Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил содержания животных в неволе и полувольных условиях

Қаулы · № 736 · қабылданған 02.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-65884/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил содержания животных в неволе и полувольных условиях Күшін жойған Қаулы ·№ 736 ·02.06.2012
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил содержания животных в неволе и полувольных условиях

Күшін жойған Қаулы ·№ 736 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил содержания животных в неволе и полувольных условиях
Атауы (қаз.)
Жануарларды ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
736
Қабылданған күні
02.06.2012
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI65884_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000736
ЭКБ идентификаторы
65884
Редакция идентификаторы
AI65884_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:07

0 Жануарларды ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 2 маусымдағы
№ 736 қаулысымен
бекітілген
Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жануарларды еріксіз жағдайларда ұстау – жануарларды торларда, аквариумдарда, террариумдарда, бассейндерде және басқа да арнаулы үй-жайларда ұстау;

2 2) жануарларды жартылай ерікті жағдайларда ұстау – жануарларды шарбақтарда және табиғи мекендеу ортасына жақын басқа да жағдайларда ұстау.

3 3. Осы Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық және балық шаруашылығы субъектілеріне қолданылады.

4 4. Сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен реттеледі.

5 5. Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауға:

1 1) шаруашылық мақсаттарда (аңшылық және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды);

2 2) ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие және эстетикалық мақсаттарда;

3 3) олардың тыныс-тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін;

4 4) өсімін молайту мақсатында пайдалану үшін жол беріледі.

Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тиісті жағдайлар жасамай, оларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауға жол берілмейді.

2 2. Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібі

6 6. Жабдықталған торларды, аквариумдарды, террариумдарды, бассейндерді, шарбақтарды және басқа да арнаулы учаскелер мен (немесе) үй-жайларды (бұдан әрі – үй-жайлар) қоса алғанда, жануарларды ұстау үшін жағдайлар болған кезде олар еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұсталады.

7 7. Еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар түріне, жынысына, физиологиялық жай-күйіне байланысты өздерінің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес:

1 1) демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкіндігі үшін кеңістік көлемімен (індер, ұялар, жасырын баспаналар, қалқалар, тоғандар және басқалар);

2 2) қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсенділік таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су ішу қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігімен;

3 3) астаулармен, суаттармен, құстар келіп қонатын сырықтармен және олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған басқа да жабдықтармен;

4 4) жем-шөппен және ішетін сумен;

5 5) зоотехникалық және ветеринариялық іс-шаралармен қамтамасыз етіледі.

8 8. Еріксіз жағдайда ұсталатын жануарлар:

1 1) үй-жайды тыныс-тіршілік өнімдерінен тазарту жүйесімен;

2 2) үй-жайды лас ауаны сыртқа шығарып, желдету және суды аэрациялау жүйесімен, артық суды ағызып жіберетін жабық дренаж жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

9 9. Еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарларға күтім жасау басқа жануарларға зиян келтірмеудің алдын алу шаралары қолданылып және қызмет көрсететін персонал мен келушілердің қауіпсіздік жағдайлары қамтамасыз етіле отырып жүргізіледі.

10 10. Үй-жайлар оңай ашылатын құлыптармен, ілмектермен және басқа да оқшаулау құрылғыларымен, олардың өздігінен ашылып кетіп, жануарлардың үй-жайдан тысқары жерлерге кетіп қалуына жол бермейтін бекіткіштермен жабдықталады.

11 11. Аквариум әйнектерін қабырғаларға, темір және басқа да металл жақтауларға жұмсақ амартизатор төсемдерінсіз орнатуға жол берілмейді.

12 12. Террариумдарда тамашалау терезелері сынбайтын шыныдан немесе басқа да сынбайтын мөлдір полимер материалдардан жасалады.

13 13. Торлар, бассейндер және шарбақтар, үй-жайлардың ішкі және сыртқы қоршаулары жануарлардың өмірі мен саулығына қатер төндірмеуге тиіс.

Қолданыстағы