Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения государственного мониторинга лесов

Қаулы · № 727 · қабылданған 01.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65881/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения государственного мониторинга лесов Күшін жойған Қаулы ·№ 727 ·01.06.2012
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения государственного мониторинга лесов

Күшін жойған Қаулы ·№ 727 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения государственного мониторинга лесов
Атауы (қаз.)
Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
727
Қабылданған күні
01.06.2012
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI65881_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000727
ЭКБ идентификаторы
65881
Редакция идентификаторы
AI65881_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:07

0 Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 727 қаулысымен
бекiтiлген
Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексiнің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

2 2. Мемлекеттiк орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау мен пайдалану және ормандарды молықтыру ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттiк басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.

3 3. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.

2 2. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi

4

4. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ведомстволық тиесілігі бойынша орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – атқарушы органдар) орман қорында болған өзгерістер туралы мәліметтер береді.

5 5. Атқарушы органдар ормандардың мемлекеттік мониторингі бойынша материалдар дайындап, оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін мемлекеттік орман орналастыру ұйымына береді.

6 6. Аумақтың қамтылуына байланысты ормандардың республикалық, өңірлiк және жергілікті мемлекеттiк мониторингі жүзеге асырылады:

1 1) республикалық - Қазақстан Республикасы орман қорының бүкіл аумағын қамтиды;

2 2) өңiрлік - физика-географиялық, әкiмшілік, орман-өсiмдiк, орман-экономикалық шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды;

3 3) жергілікті - орман қорының жекелеген учаскелерiне және орманның экологиялық жүйелерiнің қарапайым құрылымдарына дейiн өңiрлiк деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргiзіледi.

7 7. Ормандардың мониторингi:

1 1) мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жүйелi қадағалауды орындау (iздестіру, таспаға түсiру, тексеру, түгендеу);

2 2) орман қорының жай-күйiне бағалау жүргізу;

3 3) орман қорының жай-күйiне антропогендік әсерлердi реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

4 4) белгiлi бiр уақыт кезеңiне орман қорының жай-күйiне болжам әзірлеу жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.

8 8. Орман қорының жай-күйiн бағалау жүргiзiлетiн қадағалауды талдау, өзгерiстердiң бағыты мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады.

9 9. Орман қорының жай-күйінің нәтижелерi бойынша жедел жиынтық мәліметтер, баяндамалар, ұсыныстар және ғылыми болжамдар оларға әсiресе терiс сипаттағы өзгерiстердiң даму серпінін, бағыты мен қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар, кестелер қоса беріліп жасалады.

10 10. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу үшiн:

1 1) қашықтықтан зондтау;

2 2) орман қорының мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк орман кадастрының;

3 3) орман орналастырудың;

4 4) қор деректерiнiң (жоспарлардың, карталардың, схемалардың, кестелік және басқа да материалдардың);

5 5) табиғи зерттеулер мен iздестірулердiң материалдары пайдаланылады.

11 11. Ормандардың мемлекеттiк мониторингінiң нәтижелерi қағаз жеткізгіштерде де, ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдалана отырып та есептер, кестелер, карталар және картографиялық материалдар түрiнде ресiмделедi.

Қолданыстағы