардабынан мүгедек болған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
7 7) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
8 8) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің зайып (жұбайларына) 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
9 9) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
10 10) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
11 11) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде.
2 2. "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Құрманғалиева) әлеуметтік көмекті төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
3
3. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 98 "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен соғыста қаза тапқан жауынгерлер жесірлеріне біржолғы материалдық көмек төлеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-183 болып тіркеліп, 2011 жылдың 21 шілдедегі № 30 (3514) аудандық "Нарын таңы" газетінде жарияланған) күші жойылсын.