Об упразднении специальной экономической зоны города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении специальной экономической зоны города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын тарату туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 421
- Қабылданған күні
- 27.07.2000
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2000 AI6585_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U000000421_
- ЭКБ идентификаторы
- 6585
- Редакция идентификаторы
- AI6585_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:20
0 Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 заң күші бар Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
1. Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы таратылсын және салық салу мен кедендік реттеудің ерекше құқықтық режимінің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Астана қаласының әкімі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) бұрын қабылданған шешімдерді 2001 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) 2000 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде:
2000 жылға арналып бекітілген бюджеттің көлемінен кем емес деңгейде Астана қаласын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ететін оның бюджетін қалыптастыру тетігін;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаларды қоспағанда, Астана қаласының жергілікті атқарушы органының Астана қаласының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иеленуге, пайдалануға және билік етуге арналған құқығын бекітетін тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 1996 жылғы 9 қазандағы N 3127 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 41, 383-құжат);
2) "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы N 3700 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 3872 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 8, 46-құжат);