Құжат мәтініне өту

О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Қаулы · № 342 · қабылданған 24.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65854/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ 342 ·24.05.2012
29.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ 342 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
342
Қабылданған күні
24.05.2012
Көрсетілген редакция
29.07.2013 AI65854_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NJ000184
ЭКБ идентификаторы
65854
Редакция идентификаторы
AI65854_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:11

0 Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін тоқсан сайын әр балаға сегіз есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2 2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.

3 3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылының ішінде тағайындалатыны белгіленсін.

4 4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операция түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Е. А. Жаулыбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы